Фотосуреттерді өшірілуден қорғау
Толық өлшемде қарау, масштабтау және сурет нобайын қарау режимдерінде фотосуреттерді абайсызда өшіріліп қалудан қорғау үшін L (Z/Q) түймешігін пайдалануға болады. Қорғалған файлдарды O (Q) түймешігін немесе қарау мәзіріндегі Delete (Өшіру) параметрін пайдаланып өшіру мүмкін емес. Жад картасы пішімделген кезде қорғалған кескіндер өшірілетінін ескеріңіз (0 Format Memory Card (Жад картасын пішімдеу)).
Фотосуретті қорғау үшін:
-
Кескінді таңдаңыз.
Кескінді толық өлшемде қарау немесе ойнатуды масштабтау режимінде көрсетіңіз немесе оны сурет нобайларының тізімінде белгілеңіз.
-
L (Z/Q) түймешігін басыңыз.
Фотосурет P белгішесімен белгіленеді. Фотосуретті өшіруге болатындай етіп қорғауын алып тастау үшін фотосуретті көрсетіңіз немесе оны сурет нобайларының тізімінде белгілеп, содан кейін L (Z/Q) түймешігін басыңыз.
Барлық кескіндердің қорғауын алып тастау
Playback folder (Ойнату қалтасы) мәзірінде қазіргі уақытта таңдалған қалтадағы немесе қалталардағы барлық кескіндерден қорғауды алу үшін ойнату кезінде L (Z/Q) және O (Q) түймешіктерін бірге шамамен екі секунд бойы басыңыз.