Брекетинг
Брекетинг әр түсірілімде экспозицияны, жарқыл деңгейін, Қосылған D-Lighting (ADL) немесе ақ түс балансын автоматты түрде азғантай өзгертіп, ағымдағы мәнді «қапсырады». Дұрыс параметрлерді алу қиын және әр түсірілімде нәтижелерді тексеру және параметрлерді реттеуге немесе бір нысан үшін әр түрлі параметрлермен тәжірибелер жасауға уақыт болмаған жағдайларда таңдаңыз.
Брекетинг фотосурет түсіру мәзіріндегі төмендегі параметрлерді қамтитын Auto bracketing set (Брекетингті автоматты түрде орнату) параметрін пайдаланып реттеледі:
- AE & flash bracketing (АЭ және жарқыл брекетингі): фотокамера фотосуреттер сериясында экспозиция және жарқыл деңгейін өзгертіп отырады (0 Экспозиция және жарқыл брекетингі). Жарқыл брекетингі тек i-TTL және, қолдау көрсетілетін болса, автоматты апертура (qA) кірістірілген жарқылды басқару режимдерінде қолжетімді екенін ескеріңіз (0 i-TTL жарқылды басқару тетігі, CLS жүйесімен үйлесімді жарқыл бөліктері).
- AE bracketing (АЭ брекетингі): фотокамера фотосуреттер сериясында экспозицияны өзгертіп отырады.
- Flash bracketing (Жарқыл брекетингі): фотокамера фотосуреттер сериясында жарқыл деңгейін өзгертіп отырады.
- WB bracketing (Ақ түс балансының брекетингі): фотокамера әр фотосуреттің бірнеше көшірмесін жасайды, әрқайсысының ақ түс балансы әр түрлі болады (0 Ақ түс балансының брекетингі).
- ADL bracketing (Қосылған D-Lighting брекетингі): фотокамера фотосуреттер сериясында Қосылған D-Lighting мүмкіндігін өзгертіп отырады (0 ADL брекетингі).
Экспозиция және жарқыл брекетингі
Бірнеше фотосуретте экспозиция және/немесе жарқыл деңгейін өзгерту үшін:
-
Түсірілімдер санын таңдаңыз.
BKT түймешігін басып тұрып, басты басқару дискін бұрап брекетинг тізбегіндегі түсірілімдер санын таңдаңыз. Түсірілімдер саны басқару панелінде көрсетіледі.
Нөлден басқа параметрлерде басқару панелінде M белгішесі және экспозиция мен жарқыл брекетингінің индикаторы көрсетіледі және көріністапқышта BKT көрсетіледі.
-
Экспозиция қадамын таңдаңыз.
BKT түймешігін басып тұрып, қосымша басқару дискісін бұрап экспозиция қадамын таңдаңыз.
Әдепкі параметрлерде қадам өлшемін 0,3 (1/3), 0,7 (2/3), 1, 2 және 3 ЭМ арасынан таңдауға болады. 0,3 (1/3) ЭМ қадамдық брекетинг бағдарламалары төмендегі тізімде берілген.
Басқару панелінің дисплейі Түсірілімдер саны Брекетинг реті (ЭМ) 0 0 3 0/+0,3/+0,7 3 0/-0,7/-0,3 2 0/+0,3 2 0/-0,3 3 0/-0,3/+0,3 5 0/–0,7/–0,3/+0,3/+0,7 7 0/–1,0/–0,7/–0,3/+0,3/+0,7/+1,0 9 0/–1,3/–1,0/–0,7/–0,3/+0,3/+0,7/+1,0/+1,3 2 ЭМ немесе одан көбірек экспозиция қадамдары үшін түсірілімдердің ең көп саны 5 екенін ескеріңіз; 1-қадамда жоғарырақ сан таңдалған болса, түсірілімдердің саны 5 деп автоматты түрде орнатылады.
-
Фотосуретті жақтауға алыңыз, фокустаңыз және түсіріңіз.
Фотокамера таңдалған брекетинг бағдарламасына сай экспозицияны және/немесе жарқыл деңгейін әр түсірілімде өзгертеді. Экспозицияға енгізілген өзгерістер экспозиция түзетілімімен енгізілгендерге қосылады (0 Экспозиция түзетілімі).
Брекетинг қосылып тұрғанда, көріністапқышта және басқару панелінде брекетинг процесінің индикаторы көрсетіледі. Әр түсірілімнен кейін индикатордан бір сегмент жойылады.
Брекетингті болдырмау
Брекетингті болдырмау үшін BKT түймешігін басыңыз және брекетинг тізбегіндегі түсірілімдер саны нөл (r) болып, M кеткенше басты басқару дискісін бұраңыз. Соңғы қолданылған бағдарлама келесі рет брекетинг іске қосылғанда қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, брекетингті екі түймешікті басу арқылы қалпына келтіруді (0 Екі түймешікті басу арқылы қалпына келтіру: әдепкі параметрлерді қалпына келтіру) орындап болдырмауға болады, бірақ бұл жағдайда брекетинг бағдарламасы келесі рет брекетинг іске қосылғанда қалпына келтірілмейді.
Сонымен қатар, келесіні қараңыз
Мына туралы ақпарат алу үшін:
- Қадам өлшемін таңдау, A > b2 (EV steps for exposure cntrl (Экспозицияны басқару үшін ЭМ қадамдары), 0 EV steps for exposure cntrl (Экспозицияны басқаруға арналған ЭМ қадамдары)) қолданушы параметрін қараңыз.
- Брекетинг орындалатын ретті таңдау, A > e7 (Bracketing order (Брекетинг реті), 0 Bracketing order (Брекетинг реті)) қолданушы параметрін қараңыз.
- BKT түймешігінің рөлін таңдау, A > f1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау)) > BKT button (BKT түймешігі) + y (0 Custom Control Assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау)) қолданушы параметрін қараңыз.
Экспозиция және жарқыл брекетингі
Үздіксіз төмен жылдамдық, үздіксіз жоғары жылдамдық және тыныш үздіксіз режимдерінде суретке түсіру брекетинг бағдарламасында көрсетілген түсірілімдер саны түсіріліп болғанда кідіреді. Келесі рет ысырманы босату түймешігі басылғанда суретке түсіру жалғасады.
Тізбектегі барлық түсірілімдер түсіріліп болғанша жад картасы толып кетсе, жад картасын ауыстырғаннан немесе жад картасында орын босату үшін түсірілімдер жойылғаннан кейін суретке түсіруді тізбектегі келесі түсірілімнен бастап жалғастыруға болады. Егер тізбектегі барлық түсірілімдер түсірілгенше фотокамера өшірілсе, фотокамера қосылған кезде брекетинг тізбектегі келесі түсірілімнен жалғасады.
Экспозиция брекетингі
Фотокамера ысырма жылдамдығы және апертураны (бағдарламаланған автоматты режим), апертураны (ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим) немесе ысырма жылдамдығын (апертура басымдығы бар автоматты режим, қол экспозиция режимі) өзгертіп, экспозицияны өзгертеді. P, S және A режимдерінде ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері) > Auto ISO sensitivity control (ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару) (0 ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған болса, фотокамераның экспозиция жүйесінің шектерінен асқанда фотокамераны оңтайлы экспозиция үшін ISO сезімталдықты автоматты түрде өзгертіп тұрады; M режимінде фотокамера экспозицияны оңтайлы мәнге мүмкіндігінше жақындату үшін алдымен ISO сезімталдықты автоматты түрде басқаруды пайдаланады, содан кейін ысырма жылдамдығын өзгерту арқылы осы экспозицияны қапсырады. Фотокамераның қолмен реттелетін экспозиция режимінде экспозицияны және жарқыл брекетингін орындау әдісін өзгерту үшін e6 (Auto bracketing (mode M) (Автоматты брекетинг (M режимі)), 0 Auto bracketing (mode M) (Автоматты брекетинг (M режимі))) қолданушы параметрін пайдалануға болады. Жарқыл деңгейін ысырма жылдамдығымен және/немесе апертурамен бірге өзгертіп немесе жарқыл деңгейінің өзін өзгертіп, брекетингті орындауға болады.
Ақ түс балансының брекетингі
Фотокамера әр фотосуреттің бірнеше көшірмесін жасайды, әрқайсысының ақ түс балансы әр түрлі болады.
-
Түсірілімдер санын таңдаңыз.
BKT түймешігін басып тұрып, басты басқару дискін бұрап брекетинг тізбегіндегі түсірілімдер санын таңдаңыз. Түсірілімдер саны басқару панелінде көрсетіледі.
Нөлден басқа параметрлерде басқару панелінде W белгішесі және ақ түс балансы брекетингінің индикаторы көрсетіледі және көріністапқышта BKT көрсетіледі.
-
Ақ түс балансының қадамын таңдаңыз.
BKT түймешігін басып тұрып, қосымша басқару дискін бұрап ақ түс балансын реттеуді таңдаңыз. Әрбір қадам шамамен 5 майредке тең.
1 (5 майред), 2 (10 майред) немесе 3 (15 майред) қадамдарынан таңдаңыз. Жоғарырақ B мәндері көктің көбірек мөлшерлеріне, жоғарырақ A мәндері сарының көбірек мөлшерлеріне сәйкес келеді (0 Ақ түс балансын дәл реттеңіз.). 1 қадамдық брекетинг бағдарламалары төмендегі тізімде берілген.
Басқару панелінің дисплейі Түсірілімдер саны Ақ түс балансының қадамы Брекетинг реті 0 1 0 3 1 B 0/1 B/2B 3 1 A 0/2 A/1 A 2 1 B 0/1 B 2 1 A 0/1 A 3 1 A, 1 B 0/1 A/1 B 5 1 A, 1 B 0/2 A/1 A/1 B/2 B 7 1 A, 1 B 0/3 A/2 A/1 A/1 B/2 B/3 B 9 1 A, 1 B 0/4 A/3 A/2 A/1 A /1 B/2 B/3 B/4 B -
Фотосуретті жақтауға алыңыз, фокустаңыз және түсіріңіз.
Әр түсірілім брекетинг бағдарламасында көрсетілген көшірмелер санын жасау үшін өңделеді, әрі әр көшірменің бөлек ақ түс балансы болады. Ақ түс балансына жасалған өзгерістер ақ түс балансы дәл реттеуімен жасалған ақ түс балансы реттеуіне қосылады.
Брекетинг бағдарламасындағы түсірілімдер саны қалған кадрлар санынан артық болса, басқару панелінде n және әсер етілген картаның белгішесі жыпылықтайды, көріністапқышта j белгішесі жыпылықтайды және ысырманы босату өшіріледі. Жаңа жад картасын салған кезде суретке түсіруді бастауға болады.
Брекетингті болдырмау
Брекетингті болдырмау үшін BKT түймешігін басыңыз және брекетинг тізбегіндегі түсірілімдер саны нөл (r) болып, W кеткенше басты басқару дискісін бұраңыз. Соңғы қолданылған бағдарлама келесі рет брекетинг іске қосылғанда қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, брекетингті екі түймешікті басу арқылы қалпына келтіруді (0 Екі түймешікті басу арқылы қалпына келтіру: әдепкі параметрлерді қалпына келтіру) орындап болдырмауға болады, бірақ бұл жағдайда брекетинг бағдарламасы келесі рет брекетинг іске қосылғанда қалпына келтірілмейді.
Ақ түс балансының брекетингі
Ақ түс балансының брекетингін NEF (RAW) пішіміндегі кескін сапасында пайдалану мүмкін емес. NEF (RAW) немесе NEF (RAW) + JPEG параметрі таңдалса, ақ түс балансының брекетингінен бас тартылады.
Ақ түс балансының брекетингі тек түс температурасына әсер етеді (ақ түс балансы дәл реттеу дисплейіндегі сары-көк білік, 0 Ақ түс балансын дәл реттеңіз.). Жасыл-қою қызыл білікте ешбір реттеулер жасалмайды.
Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимінде брекетинг бағдарламасында көрсетілген көшірмелер саны c3 (Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)) > Number of shots (Түсірілімдер саны) қолданушы параметрі үшін таңдалған параметрге қарамастан, ысырма босатылған сайын жасалады (0 Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)).
Фотокамера жад картасына қатынасу шамы жанып тұрғанда өшірілсе, ол тізбектегі барлық фотосуреттер түсіріліп болғаннан кейін ғана өшеді.
ADL брекетингі
Фотокамера бірнеше экспозиция бойына Қосылған D-Lighting мүмкіндігін өзгертеді.
-
Түсірілімдер санын таңдаңыз.
BKT түймешігін басып тұрып, басты басқару дискін бұрап брекетинг тізбегіндегі түсірілімдер санын таңдаңыз. Түсірілімдер саны басқару панелінде көрсетіледі.
Нөлден басқа параметрлерде басқару панелінде d белгішесі және ADL брекетингінің индикаторы көрсетіледі және көріністапқышта BKT көрсетіледі. Қосылған D-Lighting өшірулі күйде бір фотосурет және екіншісін таңдалған мәнде түсіру үшін екі түсірілімді таңдаңыз. Қосылған D-Lighting Off (Өшірулі), Low (Төмен) және Normal (Қалыпты) (үш түсірілім), Off (Өшірулі), Low (Төмен), Normal (Қалыпты) және High (Жоғары) (төрт түсірілім) немесе Off (Өшірулі), Low (Төмен), Normal (Қалыпты), High (Жоғары) және Extra high (Өте жоғары) (бес түсірілім) күйіне орнатылған кезде фотосуреттер қатарын түсіру үшін үш-бес түсірілімді таңдаңыз. Егер екіден көп түсірілімді таңдаған болсаңыз, 3-қадамға өтіңіз.
-
Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) режимін таңдаңыз.
BKT түймешігін басып тұрып, қосымша басқару дискін бұрап Қосылған D-Lighting режимін таңдаңыз.
Қосылған D-Lighting басқару панелінде көрсетіледі.
-
Фотосуретті жақтауға алыңыз, фокустаңыз және түсіріңіз.
Фотокамера таңдалған брекетинг бағдарламасына сай Қосылған D-Lighting мүмкіндігін әр түсірілімде өзгертеді. Брекетинг қосылып тұрғанда, басқару панелінде брекетинг процесінің индикаторы көрсетіледі. Әр түсірілімнен кейін индикатордан бір сегмент жойылады.
Брекетингті болдырмау
Брекетингті болдырмау үшін BKT түймешігін басыңыз және брекетинг тізбегіндегі түсірілімдер саны нөл (r) болып, d кеткенше басты басқару дискісін бұраңыз. Соңғы қолданылған бағдарлама келесі рет брекетинг іске қосылғанда қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, брекетингті екі түймешікті басу арқылы қалпына келтіруді (0 Екі түймешікті басу арқылы қалпына келтіру: әдепкі параметрлерді қалпына келтіру) орындап болдырмауға болады, бірақ бұл жағдайда брекетинг бағдарламасы келесі рет брекетинг іске қосылғанда қалпына келтірілмейді.
ADL брекетингі
Үздіксіз төмен жылдамдық, үздіксіз жоғары жылдамдық және тыныш үздіксіз режимдерінде суретке түсіру брекетинг бағдарламасында көрсетілген түсірілімдер саны түсіріліп болғанда кідіреді. Келесі рет ысырманы босату түймешігі басылғанда суретке түсіру жалғасады.
Тізбектегі барлық түсірілімдер түсіріліп болғанша жад картасы толып кетсе, жад картасын ауыстырғаннан немесе жад картасында орын босату үшін түсірілімдер жойылғаннан кейін суретке түсіруді тізбектегі келесі түсірілімнен бастап жалғастыруға болады. Егер тізбектегі барлық түсірілімдер түсірілгенше фотокамера өшірілсе, фотокамера қосылған кезде брекетинг тізбектегі келесі түсірілімнен жалғасады.