- D850 онлайн нұсқаулық
- Қарау туралы қосымша ақпарат
- Жақыннан көру: ойнатуды масштабтау
Жақыннан көру: ойнатуды масштабтау
Толық өлшемде қарауда көрсетілген кескінді ұлғайту үшін X түймешігін немесе мульти селектордың ортасын басыңыз, я болмаса, дисплейді екі рет жылдам нұқыңыз. Масштабтау қосулы кезде мына әрекеттерді орындауға болады:
- Ұлғайту немесе кішірейту/кескіннің өзге аумақтарын қарау
-
Ең көбі шамамен 32 есеге (FX/36 × 24 пішіміндегі үлкен кескіндер), 24 есеге (орташа кескіндер) немесе 16 есеге (кішкентай кескіндер) дейін ұлғайту үшін X түймешігін басыңыз немесе созу қимылдарын пайдаланыңыз. Кішірейту үшін W (M) түймешігін басыңыз немесе шымшу қимылдарын пайдаланыңыз. Фотосурет ұлғайтылған кезде, суреттің мониторда көрінбейтін аумақтарын қарау үшін мульти селекторды пайдаланыңыз немесе саусақты экранда сырғытыңыз. Кадрдың басқа аумақтарына жылдам өту үшін мульти селекторды басып тұрыңыз. Масштабтау арақатынасы өзгертілген кезде шарлау терезесі пайда болады; мониторда көрініп тұрған аумақ сары жиекпен белгіленеді. Шарлау терезесінің астындағы жолақ масштабтау арақатынасын көрсетеді; 1 : 1 арақатынасында жасыл болады.
- Кескінді кесу
- Мониторда қазіргі уақытта көрінетін аумақтан кесінді кескінді жасау үшін i түймешігін басыңыз, Quick crop (Жылдам кесу) пәрменін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз. RGB гистограммасы көрсетілгенде Quick crop (Жылдам кесу) қолжетімсіз екенін ескеріңіз (0 Ойнатуды масштабтау).
- Беттерді таңдау
-
Масштабтау кезінде анықталған беттер шарлау терезесінде ақ түсті жиекпен белгіленеді. Басқа беттерді қарау үшін қосымша басқару тетігін бұраңыз немесе экрандық бағыттағышты нұқыңыз.
- Басқа кескіндерді көру
- Ағымдағы масштабтау арақатынасында басқа фотосуреттердегі дәл сол орынды көру үшін басқару дискін бұраңыз, я болмаса, дисплейдің төменгі жағында e немесе f белгішесін нұқыңыз. Бейнефильм көрсетілген кезде ойнатуды масштабтау тоқтатылады.
- Қорғау күйін өзгерту
- Кескіндерді қорғау немесе қорғауды алып тастау үшін L (Z/Q) түймешігін басыңыз (0 Фотосуреттерді өшірілуден қорғау).
- Суретке түсіру режиміне оралу
- Суретке түсіру режиміне оралу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз немесе K түймешігін басыңыз.
- Мәзірлерді көрсету
- Мәзірлерді көру үшін G түймешігін басыңыз (0 Мәзір нұсқаулығы).