XQD жад карталары

Фотокамерада XQD жад карталарын пайдалануға болады. Бейнефильм жазу үшін 45 МБ/с (300×) немесе жақсыраз жазу жылдамдықтары бар карталар ұсынылады; баяуырақ жылдамдықтар жазуды үзуі немесе үзік-үзік, біркелкі емес ойнатуды тудыруы мүмкін. Үйлесімділік және пайдалану туралы ақпарат алу үшін өндірушіге хабарласыңыз.

SD жад карталары

Фотокамера SD, SDHC және SDXC жад карталарын, соның ішінде, UHS-I және UHS-II стандарттарымен үйлесімді SDHC және SDXC карталарын қолдайды. Бейнефильм жазу үшін UHS 3 немесе жақсырақ жылдамдық сыныбымен белгіленген карталар ұсынылады; баяуырақ карталар жазудың үзілуіне әкелуі мүмкін. Жад картасын оқу құралында пайдалану үшін карталарды таңдағанда құрылғымен үйлесімді екеніне көз жеткізіңіз. Мүмкіндіктер, пайдалану және пайдалану шектеулері туралы ақпарат алу үшін өндірушіге хабарласыңыз.