Кері жүктейтін фотосуреттерді таңдау
Смарт құрылғыға кері жүктейтін фотосуреттерді таңдау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. Бейнефильмдерді кері жүктеу үшін таңдау мүмкін емес; фотосуреттер 2 меганүкте өлшемімен кері жүктеледі.
Жекелеген фотосуреттерді таңдау
-
Фотосуретті таңдаңыз.
Фотосуретті көрсетіңіз немесе сурет нобайын қарау кезінде оны сурет нобайлары тізімінде белгілеңіз.
-
Ойнату параметрлерін көрсетіңіз.
Ойнату параметрлерін көрсету үшін i түймешігін басыңыз.
-
Select to send to smart device/deselect (Смарт құрылғыға жіберуді таңдау/таңдауды алу) пәрменін таңдаңыз.
Select to send to smart device/deselect (Смарт құрылғыға жіберу үшін таңдау/таңдауды алу) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Кері жүктеу үшін таңдалған суреттер W белгішесі арқылы көрсетіледі; таңдауды алу үшін кескінді көрсетіңіз немесе белгілеңіз, сөйтіп 2 және 3 қадамдарын қайталаңыз.
Бірнеше фотосуретті таңдау
Бірнеше фотосуреттің кері жүктеу күйін өзгерту үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
-
Select image(s) (Кескін(дер)ді таңдау) пәрменін таңдаңыз.
Ойнату мәзірінде Select to send to smart device (Смарт құрылғыға жіберу үшін таңдау) пәрменін таңдаңыз, содан кейін Select image(s) (Кескін(дер)ді таңдау) пәрменін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз.
-
Фотосуреттерді таңдаңыз.
Фотосуреттерді белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз және таңдау немесе таңдауды алу үшін мульти селектордың ортасын (белгіленген суретті толық экранда көру үшін X түймешігін басып тұрыңыз). Таңдалған фотосуреттер W белгішесімен көрсетіледі.
-
J түймешігін басыңыз.
Әрекетті аяқтау үшін J түймешігін басыңыз.
Фотосуреттердің барлығынан таңдауды алу
Фотосуреттердің барлығынан таңдауды алу үшін ойнату мәзірінде Select to send to smart device (Смарт құрылғыға жіберу үшін таңдау) пәрменін таңдаңыз, Deselect all (Барлығынан таңдауды алу) пәрменін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз. Растау тілқатысу терезесі көрсетіледі; жад картасындағы барлық фотосуреттерден кері жүктеу белгілерін алып тастау үшін Yes (Иә) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз.