Жарқыл туралы ақпаратты көру
Фотокамера фотокамераның керек-жарақтарға арналған құрылғысына бекітілген және оптикалық AWL үшін басты жарқыл ретінде конфигурацияланған SB-5000 және SB-500 жарқыл бөліктері, сонымен бірге WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігін пайдаланып радио AWL арқылы басқарылатын қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктері үшін жарқыл туралы ақпаратты көрсете алады. Көріністапқышпен фотосурет түсіру кезінде жарқыл туралы ақпаратты көру үшін R түймешігін басып түсірілім мәліметін көрсетіңіз, содан кейін R түймешігін қайтадан басыңыз. Көрсетілетін ақпарат жарқылды басқару режиміне қарай өзгеріп отырады.
Жарқыл параметрлерін өзгерту
Жарқыл параметрлерін жарқыл туралы ақпарат дисплейінде i түймешігін басу арқылы өзгертуге болады. Қолжетімді параметрлер жарқыл бөлігіне және таңдалған параметрлерге қарай өзгеріп отырады. Сондай-ақ, жарқылды сынақ ретінде жандыруға болады.
- Group Flash (Топтық жарқыл)
- Quick Wireless Control (Жылдам сымсыз басқару)
- Remote Repeating (Қашықтан қайталау)
Group Flash (Топтық жарқыл)
1 | Жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор 1 |
---|---|
2 |
Remote flash control (Қашықтағы жарқылды басқару) ФЖ индикаторы |
3 | Жарқылды қашықтан басқару режимі 2 |
4 |
Топтық жарқылды басқару режимі 3 Топтық жарқыл режимі Жарқыл деңгейі (шығыс)/жарқыл түзетілімі |
5 | Арна 2 |
6 | Link mode (Байланыс режимі) |
Quick Wireless Control (Жылдам сымсыз басқару)
1 | Жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор 1 |
---|---|
2 |
Қашықтағы жарқылды басқару ФЖ индикаторы |
3 | Жарқылды қашықтан басқару режимі 2 |
4 | A : B арақатынасы |
5 | Flash compensation (Жарқыл түзетілімі) |
6 | C тобының жарқылды басқару режимі және жарқыл деңгейі (шығыс) |
7 | Арна 2 |
8 | Link mode (Байланыс режимі) |
Remote Repeating (Қашықтан қайталау)
1 | Жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор 1 |
---|---|
2 | Remote flash control (Қашықтағы жарқылды басқару) |
3 | Жарқыл деңгейі (шығыс) |
4 | Жарқылды қашықтан басқару режимі 2 |
5 |
Шығару саны (рет) Жиілік |
6 | Топтың күйі (қосылған/өшірілген) |
7 | Арна 2 |
8 | Байланыс режимі |
Радио AWL режимінде барлық жарқыл бөліктері дайын болғанда көрсетіледі.
Оптикалық AWL режимі Y арқылы, радио AWL режимі Z арқылы, біріккен оптикалық және радио AWL режимі Y және Z арқылы көрсетіледі. Біріккен оптикалық және радио AWL үшін оптикалық AWL арнасы тек басты жарқыл ретінде SB-500 пайдаланылғанда көрсетіледі.
Біріккен оптикалық және радио AWL пайдаланылғанда әр топ үшін белгішелер көрсетіледі.
Жарқыл туралы ақпарат және фотокамера параметрлері
Жарқылдың ақпараттық дисплейі таңдалған фотокамера параметрлерін, соның ішінде, экспозиция режимін, ысырма жылдамдығын, апертураны және ISO сезімталдықты көрсетеді.