Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін фотокамераның керек-жарақтарға арналған құрылғысына бекітілген және басты жарқыл ретінде жұмыс істейтін (оптикалық AWL) қосымша жарқыл бөлігінен оптикалық сигналдар арқылы басқаруға болады. Қарастырылып отырған жарқыл бөлігі SB-5000 немесе SB-500 болса, параметрлерді фотокамерадан реттеуге болады («SB-5000/SB-500» бөлімін қараңыз, 0 SB-5000/SB-500); олай болмаса, параметрлерді бөлікпен бірге қамтамасыз етілген құжаттамада сипатталғандай жарқыл бөлігінің басқару элементтерін пайдаланып реттеуге болады. Жарқылды орналастыру туралы ақпаратты және басқа тақырыптарды жарқыл бөліктерімен бірге қамтамасыз етілген құжаттамада қараңыз.

SB-5000/SB-500

Жарқыл бөлігін фотокамераның керек-жарақтарға арналған құрылғысына бекітіңіз және фотосурет түсіру мәзірінде Flash control (Жарқылды басқару) > Wireless flash options (Сымсыз жарқыл параметрлері) үшін Optical AWL (Оптикалық AWL) мәнін таңдаңыз. Group flash (Топтық жарқыл) параметрлерін Flash control (Жарқылды басқару) > Remote flash control (Жарқылды қашықтан басқару) тармағын пайдаланып реттеуге болады; сондай-ақ SB-5000 үшін Remote flash control (Жарқылды қашықтан басқару) элементі Quick wireless control (Жылдам сымсыз басқару) және Remote repeating (Қашықтан қайталау) параметрлерін ұсынады. Қолжетімді параметрлер төменде сипатталған.

SB-5000

SB-5000 жарқылы фотокамераның керек-жарақтарға арналған құрылғысына бекітілген болса, Flash control (Жарқылдыы басқару) параметрлерін жарқыл бөлігіндегі басқару тетіктерін пайдаланып та өзгертуге болады.

Group Flash (Топтық жарқыл)

Бұл параметрді параметрлерді әр топ үшін бөлек реттеу үшін таңдаңыз.

  1. C: Фотосурет түсіру мәзірінде Flash control (Топтық жарқыл) > Remote flash control (Жарқылды қашықтан басқару) үшін Group flash (Топтық жарқыл) мәнін таңдаңыз.

  2. C: Group flash options (Топтық жарқыл параметрлері) параметрін таңдаңыз.

    Жарқылды басқару дисплейінде Group flash options (Топтық жарқыл параметрлері) тармағын белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  3. C: жарқылды басқару режимін таңдаңыз.

    Басты жарқыл және әр топтағы жарқыл бөліктері үшін жарқылды басқару режимін және жарқыл деңгейін таңдаңыз:

    • TTL: i-TTL жарқылды басқару.
    • qA: автоматты апертура (тек үйлесімді жарқыл бөліктерінде қол жетімді).
    • M: жарқыл деңгейін қолмен таңдаңыз.
    • – – (өшірулі): бөліктер жанбайды және жарқыл деңгейін реттеу мүмкін емес.

    Басты жарқыл үшін арнаны таңдаңыз. Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктері SB-500 қамтыса 3-арнаны таңдау керек, олай болмаса, 1 және 4 арасындағы кез келген арнаны таңдауға болады.

  4. f: Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін басты жарқылмен бірдей арнаға орнатыңыз.

    Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін 3-қадамда таңдалған арнаға орнатыңыз.

  5. f: қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін топтаңыз.

    Әрбір қашықтан басқарылатын жарқыл бөлігі үшін топты (A, B немесе C, я болмаса, SB-500 басты жарқылын пайдаланып жатсаңыз, A немесе B) таңдаңыз. Пайдалануға болатын қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерінің санына шектеу болмағанымен, іс жүзіндегі ең жоғары мән — әр топ үшін үш. Бұл саннан көбірек болса, қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктері шығаратын жарық жұмысқа кедергі келтіреді.

  6. C/f: түсірілімді жиектеңіз.

    Түсірілімді жиектеңіз және жарқыл бөліктерін орналастырыңыз. Қосымша ақпаратты жарқыл бөліктерімен бірге қамтамасыз етілген құжаттамадан қараңыз. Бөліктерді орналастырудан кейін жарқылдың жануын тексеру үшін жарқыл бөліктерінде тексеру түймешіктерін басыңыз және бөліктер қалыпты жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз. Сондай-ақ жарқылдың ақпараттық дисплейінде i түймешігін басу (0 Жарқыл параметрлерін өзгерту) және M Test flash (Жарқылды тексеру) пәрменін таңдау арқылы жарқыл бөліктерінің жануын тексеруге болады.

  7. C/f: фотосуретті жақтауға алыңыз, фокустаңыз және суретке түсіріңіз.

Quick Wireless Control (Жылдам сымсыз басқару) (тек SB-5000)

С тобы үшін шығысты қолмен орнату кезінде А және В топтары үшін жалпы жарқыл түзетілімін және олардың арасындағы салыстырмалы балансты басқару үшін осы параметрді таңдаңыз.

  1. C: Фотосурет түсіру мәзірінде Flash control (Жарқылды басқару) > Remote flash control (Жарқылды қашықтан басқару) үшін Quick wireless control (Жылдам сымсыз басқару) мәнін таңдаңыз.

  2. C: Quick wireless control options (Жылдам сымсыз басқару параметрлері) параметрін таңдаңыз.

    Жарқылды басқару дисплейінде Quick wireless control options (Жылдам сымсыз басқару параметрлері) тармағын белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  3. C: жарқыл параметрлерін реттеңіз.

    А және В топтары арасындағы балансты таңдаңыз.

    А және В топтары үшін жарқыл түзетілімін реттеңіз.

    C тобындағы бөліктер үшін жарқылды басқару режимін және жарқыл деңгейін таңдаңыз:

    • M: жарқыл деңгейін қолмен таңдаңыз.
    • – –: C тобындағы бөліктер жанбайды.

    Басты жарқыл үшін арнаны таңдаңыз. Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктері SB-500 қамтыса 3-арнаны таңдау керек, олай болмаса, 1 және 4 арасындағы кез келген арнаны таңдауға болады.

  4. f: Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін басты жарқылмен бірдей арнаға орнатыңыз.

    Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін 3-қадамда таңдалған арнаға орнатыңыз.

  5. f: қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін топтаңыз.

    Топты (A, B немесе C) таңдаңыз.

    Пайдалануға болатын қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерінің санына шектеу болмағанымен, іс жүзіндегі ең жоғары мән — әр топ үшін үш. Бұл саннан көбірек болса, қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктері шығаратын жарық жұмысқа кедергі келтіреді.

  6. C/f: түсірілімді жиектеңіз.

    Түсірілімді жиектеңіз және жарқыл бөліктерін орналастырыңыз. Қосымша ақпаратты жарқыл бөліктерімен бірге қамтамасыз етілген құжаттамадан қараңыз. Бөліктерді орналастырудан кейін жарқылдың жануын тексеру үшін жарқыл бөліктерінде тексеру түймешіктерін басыңыз және бөліктер қалыпты жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз. Сондай-ақ жарқылдың ақпараттық дисплейінде i түймешігін басу (0 Жарқыл параметрлерін өзгерту) және M Test flash (Жарқылды тексеру) пәрменін таңдау арқылы жарқыл бөліктерінің жануын тексеруге болады.

  7. C/f: фотосуретті жақтауға алыңыз, фокустаңыз және суретке түсіріңіз.

Remote Repeating (Қашықтан қайталау) (тек SB-5000)

Бұл параметр таңдалған болса, ысырма ашық кезде жарқыл бөліктері қайта-қайта жанып, бірнеше экспозиция әсерін тудырады.

  1. C: Фотосурет түсіру мәзірінде Flash control (Жарқылды басқару) > Remote flash control (Жарқылды қашықтан басқару) үшін Remote repeating (Қашықтан қайталау) мәнін таңдаңыз.

  2. C: Remote repeating options (Қашықтан қайталау параметрлері) параметрін таңдаңыз.

    Жарқылды басқару дисплейі мәзірінде Remote repeating options (Қашықтан қайталау параметрлері) тармағын белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  3. C: жарқыл параметрлерін реттеңіз.

    Жарқыл деңгейін (Output (Шығыс)), жарқыл бөліктері ең көбі қанша рет жанатынын (Times (Саны)) және жарқыл бөліктері секундына қанша рет жанатынын (Frequency (Жиілік)) таңдаңыз.

    Таңдалған топтарды қосыңыз немесе өшіріңіз. Таңдалған топты қосу үшін ON күйін, таңдалған топты өшіру үшін – – күйін таңдаңыз.

    Басты жарқыл үшін арнаны таңдаңыз. Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктері SB-500 қамтыса 3-арнаны таңдау керек, олай болмаса, 1 және 4 арасындағы кез келген арнаны таңдауға болады.

  4. f: Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін басты жарқылмен бірдей арнаға орнатыңыз.

    Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін 3-қадамда таңдалған арнаға орнатыңыз.

  5. f: қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін топтаңыз.

    Әрбір қашықтан басқарылатын жарқыл бөлігі үшін топты (A, B немесе C) таңдаңыз. Пайдалануға болатын қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерінің санына шектеу болмағанымен, іс жүзіндегі ең жоғары мән — әр топ үшін үш. Бұл саннан көбірек болса, қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктері шығаратын жарық жұмысқа кедергі келтіреді.

  6. C/f: түсірілімді жиектеңіз.

    Түсірілімді жиектеңіз және жарқыл бөліктерін орналастырыңыз. Қосымша ақпаратты жарқыл бөліктерімен бірге қамтамасыз етілген құжаттамадан қараңыз. Бөліктерді орналастырудан кейін жарқылдың жануын тексеру үшін жарқыл бөліктерінде тексеру түймешіктерін басыңыз және бөліктер қалыпты жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз. Сондай-ақ жарқылдың ақпараттық дисплейінде i түймешігін басу (0 Жарқыл параметрлерін өзгерту) және M Test flash (Жарқылды тексеру) пәрменін таңдау арқылы жарқыл бөліктерінің жануын тексеруге болады.

  7. C/f: фотосуретті жақтауға алыңыз, фокустаңыз және суретке түсіріңіз.

Optical AWL (Оптикалық AWL)

Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктеріндегі сенсор терезелерін басты жарқылдан жарықты алатындай орналастырыңыз (әсіресе, фотокамера штативке бекітілмеген болса сақ болу керек). Тік жарық немесе қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерінен қатты шағылысулар фотокамера объективіне (TTL режимінде) немесе қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктеріндегі фотоұяшықтарға (qA режимі) кірмейтініне көз жеткізіңіз, өйткені бұл экспозицияға кедергі келтіруі мүмкін. Басты жарқыл шығаратын қарқындылығы төмен уақытты есептеу жарқылдарының қысқа ауқымда түсірілген фотосуреттерде көрінуін болдырмау үшін төмен ISO сезімталдықтарын немесе кішкентай апертураларды (жоғары f сандары) таңдаңыз. Қашықтан басқарылатын жарқыл бөліктерін орналастырудан кейін сынақ түсірілім түсіріңіз және нәтижелерді фотокамера мониторында көріңіз.