Кескін өлшемі
Кескін өлшемі нүктелермен өлшенеді. # Large (Үлкен), $ Medium (Орташа) немесе % Small (Кішкентай) арасынан таңдаңыз (кескін өлшемі Image area (Кескін аумағы), 0 Кескін аумағы) үшін таңдалған параметрге байланысты өзгеріп отыратынын ескеріңіз:
Кескін аумағы | Параметр | Өлшем (нүктелер) |
---|---|---|
FX (36×24; FX пішімі) | Large (Үлкен) | 8256 × 5504 |
Medium (Орташа) | 6192 × 4128 | |
Small (Кішкентай) | 4128 × 2752 | |
1,2 × (30×20) | Large (Үлкен) | 6880 × 4584 |
Medium (Орташа) | 5152 × 3432 | |
Small (Кішкентай) | 3440 × 2288 | |
DX (24×16; DX пішімі) | Large (Үлкен) | 5408 × 3600 |
Medium (Орташа) | 4048 × 2696 | |
Small (Кішкентай) | 2704 × 1800 | |
5:4 (30×24) | Large (Үлкен) | 6880 × 5504 |
Medium (Орташа) | 5152 × 4120 | |
Small (Кішкентай) | 3440 × 2752 | |
1 : 1 (24×24) | Large (Үлкен) | 5504 × 5504 |
Medium (Орташа) | 4128 × 4128 | |
Small (Кішкентай) | 2752 × 2752 |
JPEG және TIFF пішіміндегі кескіндер үшін кескін өлшемін T түймешігін басу және қажетті параметр басқару панелінде көрсетілгенше қосымша басқару дискін бұрау арқылы орнатылады. NEF (RAW) пішіміндегі кескіндердің өлшемін таңдау үшін фотосурет түсіру мәзіріндегі Image size (Кескін өлшемі) > NEF (RAW) параметрін пайдаланыңыз.
Кескін өлшемі мәзірі
Сондай-ақ JPEG және TIFF пішіміндегі кескіндердің кескін өлшемін фотосурет түсіру мәзіріндегі Image size (Кескін өлшемі) > JPEG/TIFF параметрін пайдаланып реттеуге болады (0 Image size (Кескін өлшемі)). Кішкентай және орташа өлшемді NEF (RAW) пішіміндегі кескіндер NEF (RAW) recording (NEF (RAW) жазу) мәзірінде NEF (RAW) compression (NEF (RAW) сығымдалуы) және NEF (RAW) bit depth (NEF (RAW) түс қалыңдығы) үшін таңдалған параметрлерге қарамастан шығынсыз сығымдалған 12 биттік пішімде жазылады.