Қозғалыстағы жарық көздерінің, жұлдыздардың, түнгі көріністің немесе отшашудың ұзақ экспозициялары үшін мына ысырма жылдамдықтарын таңдаңыз.

  • Қолмен басылу режимі (A): ысырманы босату түймешігі төмен басылып тұрған кезде ысырма ашық болады. Бұлдыратуды болдырмау үшін штатив немесе қосымша сымсыз қашықтан басқару бөлігін (0 Басқа керек-жарақтар) немесе қашықтан басқару сымын пайдаланыңыз.
  • Time (Уақыт) (%): экспозицияны фотокамерадағы ысырманы босату түймешігін, қосымша қашықтан басқару сымын немесе сымсыз қашықтан басқару бөлігін пайдалана отырып бастаңыз. Ысырма түймешік екінші рет басылғанша ашық болып тұрады.

Ысырма жылдамдығы: A (35 секундтық экспозиция)
Апертура: f/25

  1. Фотокамераны дайындаңыз.

    Фотокамераны штативке бекітіңіз немесе оны тұрақты, тегіс орынға қойыңыз.

    Ұзақ экспозициялар

    Фотосуретке көріністапқыш арқылы кіретін жарықтың әсер етуін болдырмау үшін көріністапқыш окулярының ысырмасын жабыңыз (0 Көріністапқыш окулярының ысырмасын жабу). Ысырма ашық кезде қуаттың үзілуін болдырмау үшін Nikon толығымен зарядталған батареяны немесе қосымша айнымалы ток адаперін және қуат жалғағышын пайдалануды ұсынады. Ұзақ экспозицияларда бұрмалану (жарық нүктелер, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер немесе түстердің әркелкілігі) болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Жарық нүктелерді және түстердің әркелкілігін фотосурет түсіру мәзірінде Long exposure NR (Ұзақ экспозиция БА) үшін On (Қосулы) күйін таңдау арқылы азайтуға болады (0 Long exposure NR (Ұзақ экспозиция БА)).

  2. M экспозиция режимін таңдаңыз.

    I түймешігін басыңыз және басқару панелінде M көрсетілгенше басты басқару дискін бұраңыз.

    I түймешігі

    Басты басқару дискі

  3. Ысырма жылдамдығын таңдаңыз.

    Экспозиция өлшегіштері қосылып тұрғанда басты басқару дискін бұрап «Қолмен басылу режимі» (A) немесе «Уақыт режимі» (%) ысырма жылдамдығын таңдаңыз. «Қолмен басылу режимі» (A) немесе «Уақыт режимі» (%) таңдалған кезде экспозиция индикаторлары көрсетілмейді.

    Қолмен басылу режимі

    Уақыт

  4. Ысырманы ашыңыз.

    Қолмен басылу режимі: фокустаудан кейін фотокамерадағы, я болмаса қосымша қашықтан басқару сымындағы немесе сымсыз қашықтан басқару бөлігіндегі ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз. Экспозиция аяқталғанша ысырманы босату түймешігін басып тұрыңыз.

    Уақыт: ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз.

  5. Ысырманы жабыңыз.

    Қолмен басылу режимі: ысырманы босату түймешігінен саусағыңызды алыңыз.

    Уақыт: ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз.