Ысырма жылдамдығы және апертура құлпы
Ысырма жылдамдығының құлпы ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режимде және қолмен реттелетін экспозиция режимінде, апертура құлпы апертура басымдығы бар автоматты режимде және қолмен реттелетін экспозиция режимінде қолжетімді. Ысырма жылдамдығы және апертура құлпы бағдарламаланған автоматты экспозиция режимінде қолжетімді емес.
-
Ысырма жылдамдығын және апертура құлпын фотокамераны басқару элементіне тағайындаңыз.
f1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау), 0 Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау)) қолданушы параметрін пайдаланып Shutter spd & aperture lock (Ысырма жылдамдығы және апертура құлпы) функциясын басқару элементіне тағайындаңыз.
-
Ысырма жылдамдығын және/немесе апертураны құлыптаңыз.
Ысырма жылдамдығы (S және M экспозиция режимдері): таңдалған басқару элементін басыңыз және басты басқару дискін көріністапқышта және басқару панелінде F белгішелері көрсетілгенше бұраңыз.
Ысырма жылдамдығының құлпын ашу үшін басқару элементін басыңыз және басты басқару дискін дисплейлерден F белгішелері кеткенше бұраңыз.
Апертура (A және M экспозиция режимдері): таңдалған басқару элементін басыңыз және қосымша басқару дискін көріністапқышта және басқару панелінде F белгішелері көрсетілгенше бұраңыз.
Апертура құлпын ашу үшін басқару элементін басыңыз және қосымша басқару дискін дисплейлерден F белгішелері кеткенше бұраңыз.
Сонымен қатар, келесіні қараңыз
Ысырма жылдамдығын және/немесе апертураны таңдалған мәндерде құлыптаулы ұстау туралы ақпаратты A > f3 (Shutter spd & aperture lock (Ысырма жылдамдығы және апертура құлпы); 0 Shutter spd & aperture lock (Ысырма жылдамдығы және апертура құлпы)) қолданушы параметрінен қараңыз.