Өңдеу мәзірін көрсету үшін G түймешігін басып, N (өңдеу мәзірі) қойындысын таңдаңыз.

G түймешігі

Өңдеу мәзіріндегі параметрлер бар суреттердің кадр шеттері кесілген немесе өңделген көшірмелерін жасау үшін пайдаланылады. Өңдеу мәзірі фотокамераға фотосуреттер бар жад картасы салынған кезде ғана көрсетіледі.

Тек G түймешігін басу және N қойындысын таңдау арқылы таңдауға болады.

Өңделген кескін немесе түпнұсқа көрсетілгенде тек i түймешігін басу және Retouch (Өңдеу) пәрменін таңдау немесе толық өлшемде қарау режимінде J түймешігін ұстап тұрып, 2 түймешігін басу арқылы көрсетуге болады.

Өңделген көшірмелер жасау

Өңделген көшірме жасау үшін:

  1. Өңдеу мәзірінде элементті таңдаңыз.

    Элементті белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін, таңдау үшін 2 түймешігін басыңыз.

  2. Суретті таңдаңыз.

    Суретті белгілеңіз және J түймешігін басыңыз. Белгіленген суретті толық экранда көру үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз.

    Басқа орындардағы кескіндерді көру үшін W (M) түймешігін басып, қалаған картаны және қалтаны таңдаңыз.

    Өңдеу

    NEF + JPEG кескін сапасы параметрлерінде жазылған фотосуреттердің тек NEF (RAW) пішіміндегі кескіндері ғана өңделеді. Фотокамера өзге құрылғылардың көмегімен жасалған кескіндерді көрсете немесе өңдей алмауы мүмкін.

  3. Өңдеу параметрлерін таңдаңыз.

    Қосымша мәлімет алу үшін таңдалған элементке арналған бөлімді қараңыз. Өңделген көшірмені жасамай шығу үшін G түймешігін басыңыз.

    Мониторды өшіруді кешіктіру

    Қысқа уақыт ішінде ешбір әрекет орындалмаса, монитор өшеді және жұмыс тоқтатылады. Кез келген сақталмаған өзгертулер жоғалады. Монитор қосулы қалатын уақытты арттыру үшін c4 (Monitor off delay (Мониторды өшіруді кешіктіру), 0 c4: Monitor off Delay (мониторды өшіруді кешіктіру)) қолданушы параметрі үшін ұзағырақ мәзірді көрсету уақытын таңдаңыз.

  4. Өңделген көшірме жасаңыз.

    Өңделген көшірме жасау үшін J түймешігін басыңыз. Өңделген көшірмелер & белгішесімен көрсетіледі.

Ағымдағы кескінді өңдеу

Ағымдағы кескіннің өңделген көшірмесін жасау үшін i түймешігін басыңыз және Retouch (Өңдеу) пәрменін таңдаңыз немесе J түймешігін ұстап тұрып, 2 түймешігін басыңыз.

Көшірмелерді өңдеу

Параметрлердің көпшілігін басқа өңдеу параметрлерін пайдаланып жасалған көшірмелерге қолдануға болады, дегенмен (Image overlay (Кескін үстіне қабаттау) және Trim movie (Бейнефильмнің кадр шеттерін кесу) параметрлерін қоспағанда) әр параметрді тек бір рет қолдануға болады (бірнеше рет өңдеу кішігірім элементтердің жоғалуына әкелуі мүмкін екенін ескеріңіз). Ағымдағы кескінге қолдану мүмкін емес параметрлер сұр түспен көрсетіледі және қолжетімсіз болады.

Кескін сапасы мен өлшемі

Trim (Кадр шеттерін кесу) және Resize (Өлшемін өзгерту) арқылы жасалған көшірмелер жағдайын қоспағанда көшірмелердің өлшемі түпнұсқамен бірдей болады. JPEG пішіміндегі кескіндерден жасалған көшірмелердің сапасы түпнұсқамен бірдей болады, ал NEF (RAW) және TIFF (RGB) пішіміндегі кескіндерден жасалғандары JPEG fine (JPEG сапалы) пішімінде сақталады.