Экспозицияны реттеу кезінде фотокамераның ысырма жылдамдығын және апертураны орнату әдісін анықтау үшін I түймешігін басыңыз және басқару панелінде қажет параметр көрсетілгенше басты басқару дискін бұраңыз.

I түймешігі

Басты басқару дискі

Объектив түрлері

Кірістірілген микропроцессоры бар объективті апертура сақинасымен пайдаланған кезде (0 Кірістірілген микропроцессоры бар және G, Е және D түріне жататын объективтерді тану) апертура сақинасын ең аз апертурада (ең жоғарғы f саны) құлыптаңыз. G және Е түріне жататын объективтер апертура сақинасымен жабдықталмайды.

Микропроцессормен жабдықталмаған объективтерді пайдаланғанда (0 Микропроцессормен жабдықталмаған объективтер) A (апертура басымдығы бар автоматты режим) немесе M (қол режимі) экспозиция режимін таңдаңыз. Басқа режимдерде микропроцессормен жабдықталмаған объектив жалғанған болса, A экспозиция режимі автоматты түрде таңдалады (0 Үйлесімді микропроцессормен жабдықталмаған объективтер). Экспозиция режимінің индикаторы (P немесе S) басқару панелінде жыпылықтайды және көріністапқышта A көрсетіледі.

Анық түсірілетін кеңістік тереңдігін алдын-ала қарау

Апертура әсерлерін алдын-ала қарау үшін Pv түймешігін басып тұрыңыз. Объектив фотокамера таңдаған апертура мәнінде (P және S режимдері) немесе қолданушы таңдаған мәнде (A және M режимдері) тоқтап, анық түсірілетін кеңістік тереңдігін көріністапқышта алдын-ала қарауға мүмкіндік береді.

Pv түймешігі

e5 қолданушы параметрі—Modeling Flash (Кескінді қалыптастыруға арналған жарқыл)

Бұл параметр Nikon Creative Lighting System (CLS; 0 Nikon шығармашыл жарық жүйесі (CLS)) қолдайтын қосымша жарқылы бөліктері Pv түймешігі басылған кезде кескінді қалыптастыруға арналған жарқыл шығарылатын-шығарылмайтынын басқарады.

P: Programmed Auto (Бағдарламаланған автоматты режим)

Бұл режимде фотокамера ысырма жылдамдығын және аператураны жағдайлардың көпшілігінде оңтайлы экспозицияны қамтамасыз ету үшін бекітілген бағдарламаға сәйкес автоматты түрде реттеп отырады.

Икемді бағдарлама

P экспозиция режимінде экспозиция өлшегіштері қосылып тұрғанда, ысырма жылдамдығы мен апертураның түрлі тіркесімдерін басқару дискін бұрау арқылы таңдауға болады («икемді бағдарлама»). Тіркесімдердің барлығы бірдей экспозицияны береді. Икемді бағдарлама қосылып тұрғанда басқару панелінде жұлдызша («U») көрсетіледі. Әдепкі ысырма жылдамдығы мен апертура параметрлерін қалпына келтіру үшін дискіні жұлдызша дисплейден жоғалғанша бұраңыз, басқа режимді таңдаңыз немесе фотокамераны өшіріңіз.

Басты басқару дискі

Сонымен қатар, келесіні қараңыз

Экспозиция өлшегіштерін іске қосу туралы ақпаратты «Күту режимінің таймері (көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру)» бөлімінен (0 Күту режимінің таймері (көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру)) қараңыз.

S: Shutter-Priority Auto (Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим)

Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режимде ысырма жылдамдығын фотокамера оңтайлы экспозицияны беретін апертураны автоматты түрде таңдап жатқан кезде таңдауға болады.

Ысырма жылдамдығын таңдау үшін экспозиция өлшегіштер қосылғанша басты басқару дискін бұраңыз. Ысырма жылдамдығын «p» мәніне немесе 30 с және 1/8000 с арасындағы мәндерге орнатуға болады. Ысырма жылдамдығын таңдалған параметрде құлыптауға болады (0 Ысырма жылдамдығы және апертура құлпы).

Басты басқару дискі

A: Aperture-Priority Auto (Апертура басымдығы бар автоматты режим)

Апертура басымдығы бар автоматты режимде сіз апертураны таңдайсыз, ал фотокамера оңтайлы экспозиция шығаратын ысырма жылдамдығын автоматты түрде таңдайды.

Объективтің ең төмен және ең жоғары мәндері арасындағы бір апертураны таңдау үшін қосымша басқару дискін экспозиция өлшегіштері қосылып тұрғанда бұраңыз. Апертураны таңдалған параметрде құлыптауға болады (0 Ысырма жылдамдығы және апертура құлпы).

Қосымша басқару дискі

Микропроцессормен жабдықталмаған объективтер (0 Үйлесімді микропроцессормен жабдықталмаған объективтер)

Объективтің апертура сақинасын апертураны реттеу үшін пайдаланыңыз. Микропроцессормен жабдықталмаған объектив жалғанғанда объективтің максималды апертурасы баптау мәзіріндегі Non-CPU lens data (Микропроцессормен жабдықталмаған объектив деректері) (0 Микропроцессормен жабдықталмаған объективтер) элементін пайдаланып көрсетілген болса, ағымдағы f саны көріністапқыш пен басқару панелінде ең жақын нүктеге дейін дөңгелектелген күйде көрсетіледі. Әйтпесе апертура дисплейлері тек тоқтаулар санын көрсетеді (F, максималды апертура FA) түрінде көрсетіледі және f санын объективтің апертура сақинасынан оқу керек.

M: Manual (Қол режимі)

Қолмен реттелетін экспозиция режимінде ысырма жылдамдығын да, апертураны да басқарасыз. Экспозиция өлшегіштері қосылып тұрғанда, басты басқару дискін бұрап ысырма жылдамдығын таңдаңыз, ал қосымша басқару дискін бұрап аператураны орнатыңыз. Ысырма жылдамдығын «p» күйіне немесе 30 с және 1/8000 с арасындағы мәндерге орнатуға, я болмаса ысырманы ұзақ экспозиция үшін шексіз ашық ұстауға болады (A немесе %, 0 Ұзақ экспозициялар (тек M режимі)). Апертураны объективтің ең төмен мен ең жоғары мәндері арасындағы мәндерге орнатуға болады. Экспозицияны тексеру үшін экспозиция индикаторларын пайдаланыңыз.

Апертура

Қосымша басқару дискі

Ысырма жылдамдығы

Басты басқару дискі

Ысырма жылдамдығын және апертураны таңдалған параметрде құлыптауға болады (0 Ысырма жылдамдығы және апертура құлпы).

AF Micro NIKKOR объективтері

Тек сыртқы экспозиция өлшегішін пайдаланған жағдайда, экспозиция қатынасын апертураны орнату үшін объективтің апертура сақинасы пайдаланылғанда ғана ескеру қажет.

Экспозиция индикаторлары

Көріністапқыштағы жəне басқару панеліндегі экспозиция индикаторлары ағымдағы параметрлерде фотосурет жарық көзінде кем ұсталатынын немесе артық ұсталатынын көрсетеді. b2 (EV steps for exposure cntrl (Экспозицияны басқару үшін ЭМ қадамдары), 0 EV steps for exposure cntrl (Экспозицияны басқаруға арналған ЭМ қадамдары)) қолданушы параметрі үшін таңдалған параметрге байланысты жарық көзінде кем ұстау немесе артық ұстау мөлшері 1/3 ЭМ, 1/2 ЭМ немесе 1 ЭМ артуларымен көрсетіледі. Экспозицияны өлшеу жүйесінің шектері асырылса, индикатор жыпылықтайды.

  b2 қолданушы параметрі 1/3 step (1/3 қадам) мәніне орнатылған
Оңтайлы экспозиция 1/3 ЭМ мәніне жарық көзінде кем ұсталған 3 ЭМ мәніне жарық көзінде артық ұсталған
Басқару панелі
Көріністапқыш

Сонымен қатар, келесіні қараңыз

Теріс мәндер оң жақта, ал оң мәндер сол жақта көрсетілетін етіп экспозиция индикаторларын ауыстыру туралы ақпаратты A > f7 (Reverse indicators (Кері индикаторлар), 0 Reverse indicators (Кері индикаторлар)) қолданушы параметрінен қараңыз.