Фотосуреттерді өшіру
Ағымдағы фотосуретті өшіру үшін O (Q) түймешігін басыңыз. Бірнеше таңдалған фотосуретті өшіру үшін ойнату мәзіріндегі Delete (Өшіру) пәрменін пайдаланыңыз. Өшірілгеннен кейін фотосуреттерді қалпына келтіру мүмкін емес. Қорғалған немесе жасырын суреттерді өшіру мүмкін емес екенін ескеріңіз.
Қарау кезінде
Ағымдағы фотосуретті өшіру үшін O (Q) түймешігін басыңыз.
-
O (Q) түймешігін басыңыз.
Растау тілқатысу терезесі көрсетіледі.
-
O (Q) түймешігін қайтадан басыңыз.
Фотосуретті өшіру үшін O (Q) түймешігін басыңыз. Фотосуретті өшірмей шығу үшін K түймешігін басыңыз.
Сонымен қатар, келесіні қараңыз
Кескін өшірілгеннен кейін көрсетілетін кескінді таңдау туралы ақпаратты D > After delete (Өшіруден кейін) (0 After delete (Өшіргеннен кейін)) тармағында қараңыз.
Қарау мәзірі
Ойнату мәзіріндегі Delete (Өшіру) параметрі келесі параметрлерді қамтиды. Кескіндер санына қарай өшіру үшін белгілі бір уақыт қажет болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Selected (Таңдалғандар): таңдалған фотосуреттерді өшіру
-
Delete (Өшіру) > Selected (Таңдалғандар) тармағын таңдаңыз.
Ойнату мәзірінде Delete (Өшіру) пәрменін таңдаңыз. Selected (Таңдалғандар) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Суретті белгілеңіз.
Суретті белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз (белгіленген суретті толық экранда көру үшін X түймешігін басып тұрыңыз).
-
Белгіленген суретті таңдаңыз.
Белгіленген суретті таңдау үшін мульти селектордың ортасын басыңыз. Таңдалған суреттер O белгішесімен белгіленеді. Басқа суреттерді таңдау үшін 2-ші және 3-ші қадамдарды қайталаңыз; сурет таңдауын алып тастау үшін оны белгілеп, мульти селектордың ортасын басыңыз.
-
Әрекетті аяқтау үшін J түймешігін басыңыз.
Растау тілқатысу терезесі көрсетіледі; Yes (Иə) жауабын белгілеп, J түймешігін басыңыз.