Жарқыл режимдері
Фотокамера мына жарқыл режимдеріне қолдау көрсетеді:
Y белгішесі жарқыл бөлігі қызыл көз әсерін азайтуға қолдау көрсетпегенде жыпылықтайды.
Баяу синхрондау мүмкіндігі бар қызыл көз әсерін азайту тек P және A экспозиция режимдерінде қол жетімді. Ал S және M экспозиция режимдерінде баяу синхрондау мүмкіндігі бар қызыл көз әсерін азайту қызыл көз әсерін азайтуға айналады.
Тек P және A экспозиция режимдерінде қолжетімді. S және M режимдерінде баяу синхрондау алдыңғы пердемен синхрондауға айналады.
P және A экспозиция режимдерінде W (M) түймешігі босатылған кезде жарқылды синхрондау режимі артқы пердемен баяу синхрондауға орнатылады.
Жарқыл режимін таңдау
Жарқыл режимін таңдау үшін W (M) түймешігін басып, қажетті жарқыл режимі басқару панелінде таңдалғанша басты басқару дискін бұраңыз:
Студия жарқыл жүйелері
Артқы пердемен синхрондауды студия жарқыл жүйелерімен пайдалану мүмкін емес, себебі дұрыс синхрондауға қол жеткізу мүмкін емес.