Ақ түс балансын дәл реттеу
K (Choose color temp. (Түс температурасын таңдау)) параметрінен басқа параметрлерде ақ түс балансын жарық көзінің түсіндегі өзгерістерді түзету немесе кескінге түс реңкін әдейі енгізу үшін «дәл реттеуге» болады.
-
Дәл реттеу параметрлерін көрсетіңіз.
Ақ түс балансы параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз (қосымша мәзір көрсетілсе, дәл реттеу параметрлерін көрсету үшін қажетті параметрді таңдап, 2 түймешігін қайтадан басыңыз; алдын-ала қолмен орнатылған ақ түс балансын дәл реттеу туралы ақпаратты «Ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәнін дәл реттеу», (0 Ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәнін дәл реттеу) бөлімінен қараңыз).
-
Ақ түс балансын дәл реттеңіз.
Ақ түс балансын дәл реттеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз. Ақ түс балансын сары (A)–көк (B) білігінде 0,5 қадамдарымен және жасыл (G)–қою қызыл (M) білігінде 0,25 қадамдарымен дәл реттеуге болады. Көлденең (сары-көк) білік түс температурасына сәйкес келеді, ал тік (жасыл-қою қызыл) білікте сәйкес түс түзетілімі (CC) сүзгілеріне ұқсас әсерлер бар. Көлденең білік шамамен 5 майредке тең қадамдармен, тік білік шамамен 0,05 диффузиялық тығыздық бірліктерінің қадамдарымен белгіленген.
-
J түймешігін басыңыз.
J түймешігін басып параметрлерді сақтаңыз, сөйтіп фотосурет түсіру мәзіріне оралыңыз. Ақ түс балансы дәл реттелген болса, басқару панелінде жұлдызша («U») көрсетіледі.
Тікелей көріністе дәл реттеу
Тікелей көрініс кезінде ақ түс балансын дәл реттеу үшін мульти селекторды пайдаланып жатқанда U түймешігін басыңыз. Сары–көк 4 немесе 2 түймешігін және жасыл–қою қызыл үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз.
Ақ түс балансын дәл реттеу
Дәл реттеу біліктеріндегі түстер абсолютті емес, салыстырмалы болып келеді. Мысалы, ақ түс балансы үшін J (Incandescent (Қызу бөлетін шам)) сияқты «жылы» параметр таңдалған кезде меңзерді B (көк) түске жылжыту фотосуреттерді азғантай «суықтау» етеді, бірақ шын мәнінде оларды көк етпейді.
«Майред»
Түс температурасына енгізілген кез келген өзгеріс жоғары түс температураларына қарағанда төмен түс температураларында көбірек айырмашылықтың пайда болуына себеп болады. Мысалы, 1000 K өзгерісі түсте 6000 K мәнімен салыстырғанда 3000 K мәнінде әлдеқайда үлкенірек өзгеріске әкеледі. Түс температурасының инверсиясын 106 көбейту арқылы есептелетін майред — осындай құбылуды есепке алатын түс температурасының өлшемі, осылайша түс температурасының түзетілімі сүзгілерінде пайдаланылатын бірлік болып табылады. Мысалы:
- 4000 K – 3000 K (айырмашылық: 1000 K) = 83 майред
- 7000 K – 6000 K (айырмашылық: 1000 K) = 24 майред