Алдын-ала қолмен енгізілген мəн
Алдын-ала қолмен енгізілген мән аралас жарық жағдайында сурет түсіруге арналған ақ түс балансы баптауларын жазу және қайта пайдалану немесе мықты түс реңдері бар жарық көздерін түзету үшін пайдаланылады. Фотокамера d-1 мен d-6 арасындағы алдын-ала енгізілген мәндер түрінде ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәні үшін алтыға дейін мәнді сақтай алады. Ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәнін орнатудың екі әдісі бар:
Ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәндері
Ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәндеріне енгізілген өзгертулер фотосурет түсіру мәзірінің бүкіл жинақтарына қолданылады (0 Photo shooting menu bank (Фотосурет түсіру мәзірінің жинағы)).
- Көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру
- Тікелей көрініс (нүктелі ақ түс балансы)
- Алдын-ала енгізілген мәндерді басқару
Көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру
-
Эталондық нысанға жарық түсіріңіз.
Ақырғы фотосуретте пайдаланылатын жарық астына бейтарап сұр немесе ақ түсті нысанды қойыңыз. Студия параметрлерінде анықтамалық нысан ретінде стандартты сұр тақтаны пайдалануға болады. Ақ түс балансын өлшеген кезде экспозицияның 1 ЭМ-ге автоматты түрде артатынын ескеріңіз; M экспозиция режимінде экспозиция индикаторы ±0 мәнін көрсетуі үшін экспозицияны реттеңіз (0 Экспозиция индикаторлары).
-
Ақ түс балансын L (Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән)) күйіне орнатыңыз.
U түймешігін басыңыз және басқару панелінде L көрсетілгенше басты басқару дискін бұраңыз.
-
Алдын-ала енгізілген мәнді таңдаңыз.
U түймешігін басып, қосымша басқару дискін басқару панелінде қажет ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәні (d-1-d-6) көрсетілгенше бұраңыз.
-
Тікелей өлшеу режимін таңдаңыз.
U түймешігін қысқа уақытқа босатып, содан кейін бұл түймешікті басқару панелінде L белгішесі жыпылықтай бастағанша басыңыз. Сондай-ақ көріністапқышта жыпылықтап тұрған D көрсетіледі.
-
Ақ түс балансын өлшеңіз.
Индикаторлар жыпылықтауын тоқтатқанға бірнеше секундқа дейін анықтамалық нысанды көріністапқышқа толық кіретіндей етіп жақтауға алып, ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз. Фотокамера ақ түс балансының мәнін өлшеп, оны 3-қадамда таңдалған алдын-ала енгізілген мәнде сақтайды. Ешқандай фотосурет жазылмайды; ақ түс балансын фотокамера фокуста болмаған кезде де дәл өлшеуге болады.
-
Нәтижелерді тексеріңіз.
Фотокамера ақ түс балансының мәнін өлшей алған болса, басқару панелінде C жыпылықтайды, ал көріністапқышта жыпылықтаған a көрсетіледі. Суретке түсіру режиміне шығу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
Егер жарық тым қараңғы немесе тым ашық болса, фотокамера ақ түс балансын өлшей алмауы мүмкін. Жыпылықтап тұрған b a басқару панелінде және көріністапқышта көрсетіледі. Ысырманы босату түймешігін жартылай басып 5-қадамға оралып, ақ түс балансын қайта өлшеңіз.
Алдын-ала қолмен орнатылған ақ түс балансын өлшеу (көріністапқыш арқылы фотосурет түсіру)
Даралай түсірілетін бейнефильмді жазу кезінде я HDR фотосуретін немесе бірнеше экспозицияны түсіріп жатқанда алдын-ала қолмен орнатылған ақ түс балансын өлшеу мүмкін емес.
Тікелей өлшеу режимі
Көріністапқыш арқылы фотосурет түсіріп, дисплейлер жыпылықтап тұрған кезде ешбір әрекет орындалмаса, тікелей өлшеу режимі с2 (Standby timer (Күту режимінің таймері), 0 Standby timer (Күту режимінің таймері)) қолданушы параметрі үшін таңдалған уақытта аяқталады.
Қорғалған алдын-ала енгізілген мәндер
Ағымдағы алдын-ала енгізілген мән қорғалған (0 Қорғау) болса, басқару панелі мен көріністапқышта жаңа мәнді өлшеу әрекеті жасалғанда 3 жыпылықтайды.
Алдын-ала енгізілген мәнді таңдау
Фотосурет түсіру мәзірінде White balance (Ақ түс балансы) параметрі үшін Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән) таңдалса, ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәндері көрсетіледі; алдын-ала енгізілген мәнді белгілеп, J түймешігін басыңыз. Таңдалған ағымдағы алдын-ала енгізілген мән жоқ болса, ақ түс балансы 5200 K мәніне, Direct sunlight (Тік күн сәулелері) параметрімен бірдей орнатылады.
Тікелей көрініс (нүктелі ақ түс балансы)
Тікелей көрініс кезінде (0 Тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру, Бейнефильмдерді жазу), ақ түс балансын кадрдың таңдалған аумағында өлшеуге болады, бұл анықтамалық нысанды дайындаудың немесе телефото фотосурет түсіру кезінде объективтерді ауыстырудың қажеттілігін жояды.
-
a түймешігін басыңыз.
Айна көтеріліп, объективтегі көрініс фотокамера мониторында көрсетіледі.
-
Ақ түс балансын L (Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән)) күйіне орнатыңыз.
U түймешігін басыңыз және мониторда L көрсетілгенше басты басқару дискін бұраңыз.
-
Алдын-ала енгізілген мәнді таңдаңыз.
U түймешігін басып, қосымша басқару дискін мониторда қажет ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәні (d-1-d-6) көрсетілгенше бұраңыз.
-
Тікелей өлшеу режимін таңдаңыз.
U түймешігін қысқа уақытқа босатып, содан кейін бұл түймешікті мониторда L белгішесі жыпылықтай бастағанша басыңыз. Нүктелі ақ түс балансының нысанасы (r) таңдалған фокустау нүктесінде көрсетіледі.
-
Нысананы ақ немесе сұр аумақтың үстіне қойыңыз.
Дисплейде L жыпылықтап тұрғанда, мульти селекторды пайдаланып нысанның ақ немесе сұр аумағына r орналастырыңыз. Нысана айналасындағы аумақты дәлірек орналастыру мақсатында ұлғайту үшін X түймешігін басыңыз. Сондай-ақ мониторда нысанды нұқу арқылы ақ түс балансын кадрда кез келген жерде өлшеуге болады. Бұл жағдайда 6-қадамда сипатталғандай мульти селектордың ортасын немесе ысырманы босату түймешігін басу қажет емес.
-
Ақ түс балансын өлшеңіз.
Ақ түс балансын өлшеу үшін мульти селектордың ортасын басыңыз немесе ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз (ақ түс балансын кадрдың кез келген жерінде мониторда нысанды нұқу арқылы өлшеуге болады). Ақ түс балансын өлшеу үшін қолжетімді уақыт — c4 (Monitor off delay (Мониторды өшіруді кешіктіру)) > Live view (Тікелей көрініс) (0 Monitor off delay (Мониторды өшіруді кешіктіру)) қолданушы параметрі үшін таңдалған мән.
Егер фотокамера ақ түс балансын өлшей алмаса, хабар көрсетіледі. Жаңа ақ түс балансының нысанасын таңдап, процесті 5-қадамнан бастап қайталаңыз.
-
Тікелей өлшеу режимінен шығыңыз.
Тікелей өлшеу режимінен шығу үшін U түймешігін басыңыз.
Ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәндерін фотосурет немесе бейнефильм түсіру мәзірінде White balance (Ақ түс балансы) үшін Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән) параметрін таңдау арқылы көруге болады. Алдын-ала енгізілген ақ түс балансын өлшеу үшін пайдаланылатын нысаналардың орны тікелей көрініс кезінде жазылған алдын-ала енгізілген мәндерде көрсетіледі.
Алдын-ала қолмен орнатылған ақ түс балансын өлшеу (тікелей көрініс)
HDR экспозициясы орындалып жатқанда (0 Жоғары динамикалық ауқым (HDR)) немесе i түймесінің мәзірінде Photo live view display WB (Фотосуреттің тікелей көрініс дисплейінің ақ түс балансы) үшін None (Жоқ) дегеннен басқа параметр таңдалған кезде алдын ала енгізілген қолмен реттелетін ақ түс балансын өлшеу мүмкін емес (0 i түймешігін пайдалану).
Алдын-ала енгізілген мәндерді басқару
Фотосуреттен ақ түс балансын көшіру
Ақ түс балансының мәнін бар фотосуреттен таңдалған алдын-ала енгізілген мәнге көшіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
-
Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән) параметрін таңдаңыз.
Фотосурет түсіру мәзірінде White balance (Ақ түс балансы) параметрін таңдаңыз да, Preset manual (Алдын-ала қолмен енгізілген мән) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Межелі орынды таңдаңыз.
Межелі орынның алдын-ала енгізілген мәнін (d-1–d-6) белгілеп, мульти селектордың ортасын басыңыз.
-
Select image (Кескін таңдау) пәрменін таңдаңыз.
Select image (Кескін таңдау) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Бастапқы кескінді белгілеңіз.
Бастапқы кескінді белгілеңіз. Белгіленген кескінді толық өлшемде қарау үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз.
Басқа орындардағы кескіндерді көру үшін W (M) түймешігін басып, қажетті картаны және қалтаны таңдаңыз (0 Ойнатуды басқару тетіктері).
-
Ақ түс балансын көшіріңіз.
J түймешігін басып белгіленген фотосуреттің ақ түс балансы мәнін таңдалған алдын-ала енгізілген мәнге көшіріңіз. Белгіленген фотосуреттің түсіндірмесі (0 Image comment (Кескін туралы аңғартпа)) бар болса, ол таңдалған алдын-ала енгізілген мәннің түсіндірмесіне көшіріледі.
Ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәнін дәл реттеу
Таңдалған алдын-ала енгізілген мәнді Fine-tune (Дәл реттеу) параметрін таңдап және «Ақ түс балансын дәл реттеу» (0 Ақ түс балансын дәл реттеңіз.) бөлімінде сипатталғандай ақ түс балансын реттеп дәл реттеуге болады.
Аңғартпаны өңдеу
Ағымдағы ақ түс балансының алдын-ала енгізілген мәні үшін 36 таңбаға дейінгі сипаттағыш аңғартпаны енгізу үшін алдын-ала қолмен орнатылған ақ түс балансы мәзірінде Edit comment (Аңғартпаны өңдеу) пәрменін таңдаңыз және аңғартпаны енгізіңіз (0 Мәтін енгізу).
Қорғау
Ағымдағы ақ түс балансының алдын-ала қолмен енгізілген мәнін қорғау үшін алдын-ала қолмен орнатылған ақ түс балансы мәзірінде Protect (Қорғау) параметрін таңдаңыз да, On (Қосулы) күйін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз. Қорғалған алдын-ала енгізілген мәндерді өзгерту мүмкін емес әрі Fine-tune (Дәл реттеу) және Edit comment (Аңғартпаны өңдеу) параметрлерін пайдалану мүмкін емес.