Қате туралы хабарлар
Бұл бөлімде көріністапқышта, басқару панелінде және мониторда пайда болатын индикаторлар және қате туралы хабарлар тізімі көрсетілген.
Басқару панелі | Көріністапқыш |
---|---|
B (жыпылықтайды) |
B (жыпылықтайды) |
Объективтің апертура сақинасы минималды апертураға орнатылмаған. Сақинаны минималды апертураға (ең жоғары f саны; 0 Объектив түрлері) орнатыңыз. |
Басқару панелі | Көріністапқыш |
---|---|
H | d |
Батарея заряды төмен. Толығымен зарядталған қосалқы батареяны дайындаңыз (0 Батареяны зарядтау, Батарея зарядының деңгейі). |
Басқару панелі | Көріністапқыш |
---|---|
H (жыпылықтайды) |
d (жыпылықтайды) |
Батарея таусылған. Батареяны зарядтаңыз немесе ауыстырыңыз (0 Батареяны зарядтау, Батарея зарядының деңгейі, Басқа керек-жарақтар). Батареяны пайдалану мүмкін емес. Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз. Қатты таусылған қайта зарядталатын литий-ионды батарея немесе үшінші тарап батареясы фотокамераға немесе MB-D18 қосымша бірнеше қуат көздерін пайдалануға мүмкіндік беретін әмбебап батарея жинағына салынған. Батареяны ауыстырыңыз немесе қайта зарядталатын литий-ионды батарея таусылса, батареяны зарядтаңыз. Батарея температурасы жоғары. Батареяны алып, салқындауын күтіңіз. |
Басқару панелі | Көріністапқыш |
---|---|
F | F |
Ешқандай объектив орнатылмаған немесе микропроцессормен жабдықталмаған объектив максималды апертураны көрсетпей орнатылған. Апертура максималды апертурадан алынған нүктелерде көрсетілген. Максималды апертура көрсетілсе, апертура мәні көрсетіледі (0 Микропроцессормен жабдықталмаған объективтер). |
Басқару панелі | Көріністапқыш |
---|---|
— | F H (жыпылықтайды) |
Фотокамера автофокустау мүмкіндігінің көмегімен фокустай алмайды. Кадр жиектемесін өзгертіңіз немесе қолмен фокустаңыз (0 «Бағытта да, түсір» арқылы фотосурет түсіру, Қолмен реттелетін фокус). |
Басқару панелі | Көріністапқыш |
---|---|
(Экспозиция индикаторлары және ысырма жылдамдығы немесе апертура дисплейі жыпылықтайды) | |
Нысан тым жарық; фотосурет жарық көзінде артық ұсталады.
Нысан тым күңгірт; фотосурет жарық көзінде кем ұсталады.
|
Басқару панелі | Көріністапқыш |
---|---|
A (жыпылықтайды) |
A (жыпылықтайды) |
S экспозиция режимінде A таңдалған. Ысырманың жылдамдығын өзгертіңіз немесе қолмен реттелетін экспозиция режимін таңдаңыз (0 S: Shutter-Priority Auto (Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим), M: Manual (Қол режимі)). |
Басқару панелі | Көріністапқыш |
---|---|
% (жыпылықтайды) |
% (жыпылықтайды) |
S экспозиция режимінде % таңдалған. Ысырманың жылдамдығын өзгертіңіз немесе қолмен реттелетін экспозиция режимін таңдаңыз (0 S: Shutter-Priority Auto (Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим), M: Manual (Қол режимі)). |
Басқару панелі | Көріністапқыш |
---|---|
1 (жыпылықтайды) |
k (жыпылықтайды) |
Өңдеу орындалуда. Өңдеу аяқталғанша күтіңіз. |
Басқару панелі | Көріністапқыш |
---|---|
— | c (жыпылықтайды) |
Жарқыл жанғаннан кейін индикатор 3 секунд бойы жыпылықтаса, фотосурет жарық көзінде кем ұсталуы мүмкін. Фотосуретті мониторда тексеріңіз; егер жарық көзінде кем ұсталса, параметрлерді реттеп, әрекетті қайталаңыз. |
Басқару панелі | Көріністапқыш |
---|---|
Y (жыпылықтайды) |
— |
Жарқыл бөлігі жалғанған қызыл көз әсерін азайтуды және қызыл көз әсерін азайтуға орнатылған жарқылды синхрондау режимін қолдамайды. Жарқылды синхрондау режимін өзгертіңіз немесе қызыл көз әсерін азайтуды қолдайтын жарқыл бөлігін пайдаланыңыз (0 Жарқыл режимін таңдау, CLS жүйесімен үйлесімді жарқыл бөліктері). |
Басқару панелі | Көріністапқыш |
---|---|
n (жыпылықтайды) |
j (жыпылықтайды) |
Ағымдағы параметрлерде қосымша фотосуреттер жазу үшін жад жеткіліксіз немесе фотокамерада файл немесе қалта нөмірлері таусылған.
|
Басқару панелі | Көріністапқыш |
---|---|
O (жыпылықтайды) |
O (жыпылықтайды) |
Фотокамера бұзылған. Ысырманы босатыңыз. Егер қате кетпесе немесе жиі көрінсе, Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз. |
Монитор | Басқару панелі |
---|---|
No memory card. (Жад картасы жоқ.) | S |
Фотокамера жад картасын анықтай алмайды. Фотокамераны өшіріп, жад картасының дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз (0 Батареяны және жад картасын салу). |
Монитор | Басқару панелі |
---|---|
Cannot access this memory card (Бұл жад картасына қатынасу мүмкін емес). Insert another card (Басқа картаны салыңыз). |
W, R (жыпылықтайды) |
Жад картасына қатынасу кезіндегі қате.
Жаңа қалтаны жасау мүмкін емес. Маңызды кескіндерді компьютерге немесе басқа құрылғыға көшіргеннен кейін файлдарды өшіріңіз немесе жаңа жад картасын салыңыз (0 Батареяны және жад картасын салу, Фотосуреттерді өшіру, Рұқсат етілген жад карталары). |
Монитор | Басқару панелі |
---|---|
m | W, O (жыпылықтайды) |
Фотокамера Eye-Fi картасын басқара алмайды.
|
Монитор | Басқару панелі |
---|---|
Memory card is locked (Жад картасы құлыпталған). Slide lock to “write” position (Құлыпты «жазу» күйіне сырғытыңыз). | W, X (жыпылықтайды) |
Жад картасы құлыпталған (жазудан қорғалған). Картаның жазудан қорғау ажыратқышын «жазу» күйіне сырғытыңыз (0 Жазудан қорғау ажыратқышы). |
Монитор | Басқару панелі |
---|---|
Not available if Eye-Fi card is locked. (Eye-Fi картасы құлыпталған болса қол жетімді емес.) | W, O (жыпылықтайды) |
Eye-Fi картасы құлыпталған (жазудан қорғалған). Картаның жазудан қорғау ажыратқышын «жазу» күйіне сырғытыңыз (0 Жазудан қорғау ажыратқышы). |
Монитор | Басқару панелі |
---|---|
This card is not formatted (Бұл карта пішімделмеген). Format the card (Картаны пішімдеңіз). |
[C] (жыпылықтайды) |
Жад картасы фотокамерада пайдалану үшін пішімделмеген. Жад картасын пішімдеңіз немесе жаңа жад картасын салыңыз (0 Format memory card (Жад картасын пішімдеу), Рұқсат етілген жад карталары). |
Монитор | Басқару панелі |
---|---|
Unable to start live view (Тікелей көріністі бастау мүмкін емес). Please wait (Күтіңіз). | — |
Фотокамераның ішкі температурасы жоғары. Тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіруді немесе бейнефильмді жазуды жалғастыру алдында ішкі тізбектердің салқындауын күтіңіз. |
Монитор | Басқару панелі |
---|---|
Folder contains no images. (Қалтада кескіндер жоқ.) | — |
Ойнату үшін таңдалған жад картасында немесе қалталарда ешқандай кескін жоқ. Кескіндер бар қалтаны Playback folder (Ойнату қалтасы) мәзірінен таңдаңыз немесе кескіндері бар жад картасын салыңыз (0 Батареяны және жад картасын салу, Playback Folder (Ойнату қалтасы)). |
Монитор | Басқару панелі |
---|---|
All images are hidden. (Барлық кескіндер жасырын.) | — |
Ағымдағы қалтадағы барлық фотосуреттер жасырылған. Басқа қалтаны таңдағанша немесе кемінде бір кескіннің көрсетілуіне рұқсат ету үшін Hide image (Кескінді жасыру) параметрін пайдаланғанша ешқандай кескінді ойнату мүмкін емес (0 Hide image (Кескінді жасыру)). |
Монитор | Басқару панелі |
---|---|
Cannot display this file. (Бұл файлды көрсету мүмкін емес.) | — |
Файл компьютерді немесе басқа фотокамера моделін пайдаланып жасалған не өзгертілген немесе файл бүлінген. Файлды фотокамерада ойнату мүмкін емес. |
Монитор | Басқару панелі |
---|---|
Cannot select this file. (Бұл файлды таңдау мүмкін емес.) | — |
Таңдалған кескінді өңдеу мүмкін емес. Басқа құрылғылармен жасалған кескіндерді өңдеу мүмкін емес. |
Монитор | Басқару панелі |
---|---|
This movie cannot be edited. (Бұл бейнефильмді өңдеу мүмкін емес.) | — |
Таңдалған бейнефильмді өңдеу мүмкін емес.
|
Монитор | Басқару панелі |
---|---|
Check printer. (Принтерді тексеріңіз.) | — |
Принтер қатесі. Принтерді тексеріңіз. Жалғастыру үшін Continue (Жалғастыру) (қолжетімді болса) * пәрменін таңдаңыз. |
Қосымша ақпарат алу үшін принтер нұсқаулығын қараңыз.
Монитор | Басқару панелі |
---|---|
Check paper. (Қағазды тексеріңіз.) | — |
Принтердегі қағаз таңдалған өлшемде емес. Дұрыс өлшемдегі қағазды салып, Continue (Жалғастыру) пәрменін таңдаңыз *. |
Қосымша ақпарат алу үшін принтер нұсқаулығын қараңыз.
Монитор | Басқару панелі |
---|---|
Paper jam. (Қағаз кептелісі.) | — |
Принтерде қағаз кептелген. Кептелісті тазалап, Continue (Жалғастыру) пәрменін таңдаңыз *. |
Қосымша ақпарат алу үшін принтер нұсқаулығын қараңыз.
Монитор | Басқару панелі |
---|---|
Out of paper. (Қағаз таусылды.) | — |
Принтерде қағаз таусылған. Таңдалған өлшемдегі қағазды салып, Continue (Жалғастыру) пәрменін таңдаңыз *. |
Қосымша ақпарат алу үшін принтер нұсқаулығын қараңыз.
Монитор | Басқару панелі |
---|---|
Check ink supply. (Сияның берілуін тексеріңіз.) | — |
Сия қатесі. Сияны тексеріңіз. Жалғастыру үшін Continue (Жалғастыру) пәрменін таңдаңыз *. |
Қосымша ақпарат алу үшін принтер нұсқаулығын қараңыз.
Монитор | Басқару панелі |
---|---|
Out of ink. (Сия таусылды.) | — |
Принтерде сия таусылған. Сияны ауыстырып, Continue (Жалғастыру) пәрменін таңдаңыз *. |
Қосымша ақпарат алу үшін принтер нұсқаулығын қараңыз.