Бейнефильмдерді тікелей көріністе жазуға болады.

  1. Тікелей көрініс селекторын 1 күйіне (бейнефильм тікелей көрінісі) бұраңыз.

    Тікелей көрініс селекторы

  2. a түймешігін басыңыз.

    Айна көтеріледі және объективтегі көрініс экспозицияның әсерлері үшін өзгертілген күйде фотокамераның мониторында көрсетіледі. Нысан көріністапқышта енді көрінбейді.

    a түймешігі

    0 белгішесі

    0 белгішесі (0 Тікелей көрініс дисплейі) бейнефильмдерді жазуға болмайтынын білдіреді.

    Ақ түс балансы

    Ақ түс балансын кез келген уақытта U түймешігін басу және басқару дискін бұрау арқылы орнатуға болады (0 Ақ түс балансының параметрлері).

  3. Фокустау режимін таңдаңыз (0 Фокустау режимін таңдау).

  4. АФ аумағының режимін таңдаңыз (0 АФ аумағының режимін таңдау).

    Pinpoint AF (Нүктелі АФ)

    Нүктелі АФ бейнефильм режимінде қолжетімсіз.

  5. Фокустаңыз.

    Бастапқы түсірілімді жақтауға алыңыз және фокустау үшін AF-ON түймешігін басыңыз. Бет басымдығы бар АФ режимі кезінде анықтауға болатын нысандар саны бейнефильм жазу кезінде азаятынын ескеріңіз.

    AF-ON түймешігі

    Фокустау

    Сондай-ақ фокусты жазуды бастау алдында ысырманы босату түймешігін жартылай басу арқылы реттеуге болады немесе «Қолмен реттелетін фокус» бөлімінде (0 Қолмен реттелетін фокус) сипатталғандай қолмен фокустауға болады.

  6. Жазуды бастаңыз.

    Жазуды бастау үшін бейнефильмді жазу түймешігін басыңыз. Жазу индикаторы және қолжетімді уақыт мониторда көрсетіледі. Экспозицияны қосымша селектордың ортасын басу арқылы құлыптауға болады (0 Автоэкспозиция (АЭ) құлпы) немесе экспозиция түзетілімін пайдаланып ±3 ЭМ дейін өзгертуге болады (0 Экспозиция түзетілімі); нүктелі экспоөлшегіш қолжетімді емес. Автофокус режимінде фотокамераны AF-ON түймешігін басу арқылы немесе мониторда нысанды нұқу арқылы қайта фокустауға болады.

    Бейнефильмді жазу түймешігі

    Жазу индикаторы

    Қалған уақыт

    Audio (Дыбыс)

    Фотокамера бейне мен дыбысты жаза алады; бейнефильмді жазу кезінде фотокамера алдындағы микрофонды жаппаңыз. Кірістірілген микрофон автофокус, дірілді азайту немесе апертураға өзгерістер енгізу кезінде фотокамера немесе объектив тудырған дыбыстарды жазуы мүмкін екенін ескеріңіз.

  7. Жазуды аяқтаңыз.

    Жазуды аяқтау үшін бейнефильмді жазу түймешігін қайта басыңыз. Жазу максималды ұзақтыққа жеткенде немесе жад картасы толы болғанда автоматты түрде аяқталады (жад картасының жазу жылдамдығына байланысты суретке түсіру максималды ұзақтыққа жетпей тұрып аяқталуы мүмкін екенін ескеріңіз).

  8. Тікелей көріністен шығыңыз.

    Тікелей көріністен шығу үшін a түймешігін басыңыз.

Экспозиция режимі

Төмендегі экспозиция параметрлерін бейнефильм режимінде реттеуге болады:

  Апертура Ысырма жылдамдығы ISO sensitivity (ISO сезімталдық)
P, S 1 2, 3
A 2, 3
M 3, 4

S режимінің экспозициясы P режимінікіне тең.

ISO сезімталдықтың жоғарғы шегін бейнефильм түсіру мәзіріндегі ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері) > Maximum sensitivity (Максималды сезімталдық) параметрін пайдаланып таңдауға болады (0 ISO Sensitivity Settings (ISO сезімталдық параметрлері)).

ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері) > Maximum sensitivity (Максималды сезімталдық) немесе ISO sensitivity (mode M) (ISO сезімталдық (M режимі)) үшін таңдалған параметрге қарамастан, бейнефильм түсіру мәзірінде Electronic VR (Электрондық ДА) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған кездегі жоғарғы шек — ISO 25600.

Бейнефильм түсіру мәзірінде ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері) > Auto ISO control (mode M) (ISO автоматты түрде басқару (М режимі)) үшін On (Қосулы) күйі таңдалса, ISO сезімталдықтың жоғарғы шегін Maximum sensitivity (Максималды сезімталдық) параметрін пайдаланып таңдауға болады.

M экспозиция режимінде ысырма жылдамдығын 1/25 с және 1/8000 с арасындағы мәндерге орнатуға болады (ең баяу қолжетімді ысырма жылдамдығы кадр жылдамдығына қарай өзгеріп отырады; 0 Кадр өлшемі, кадр жылдамдығы және бейнефильм сапасы). Басқа экспозиция режимдерінде ысырма жылдамдығы автоматты түрде реттеледі. Егер P немесе S режимінде нысан жарық көзінде артық немесе кем ұсталса, тікелей көріністі аяқтаңыз және тікелей көріністі қайтадан бастаңыз немесе A экспозициясын таңдап, апертураны реттеңіз.

Индекстер

Егер Index marking (Индекс таңбасы) басқару тетігіне g1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау), 0 Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау)) қолданушы параметрін пайдаланып тағайындалған болса, өңдеу және ойнату кезінде кадрларды табу үшін пайдалануға болатын индекстерді қосу үшін жазу кезінде таңдалған басқару тетігін басуға болады (0 Бейнефильмдерді қарау). Әр бейнефильмге 20-ға дейін индекс қосуға болады.

Индекс

Сонымен қатар, келесіні қараңыз

Мына туралы ақпарат алу үшін:

i түймешігін пайдалану

Төменде тізілген параметрлерге бейнефильм режимінде i түймешігін басу арқылы қатынасуға болады. Сенсорлық экранды пайдаланыңыз немесе мульти селектор мен J түймешігін пайдаланып мәзірді шарлаңыз, элементтерді белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін, параметрлерді көру үшін 2 түймешігін және белгіленген параметрді таңдау және i түймешігінің мәзіріне оралу үшін J түймешігін басыңыз. Суретке түсіру дисплейінен шығу үшін i түймешігін қайтадан басыңыз.

i түймешігі

Сыртқы микрофонды пайдалану

Бейнефильмдер үшін дыбыс жазу үшін ME-1 қосымша стерео микрофонын немесе ME-W1 сымсыз микрофонын пайдалануға болады (0 Басқа керек-жарақтар).

Құлаққаптар

Үшінші тарап құлаққаптарын пайдалануға болады. Жоғары дыбыс деңгейлері дыбыстың қатты шығуына әкелуі мүмкін екенін ескеріңіз; құлаққаптарды пайдаланғанда ерекше сақ болған дұрыс.

Кескін аумағы: бейнефильмді кесуді таңдау

Кескін аумағын бейнефильм түсіру мәзіріндегі Image area (Кескін аумағы) > Choose image area (Кескін аумағын таңдау) параметрін пайдаланып таңдауға болады. «FX негізіндегі бейнефильм пішімі» деп аталатын пішімде бейнефильмдер түсіру үшін FX пішімін, «DX негізіндегі бейнефильм пішімінде» түсіру үшін DX пішімін таңдаңыз. Екеуінің арасындағы айырмашылықтар төменде көрсетілген.

FX   DX

Жазылатын аумақтардың өлшемдері шамамен 35,9 × 20,2 мм (FX негізіндегі бейнефильм пішімі) және 23,5 × 13,2 мм (DX негізіндегі бейнефильм пішімі) болады. DX пішімді объективпен және бейнефильм түсіру мәзірінде Image area (Кескін аумағы) > Auto DX crop (Автоматты DX кесу) (0 Кесіндіні автоматты түрде таңдау) үшін On (Қосулы) күйі таңдалып түсірілген бейнефильмдер барлық бейнефильмдер сияқты 1920 × 1080 (баяу қозғалыс) кадр өлшеміндегі DX негізіндегі бейнефильм пішімінде жазылады (пайдаланылатын объективке немесе Image area (Кескін аумағы) > Choose image area (Кескін аумағын таңдау)) үшін таңдалған параметрге қарамастан). i түймешігінің мәзірінде Electronic VR (Электрондық ДА) үшін On (Қосулы) күйін таңдау арқылы электрондық дірілді азайтуды қосу кесу өлшемін азайтып, көрінетін фокустық қашықтықты азғантай арттырады.

Кадр өлшемі, кадр жылдамдығы және бейнефильм сапасы

Бейнефильм түсіру мәзіріндегі Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) параметрі бейнефильмнің кадр өлшемін (нүктелер түріндегі) және кадр жылдамдығын таңдау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ екі Movie quality (Бейнефильм сапасы) параметрінен таңдауға болады: жоғары және қалыпты. Бұл параметрлер бірге келесі кестеде көрсетілгендей максималды биттерді тасымалдау жылдамдығын анықтайды.

Параметр 1 Максималды биттер жылдамдығы (Мбит/с)
( жоғары сапа/қалыпты)
Ең үлкен ұзақтығы
r 3840 × 2160 (4K UHD); 30p 2 144 29 мин. 59 с 3
s 3840 × 2160 (4K UHD); 25p 2
t 3840 × 2160 (4K UHD); 24p 2
y/y 1920 × 1080; 60p 48/24
z/z 1920 × 1080; 50p
1/1 1920 × 1080; 30p 24/12
2/2 1920 × 1080; 25p
3/3 1920 × 1080; 24p
4/4 1280 × 720; 60p
5/5 1280 × 720; 50p
A 1920 × 1080; 30p ×4 (slow-mo)
(1920 × 1080; 30p ×4 (баяу қозғалыс))
4
36

Жазу: 3 мин.

Ойнату: 12 мин.

B 1920 × 1080; 25p ×4 (slow-mo)
(1920 × 1080; 25p ×4 (баяу қозғалыс))
4
C 1920 × 1080; 24p ×5 (slow-mo)
(1920 × 1080; 24p ×5 (баяу қозғалыс))
4
29

Жазу: 3 мин.

Ойнату: 15 мин.

Нақты кадр жылдамдығы — 30p ретінде тізілген мәндер үшін 29,97 кадр/сек, 24p ретінде тізілген мәндер үшін 23,976 кадр/сек және 60p ретінде тізілген мәндер үшін 59,94 кадр/сек.

Бұл параметр таңдалған болса, бейнефильм сапасы «жоғары» күйінде бекітіледі.

Әр бейнефильм әрқайсысы 4 ГБ-қа дейінгі 8-ге дейін файлда жазылады. Файлдардың саны және әр файлдың ұзақтығы Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) және Movie quality (Бейнефильм сапасы) үшін таңдалған параметрлерге қарай өзгеріп отырады.

«Баяу қозғалысты бейнефильмдер» (0 Баяу қозғалысты бейнефильмдер) бөлімін қараңыз.

Баяу қозғалысты бейнефильмдер

Баяу қозғалысты бейнефильмдерді жазу үшін бейнефильм түсіру мәзірінде Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) үшін 1920×1080; 30p ×4 (slow-mo) (1920×1080; 30p ×4 (баяу қозғалыс)), 1920×1080; 25p ×4 (slow-mo) (1920×1080; 25p ×4 (баяу қозғалыс)) немесе 1920×1080; 24p ×5 (slow-mo) (1920×1080; 24p ×5 (баяу қозғалыс)) мәнін таңдаңыз. Есептелген жылдамдықтан 4 немесе 5 есе көбірек жылдамдықпен жазылған бейнефильмдер баяу қозғалыс әсері үшін есептелген жылдамдықпен ойнатылады; мысалы, 1920×1080; 30p ×4 (slow-mo) (1920×1080; 30p ×4 (баяу қозғалыс)) мәні таңдалып түсірілген бейнефильмдер шамамен 120 кадр/сек (120p) кадр жылдамдығымен жазылады және шамамен 30 кадр/сек (30p) кадр жылдамдығымен ойнатылады.

Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы Кадр жылдамдығы *
Жазылған Ойнатылады
1920×1080; 30p ×4 (slow-mo)
(1920×1080; 30p ×4 (баяу қозғалыс))
120p 30p
1920×1080; 25p ×4 (slow-mo)
(1920×1080; 25p ×4 (баяу қозғалыс))
100p 25p
1920×1080; 24p ×5 (slow-mo)
(1920×1080; 24p ×5 (баяу қозғалыс))
120p 24p

Нақты кадр жылдамдығы — 120p ретінде тізілген мәндер үшін 119,88 кадр/сек, 30p ретінде тізілген мәндер үшін 29,97 кадр/сек және 24p ретінде тізілген мәндер үшін 23,976 кадр/сек.

Баяу қозғалысты бейнефильмдер

Баяу қозғалыс параметрі таңдалса, пайдаланылатын объективке немесе бейнефильм түсіру мәзірінде Image area (Кескін аумағы) > Choose image area (Кескін аумағын таңдау) үшін таңдалған параметрге қарамастан сапа «қалыпты» мәнінде және кескін аумағы DX мәнінде бекітіледі (0 Image area (Кескін аумағы)). АФ аумағының режимі ретінде бет басымдығы бар АФ, нүктелі АФ немесе нысанды бақылағыш АФ таңдалып түсірілген бейнефильмдер (0 АФ аумағының режимін таңдау) кең аумақты АФ режимін пайдаланып жазылады.

Тікелей көрініс дисплейі

Ақпараттық дисплей

Мониторда индикаторларды жасыру немесе көрсету үшін R түймешігін басыңыз.

Виртуалды көкжиек (0 Virtual horizon (Виртуалды көкжиек))   Ақпарат қосулы   Ақпарат өшірулі

  Гистограмма   Жақтауға бағыттаушы белгілер  

Кері санақ индикаторы

Кері санақ индикаторы тікелей көріністің автоматты түрде аяқталуына 30 с қалғанда көрсетіледі (0 Тікелей көрініс дисплейі). Суретке түсіру жағдайларына байланысты таймер бейнефильмді жазу басталған кезде бірден пайда болуы мүмкін. Қолжетімді жазу уақытының мөлшеріне қарамастан тікелей көрініс таймер мерзімі біткенде бәрібір автоматты түрде аяқталады.

Бейнефильм жазу кезінде параметрлерді реттеу

Жазу кезінде құлаққаптың дыбыс деңгейін реттеу мүмкін емес. Қазіргі уақытта I (микрофон өшірулі) параметрінен басқа параметр таңдалған болса, жазу орындалып жатқанда микрофон сезімталдығын I параметрінен басқа кез келген параметрге өзгертуге болады.

Бейнефильм режимінде фотосуреттер түсіру

Бейнефильм режимінде фотосуреттер түсіру үшін (тікелей көріністе немесе бейнефильм жазу кезінде) g1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау)) > Shutter-release button (Ысырманы босату түймешігі) қолданушы параметрі үшін Take photos (Фотосуреттер түсіру) параметрін таңдаңыз (0 Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау)). Содан кейін арақатынасы 16 : 9 фотосуреттерді ысырманы босату түймешігін соңына дейін басу арқылы кез келген уақытта түсіруге болады. Егер бейнефильмді жазу орындалып жатса, жазу аяқталады және сол нүктеге дейін жазылған түсірілген бөлік сақталады.

Фотосуреттер фотосурет түсіру мәзірінде Image quality (Кескін сапасы) үшін таңдалған пішімде жазылады (0 Кескін сапасы). Кескін өлшемі туралы ақпаратты «Кескін өлшемі» (0 Кескін өлшемі) бөлімінен қараңыз. Тікелей көрініс селекторы 1 күйіне бұрылған кезде фотосуреттердің экспозициясын алдын ала қарау мүмкін емес екенін ескеріңіз; P, S немесе A режимі ұсынылады, бірақ M режимінде тікелей көрініс селекторы C күйіне бұрылған кезде экспозицияны алдын ала қарау арқылы дәл нәтижелерге жетуге болады.

Кескін өлшемі

Бейнефильм режимінде түсірілген фотосуреттердің өлшемі кескін аумағына (0 Image area (Кескін аумағы)) және фотосурет түсіру мәзірінде Image size (Кескін өлшемі) үшін таңдалған параметрге қарай өзгеріп отырады (0 Кескін өлшемі).

Кескін аумағы Кескін өлшемі Өлшем (нүктелер)
FX Large (Үлкен) 8256 × 4640
Medium (Орташа) 6192 × 3480
Small (Кішкентай) 4128 × 2320
DX Large (Үлкен) 5408 × 3040
Medium (Орташа) 4048 × 2272
Small (Кішкентай) 2704 × 1520

Бейнефильмдерді жазу

Бейнефильмдер sRGB түс кеңістігінде жазылады. Жыпылықтау, жолақтар немесе бұрмалану мониторда және түпкілікті бейнефильмде флюоресцентті, сынап газ разрядты немесе натрий газ разрядты шамдар астында немесе қозғалатын нысандарды түсіргенде, әсіресе фотокамера көлденеңінен панорамаланғанда немесе нысан кадр арқылы жылдам қозғалғанда көрінуі мүмкін (жыпылықтауды және жолақтарды азайту туралы ақпаратты бейнефильм түсіру мәзірінің Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) параметрі туралы бөлімнен қараңыз, 0 Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту)). Сондай-ақ, жыпылықтау электр жетекті апертура пайдаланылып жатқанда пайда болуы мүмкін. Кертілген шеттер, түсті жиек, муар және жарық нүктелер де пайда болуы мүмкін. Жыпылықтаған белгілер және басқа жылтылдайтын жарық көздері бар кадрдың кейбір аумақтарында я болмаса нысан импульстық немесе басқа жарық, лездік жарық көзімен қысқаша жарықтандырылғанда жарық аймақтар немесе жолақтар пайда болуы мүмкін. Бейнефильмдерді жазған кезде фотокамераны күнге немесе өзге қатты жарық көздеріне бағыттамаңыз. Бұл сақтық шараны орындамау нәтижесінде фотокамераның ішкі тізбектері зақымдалуы мүмкін. Бейнефильм режимінде объектив көрінісін ұлғайтсаңыз (0 Тікелей көрініс масштабын алдын-ала қарау), бұрмалану (жарық нүктелер, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар) және күтпеген түстер пайда болуы мүмкін екенін ескеріңіз.

Жарқыл жарығын пайдалану мүмкін емес.

Объектив алынғанда немесе тікелей көрініс селекторы жаңа параметрге бұралғанда, жазу автоматты түрде аяқталады.

Сымсыз қашықтан басқару бөліктері және қашықтан басқару сымдары

g1 (Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау)) > Shutter-release button (Ысырманы босату түймешегі) (0 Custom control assignment (Қолданушы басқару тетігін тағайындау)) қолданушы параметрі үшін Record movies (Бейнефильмдерді жазу) таңдалған болса, қосымша сымсыз қашықтан басқару бөліктеріндегі және қашықтан басқару (0 Басқа керек-жарақтар) сымдарындағы ысырманы босату түймешіктерін тікелей көріністі бастау үшін жартылай басуға және бейнефильмді жазуды бастау және аяқтау үшін соңына дейін басуға болады.