Басқа керек-жарақтар
Қол жетімділік елге немесе аймаққа қарай өзгеріп отыруы мүмкін. Соңғы ақпаратты біздің веб-сайттан немесе кітапшалардан қараңыз.
HDMI/USB кабель қыстырғышы
Кездейсоқ ажыратылуды болдырмау үшін жинақтағы қыстырғышты HDMI кабельдеріне немесе жинақтағы USB кабеліне көрсетілгендей жалғаңыз (суретте USB кабелі көрсетілген; қыстырғыш кейбір үшінші тарап HDMI кабельдеріне жарамауы мүмкім екенін ескеріңіз). Кабель қыстырғышын пайдалану кезінде мониторды сақтау күйінде ұстаңыз.
Керек-жарақтарға арналған құрылғы қақпағын жалғау және алу
Керек-жарақтарға арналған құрылғы қақпағы (бөлек сатылады) керек-жарақтарға арналған құрылғыға көрсетілгендей сырғып кіреді.
Қақпақты алу үшін фотокамераны қатты ұстап тұрыңыз, басбармақпен қақпақты төмен қарай басыңыз және көрсетілген бағытта сырғытыңыз.
Жинақтағы окулярды жалғау және алу
Окуляр ысырмасын жабу және ілмекті босатудан кейін () жинақтағы DK-17F окулярын екі саусақпен ақырын ұстап, көрсетілгендей айналдырып, алыңыз (). Қайта жалғау үшін окулярды қарама-қарсы бағытта айналдырыңыз. Қосымша окулярларды дәл осылай жалғауға және алуға болады.
Қуат жалғағышын және айнымалы ток адаптерін жалғау
Қосымша қуат жалғағышын және айнымалы ток адаптерін жалғау алдында фотокамераны өшіріңіз.
-
Фотокамераны дайындаңыз.
Батарея бөлімінің () және қуат жалғағышының () қақпақтарын ашыңыз.
-
EP-5B қуат жалғағышын кіргізіңіз.
Жалғағышты сарғылт батарея ілмегін бір жаққа басып ұстау үшін пайдаланып, жалғағышты көрсетілген бағытта кіргізіңіз. Жалғағыш толығымен кіргенде ілмек жалғағышты орнында құлыптайды.
-
Батарея бөлімінің қақпағын жабыңыз.
Қуат жалғағышын қуат жалғағышының ұяшығы арқылы өтетіндей орналастырыңыз және батарея бөлімінің қақпағын жабыңыз.
-
EH-5c/EH-5b айнымалы ток адаптерін жалғаңыз.
Айнымалы ток адаптерінің қуат кабелін айнымалы ток адаптеріндегі айнымалы ток ұяшығына () және қуат кабелін тұрақты ток ұяшығына () жалғаңыз. Фотокамераға айнымалы ток адаптері және қуат жалғағышы қуат бергенде мониторда P белгішесі көрсетіледі.