Батареяны және жад картасын салу
Батареяны немесе жад карталарын салу немесе алу алдында қуат ажыратқышы OFF (ӨШІРУЛІ) күйінде екеніне көз жеткізіңіз. Сарғылт батарея ілмегін бір жаққа басып тұру үшін батареяны пайдаланып, батареяны көрсетілген бағытта салыңыз. Батарея толығымен салынғанда ілмек батареяны орнында құлыптайды.
Жад картасын көрсетілген бағытта ұстап тұрып, орнына «шырт» етіп түскенше тікелей тиісті ұяшыққа сырғытыңыз.
-
XQD жад карталары:
-
SD жад карталары:
Жад карталары
- Жад карталары пайдаланылғаннан кейін ыстық болуы мүмкін. Жад карталарын фотокамерадан алу кезінде сақ болыңыз.
- Жад карталарын фотокамераға салған немесе алған кезде фотокамераны өшіріңіз. Пішімдеу барысында немесе деректер жазылып, өшіріліп немесе компьютерге көшіріліп жатқан кезде, жад карталарын фотокамерадан алмаңыз, фотокамераны өшірмеңіз немесе қуат көзін шығармаңыз немесе ажыратпаңыз. Осы сақтық шараларын орындамау деректерді жоғалтуға я болмаса фотокамераның немесе жад картасының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
- Жад картасының түйіспелеріне саусақпен немесе металл заттармен тимеңіз.
- Майыстыруға, түсіріп алуға немесе қатты соққылардың әсерін тигізуге болмайды.
- Жад картасының корпусына күш қолданбаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау жад картасының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
- Судың, жоғары ылғалдылықтың немесе күннің тік сәулелері әсеріне ұшыратпаңыз.
- Жад карталарын компьютерде пішімдемеңіз.
Жазудан қорғау ажыратқышы
SD жад карталары деректерді кездейсоқ жоғалтуды болдырмау үшін жазудан қорғау ажыратқышымен жабдықталған. Бұл ажыратқыш «құлыптау» күйінде болғанда жад картасын пішімдеу мүмкін емес және фотосуреттерді өшіру немесе жазу мүмкін емес (ысырманы босатуға әрекеттенсеңіз, мониторда ескерту көрсетіледі). Жад картасының құлпын ашу үшін ажыратқышты «жазу» күйіне сырғытыңыз.
Жад картасы жоқ
Егер ешбір жад картасы салынбаған болса, басқару панелі және көріністапқыш S көрсетеді. Егер зарядталған батарея бар және ешбір жад картасы салынбаған фотокамера өшірілсе, басқару панелінде S көрсетіледі.
Батареяны және жад карталарын алу
Батареяны алу
Фотокамераны өшіріп, батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз. Батареяны босату үшін батарея ілмегін көрсеткімен көрсетілген бағытта басыңыз, содан кейін батареяны қолмен алыңыз.
Жад карталарын алу
Жад картасына қатынасу шамы өшірулі екеніне көз жеткізгеннен кейін фотокамераны өшіріңіз, жад картасы ұяшығының қақпағын ашыңыз және картаны төменде сипатталғандай алыңыз.
-
XQD жад карталары: картаны ішінара шығару үшін шығару түймешігін басыңыз (). Содан кейін картаны қолмен алуға болады ().
-
SD жад карталары: картаны ішке қарай басыңыз, содан кейін жіберіңіз (). Содан кейін картаны қолмен алуға болады ().