MB-D18 батарея жинағына бір EN-EL15a немесе EN-EL18c қайта зарядталатын батареясы немесе сегіз AA батареясы (сілтілі, Ni-MH немесе литий) сыяды және суреттерді «тік» (портреттік) бағдарда түсіруді басқару элементтері болады: ысырманы босату, AF-ON және Fn түймешіктері, мульти селектор әрі басты және қосымша басқару дискілері.

MB-D18 бөліктері

1 Түйіспелер қақпағын ұстағыш
2 AF-ON түймешігі
3 Басты басқару дискі
4 Мульти селектор
5 Жалғау дөңгелегі
6 Қуат жалғағышы қақпағының ұстағышы
7 Батарея бөлімінің қақпағы
8 Батарея бөлімі
9 Батарея бөлімінің ілмегі
10 Қуат/сигнал түйіспелері
11 Түйіспелер қақпағы
12 Бекіту бұрандасы
13 Fn түймешігі
14 Ысырманы босату түймешігі
15 Басқару құлпы
16 Қосымша басқару дискі
17 Штатив ұяшығы

18 EN-EL15a батареяларына арналған MS-D12EN ұстағышы *
19 Қуат түйіспе тұстары
20 Қуат түйіспе тұстары (MS-D12EN батарея ұстағышы)
21 AA батареяларына арналған MS-D12 ұстағышы
22 Қуат түйіспе тұстары (MS-D12 батарея ұстағышы)

MS-D12EN батарея ұстағышы MB-D18 батарея жинағына салынып жөнелтіледі.

Айнымалы ток адаптерін және қуат жалғағышын пайдалану

Фотокамера ұзақ уақыт бойы пайдаланылғанда MB-D18 батарея жинағымен бірге қосымша EH-5c/EH-5b айнымалы ток адаптерін және EP-5B қуат жалғағышын пайдалануға болады (0 EP-5B қуат жалғағышы). EP-5B қуат жалғағышын MS-D12EN батарея ұстағышына салып, айнымалы ток адаптерін жалғаңыз.

Ысырманы босату түймешігі, мульти селектор және басқару дискілері

Бұл басқару элементтері фотокамера корпусындағы сәйкес басқару элементтерімен бірдей функцияларды орындайды. Жалғыз ерекшелігі, f5 (Multi selector (Мульти селектор), 0 Multi selector (Мульти селектор)) қолданушы параметрі үшін таңдалған параметрге қарамастан, MB-D18 мульти селекторын күту режимінің таймерін іске қосу үшін пайдалану мүмкін емес.

Ысырманы босату түймешігі

Қосымша басқару дискі

Мульти селектор

Басты басқару дискі

Fn және AF-ON түймешіктері

Бұл басқару элементтері орындайтын функцияларды f10 (Assign MB-D18 buttons (MB-D18 түймешіктерін тағайындау), 0 Assign MB-D18 buttons (MB-D18 түймешіктерін тағайындау)) қолданушы параметрін пайдаланып таңдауға болады.

Fn түймешігі

AF-ON түймешігі

MB-D18 басқару құлпы

Басқару құлпы кездейсоқ пайдалануды болдырмау үшін MB-D18 батарея жинағындағы басқару элементтерін құлыптайды. Фотосуреттерді «тік» (портреттік) бағдарда түсіру үшін осы басқару элементтерін пайдалану алдында құлыпты көрсетілгендей құлыптаңыз. Басқару құлпы қуат ажыратқышы болып табылмайды. Фотокамераны қосу және өшіру үшін фотокамераның қуат ажыратқышын пайдаланыңыз.

Құлыпталған

Құлпы ашылған

Батарея жинағын пайдалану

Батарея жинағын жалғау

Батарея жинағын жалғау алдында фотокамера өшірулі екеніне және MB-D18 басқару құлпы L күйінде екеніне көз жеткізіңіз.

  1. Батарея жинағынан түйіспелер қақпағын алыңыз.

  2. MB-D18 батарея жинағына арналған түйіспелер фотокамераның түбінде орналасқан. Бұл жерде олар түйіспелер қақпағымен қорғалған. Түйіспелер қақпағын алыңыз () және MB-D18 батарея жинағындағы түйіспелер қақпағын ұстағышқа қойыңыз ().

  3. MB-D18 бекіту бұрандасын () фотокамераның штатив ұяшығымен туралап (), MB-D18 батарея жинағын орналастырыңыз, содан кейін LOCK (ҚҰЛЫПТАУ) көрсеткісі көрсеткен бағытта айналдыру арқылы жалғау дөңгелегін тартыңыз.

    MB-D18 батарея жинағын жалғау алдында фотокамерадан батареяны алу керек емес. Әдепкі параметрлерде фотокамераға салынған батарея тек MB-D18 батарея жинағындағы батарея таусылғаннан кейін пайдаланылады. Батареяларды пайдалану ретін өзгерту үшін фотокамераның баптау мәзіріндегі Battery order (Батареялар реті) параметрін пайдалануға болады.

Батарея жинағын жалғау

Жоғалуын болдырмау үшін фотокамераның түйіспелер қақпағын түйіспелер қақпағын ұстағышқа салып, MB-D18 түйіспелер қақпағын қауіпсіз жерде сақтаңыз. MB-D18 батарея жинағымен бірге PB-6 жиырылмалы фокустау механизмін пайдаланғанда PB-6D жиырылмалы аралық қабаты және PK-13 автоматты ұзартатын сақинасы керек.

Батарея жинағын алу

MB-D18 батарея жинағын алу үшін фотокамераны өшіріңіз және MB-D18 батарея жинағындағы басқару құлпын L күйіне орнатыңыз, содан кейін LOCK (ҚҰЛЫПТАУ) көрсеткісі көрсеткенге қарама-қарсы бағытта айналдыру арқылы жалғау дөңгелегін босатыңыз және MB-D18 батарея жинағын алыңыз.

Батареяларды салу

MB-D18 батарея жинағында бір EN-EL15a немесе EN-EL18c қайта зарядталатын батареясын немесе сегіз AA батареясын пайдалануға болады. Батареяларды салу алдында фотокамера өшірулі екеніне және MB-D18 басқару құлпы L күйінде екеніне көз жеткізіңіз.

  1. Батарея бөлімінің ілмегін A күйіне айналдыру және батарея ұстағышын алу арқылы MB-D18 батарея жинағын ашыңыз.

  2. Батареяларды төменде сипатталғандай дайындаңыз.

    EN-EL15a: батареядағы ойықтарды MS-D12EN ұстағышындағы шығыңқы жерлерге сәйкес келтіріп, батареяны көрсеткісін (E) батарея ұстағышының қуат түйіспе тұстарына () қаратып салыңыз. Батареяны азғантай төмен қарай басып, қуат түйіспе тұстары орнында құлыпталғанша көрсеткі бағытында сырғытыңыз ().

    EN-EL18c: BL-5 қосымша батарея бөлімі қақпағындағы батареяны босату тетігі G көрсеткісі көрінбейтіндей орналастырылған болса, батареяны босату тетігін көрсеткіні жауып тұратындай сырғытыңыз (). Батареядағы екі шығыңқы жерді BL-5 батарея бөлімі қақпағындағы сәйкес ұяшықтарға кіргізіңіз () және батареяны босату тетігі шетке сырғып, көрсеткіні ашқанына көз жеткізіңіз ().

    Батареяны босату тетігі

    AA батареялары: батареялар дұрыс бағдарда екенін тексеріп, сегіз AA батареясын MS-D12 батарея ұстағышына көрсетілгендей салыңыз.

  3. Батарея ұстағышын немесе EN-EL18c батареясын MB-D18 батарея жинағына салып, батарея бөлімінің қақпағын жабыңыз. Ілмекті бұру алдында ұстағыш немесе батарея салынғанын тексеріңіз; қуат қақпақ толығымен жабылған болса ғана беріледі.

  4. Фотокамераны қосып, басқару панелінде немесе көріністапқышта батарея зарядының деңгейін тексеріңіз (0 Батарея деңгейі және қалған кадрлар саны). Фотокамера қосылмаса, батарея дұрыс салынғанын тексеріңіз.

    Баптау мәзірінде MB-D18 battery type (MB-D18 батарея түрі) үшін таңдалған параметрді батарея жинағында салынған батарея түріне сәйкес келтіріңіз (0 MB-D18 battery type (MB-D18 батареясының түрі)). Батареялар туралы ақпаратты баптау мәзірінде Battery info (Батарея туралы мәлімет) параметрін таңдау арқылы көрсетуге болады (0 Battery info (Батарея туралы мәлімет)).

EP-5B қуат жалғағышы

Пайдаланып жатқанда EP-5B қуат жалғағышын MS-D12EN ұстағышына көрсеткісін (E) батарея ұстағышының қуат түйіспе тұстарына () қаратып кіргізіңіз. Жалғағышты азғантай төмен қарай басып, қуат түйіспе тұстары орнында құлыпталғанша көрсеткі бағытында сырғытыңыз (). Қуат жалғағышының қақпағын ашып, саңылау арқылы EP-5B қуат кабелін өткізіңіз ().

Батареяларды алу

Батареяларды немесе ұстағышты түсіріп алмаңыз.

  1. Батарея бөлімінің ілмегін A күйіне айналдыру және батареяны немесе батарея ұстағышын алу арқылы MB-D18 батарея жинағын ашыңыз.

  2. Батареяны немесе батареяларды ұстағыштан немесе BL-5 батарея бөлімінің қақпағынан алыңыз.

    EN-EL15a: ұстағыштың PUSH (БАСУ) түймешігін басып тұрып, батареяны түймешікке қарай сырғытыңыз. Содан кейін батареяны көрсетілгендей алуға болады.

    EP-5B қуат жалғағышын алу процедурасы EN-EL15a батареясын алу процедурасымен бірдей.

    EN-EL18c: батареяны босату тетігін көрсеткімен (G) көрсетілген бағытта сырғытып, BL-5 батарея бөлімінің қақпағын алыңыз.

    AA батареялары: батареяларды көрсетілгендей алыңыз. Ұстағыштан алу кезінде батареяларды түсіріп алмаңыз.

Техникалық сипаттамалары

Nikon компаниясы осы нұсқаулықта сипатталған жабдық пен бағдарламалық жасақтаманың сыртқы түрін және техникалық сипаттамаларын кез келген уақытта және еш ескертусіз өзгерту құқығын сақтап қалады. Nikon компаниясы осы нұсқаулықта болуы мүмкін қателерден болған шығындарға жауап бермейді.

Буфердің сыйымдылығы

MB-D18 қосымша бірнеше қуат көздерін пайдалануға мүмкіндік беретін әмбебап батарея жинағына салынған EN-EL15a батареясын EN-EL18c батареясына ауыстыру буфер сыйымдылығын өзгертеді. Келесі кестеде 64 ГБ Sony QD-G64E XQD картасы салынған кезде Ch суретке түсіру режимінде, ISO 100 ISO сезімталдығында буферде сақтауға болатын экспозициялардың ең көп саны (2017 жылдың қыркүйек айында) көрсетілген; іс жүзіндегі сыйымдылығы карта түріне және суретке түсіру жағдайларына қарай өзгеріп отырады (мысалы, «» деп белгілнеген кескін сапаларында немесе бұрмалануды автоматты басқару қосулы болса, буфер сыйымдылығы төмендеуі мүмкін).

FX (36×24) кескін аумағы *

Кескін сапасы Кескін өлшемі Қуат көзі
EN-EL15a EN-EL18c
NEF (RAW),
шығынсыз сығымдалған,
12 биттік
Large (Үлкен) 170 54
Орташа 94 40
Small (Кішкентай) 56 35
NEF (RAW),
шығынсыз сығымдалған,
14 биттік
Large (Үлкен) 51 29
NEF (RAW),
сығымдалған,
12 биттік
Large (Үлкен) 200 56
NEF (RAW),
сығымдалған,
14 биттік
Үлкен 74 31
NEF (RAW),
сығымдалмаған,
12 биттік
Large (Үлкен) 55 39
NEF (RAW),
сығымдалмаған,
14 биттік
Large (Үлкен) 29 24
TIFF (RGB) Үлкен 32 29
Medium (Орташа) 35 28
Small (Кішкентай) 39 31
JPEG fine (JPEG сапалы) Large (Үлкен) 200 79
Орташа 200 86
Кішкентай 200 56
JPEG normal (JPEG қалыпты) Үлкен 200 86
Medium (Орташа) 200 92
Кішкентай 200 57
JPEG basic (JPEG стандартты) Large (Үлкен) 200 108
Medium (Орташа) 200 102
Small (Кішкентай) 200 59

Auto DX crop (Автоматты DX кесу) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған кезде DX емес объективтермен түсірілген кескіндерді қамтиды.

DX (24 × 16) кескін аумағы *

Кескін сапасы Кескін өлшемі Қуат көзі
EN-EL15a EN-EL18c
NEF (RAW),
шығынсыз сығымдалған,
12 биттік
Үлкен 200 91
Орташа 200 56
Small (Кішкентай) 200 54
NEF (RAW),
шығынсыз сығымдалған,
14 биттік
Large (Үлкен) 200 45
NEF (RAW),
сығымдалған,
12 биттік
Large (Үлкен) 200 102
NEF (RAW),
сығымдалған,
14 биттік
Үлкен 200 48
NEF (RAW),
сығымдалмаған,
12 биттік
Large (Үлкен) 200 72
NEF (RAW),
сығымдалмаған,
14 биттік
Үлкен 200 43
TIFF (RGB) Large (Үлкен) 113 54
Орташа 200 71
Small (Кішкентай) 200 73
JPEG fine (JPEG сапалы) Үлкен 200 138
Орташа 200 152
Кішкентай 200 135
JPEG normal (JPEG қалыпты) Үлкен 200 165
Орташа 200 158
Кішкентай 200 143
JPEG basic (JPEG стандартты) Large (Үлкен) 200 176
Medium (Орташа) 200 166
Кішкентай 200 145

Auto DX crop (Автоматты DX кесу) үшін On (Қосулы) күйі таңдалған кезде DX объективтермен түсірілген кескіндерді қамтиды.