Фокусты жылжыту арқылы фотосурет түсіру
Фокусты жылжыту кезінде фотокамера фотосуреттер қатарында фокусты автоматты түрде өзгертіп отырады. Бұл мүмкіндікті кейінірек компьютерге көшіруге және үшінші тараптың фокусты дестелеу бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып біріктіруге болатын фотосуреттерді түсіру үшін пайдалануға болады.
Суретке түсіруден бұрын
AF-S немесе AF-P объективін пайдаланыңыз. Тиісті объективті бекітуден кейін фокустау режимін ауыстырғышты AF (АФ) күйіне айналдырыңыз және E дегеннен басқа суретке түсіру режимін таңдаңыз. Ең жақсы нәтижелерді алғыңыз келсе, суретке түсіру кезінде апертура өзгермеуі үшін A немесе M экспозиция режимін таңдау және суретке түсіру орындалып жатқанда ISO сезімталдық өзгермеуі үшін апертураны максималды мәннен екі немесе үш тоқтау төмен тоқтату және ISO сезімталдықты автоматты басқаруды өшіру ұсынылады. Параметрлерді реттегеннен кейін сынақ сурет түсіріңіз және нәтижелерді мониторда көріңіз. Параметрлер қанағаттандырарлықтай реттелгеннен кейін көріністапқыш арқылы кіретін жарықтың фотосуреттерге және экспозицияға кедергі келтіруін болдырмау үшін көріністапқыш окулярының ысырмасын жабыңыз.
Штативті пайдалану және объективтің дірілін азайтуды (ДА) өшіру ұсынылады. Суретке түсіруді бастамас бұрын фотокамераны штативке бекітіңіз. Суретке түсірудің үзілмеуі үшін фотокамера батареясының толығымен зарядталғанын тексеріңіз. Күмәніңіз болса, пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз немесе айнымалы ток адаптерін және қуат жалғағышын (бөлек сатылады) пайдаланыңыз.
Фокусты жылжыту арқылы фотосурет түсіру
-
Focus shift shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру) параметрін таңдаңыз.
Фокусты жылжыту параметрлерін көрсету үшін фотосурет түсіру мәзірінде Focus shift shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Фокусты жылжыту параметрлерін реттеңіз.
Фокусты жылжыту параметрлерін төменде сипатталғандай реттеңіз.
-
Түсірілімдер санын таңдау үшін:
Өзіңіз қажетті деп ойлайтыннан көбірек суреттерді түсіру және фокус стекингі кезінде оларды сұрыптау ұсынылады. Жәндіктердің немесе басқа шағын нысандардың фотосуреттері үшін 100-ден көбірек сурет керек болуы мүмкін, ал кең бұрышты күйдегі объективпен пейзажды толығымен суретке түсіру үшін азғана сурет керек.
-
Фокустау қашықтығы әрбір түсірілімде қандай мөлшерге өзгеретінін таңдау үшін:
5 немесе азырақ мән ұсынылады, өйткені жоғарырақ параметрлер суреттерді дестелегенде кейбір аумақтардың фокустан тыс болуы қаупін арттырады. Суретке түсіру алдында әртүрлі параметрлермен эксперименттер жасап көріңіз.
Жақыннан түсірулер
Қысқа фокустау қашықтықтарында фокустау тереңдігі азаятындықтан, фотокамераға жақын нысандардың фотосуреттерін түсіргенде кішірек фокустау қадамдарын таңдау және түсірілімдер санын арттыру ұсынылады.
-
Түсірілімдер арасындағы аралықты таңдау үшін:
Фотосуреттерді шамамен 5 кадр/сек (S, Cl, Ch және Mup суретке түсіру режимдері) немесе 3 кадр/сек (Q және Qc суретке түсіру режимдері) жылдамдығымен түсіру үшін 00 мәнін таңдаңыз. Жарқылсыз суретке түсіргенде 00 параметрі ұсынылады; жарқылды пайдаланғанда дұрыс экспозицияны қамтамасыз ету үшін жарқыл зарядталуы үшін жеткілікті ұзақ аралықты таңдаңыз.
-
Экспозицияны тегістеуді қосу немесе өшіру үшін:
On (Қосулы) күйін таңдау фотокамераға экспозицияны M режимінен басқа режимдердегі алдыңғы түсірілімге сәйкес етіп реттеуге мүмкіндік береді (M режимінде ISO сезімталдықты басқару қосулы болса ғана экспозицияны тегістеу қолданылатынын ескеріңіз). Суретке түсіру кезіндегі нысан жарықтығындағы үлкен өзгерістер байқалатын экспозиция ауытқуларына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда түсірілімдер арасындағы аралықты қысқарту керек болуы мүмкін. Суретке түсіру кезінде жарықтандыру және басқа жағдайлар өзгермейтін болса, Off (Өшірулі) күйі, айнымалы жарықтандыру астында пейзаждарды және сол сияқтыларды суретке түсіргенде On (Қосулы) күйі ұсынылады.
-
Дыбыссыз фотосурет түсіруді қосу немесе өшіру үшін:
Суретке түсіру кезінде ысырма дыбысын өшіру үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз.
-
Бастапқы қалта параметрлерін таңдаңыз:
Әрбір жаңа реттілік үшін үшін жаңа қалтаны жасау үшін New folder (Жаңа қалта) параметрін, жаңа қалта жасалған сайын файлдарды нөмірлеуді 0001-ге қалпына келтіру үшін Reset file numbering (Файлдарды нөмірлеуді қалпына келтіру) параметрін таңдаңыз.
-
-
Суретке түсіруді бастаңыз.
Start (Бастау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Суретке түсіру шамамен 3 секундтан кейін басталады. Фотокамера суретке түсірудің басында таңдалған фокустау қашықтығынан бастап және әрбір түсірілімде таңдалған фокустау қадамы қашықтығымен шексіздікке қарай ілгерілеп, таңдалған аралықта фотосуреттер түсіреді. Суретке түсіру таңдалған түсірілімдер саны түсірілгенде немесе фокус шексіздікке жеткенде аяқталады. Барлық суреттер түсірілмей тұрып суретке түсіруді аяқтау үшін фотосурет түсіру мәзірінде Focus shift shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру) үшін Off (Өшірулі) күйін таңдаңыз, я болмаса, түсірілімдер арасында ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз немесе J түймешігін басыңыз.
Суретке түсіру кезінде
Фокусты жылжыту арқылы фотосурет түсіру кезінде басқару панелінде Q белгішесі жыпылықтайды. Келесі түсірілімнің тура алдында ысырма жылдамдығының дисплейінде қалған түсірілімдер саны көрсетіледі. c2 (Standby timer (Күту режимінің таймері), 0 Standby timer (Күту режимінің таймері)) қолданушы параметрі үшін таңдалған параметрге қарамастан суретке түсіру кезінде күту режимінің таймері бітпейді.
Фокусты жылжыту арқылы фотосурет түсіру орындалып жатқанда параметрлерді реттеуге, мәзірлерді пайдалануға және суреттерді қарауға болады. Әр түсірілімге дейін шамамен төрт секунд қалғанда монитор автоматты түрде өшеді. Фокусты жылжыту арқылы фотосурет түсіру кезінде фотокамера параметрлерін өзгерту суретке түсірудің аяқталуына әкелуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Фокусты жылжыту арқылы фотосурет түсіру
Жарқылды пайдаланып жатсаңыз, жарқылдың зарядталуы үшін қажет уақыттан ұзағырақ аралықты таңдаңыз. Бұл аралық тым қысқа болса, жарқыл толық экспозиция үшін қажеттен азырақ қуатпен жануы мүмкін. Фокусты жылжыту AF-S немесе AF-P объективі жалғанған кезде ғана қолжетімді және фотокамера сағаты орнатылмаған немесе жад картасы салынбаған болса, оны пайдалану мүмкін емес. Оны фотокамераның кейбір мүмкіндіктерімен, соның ішінде тікелей көрініспен (0 Тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру), бейнефильм жазумен (0 Бейнефильмдерді жазу), баяулатылған бейнефильмдермен, брекетингпен, өздігінен түсіруді реттейтін таймермен (0 Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимі (E)), ұзақ экспозициялармен (қолмен басылу режимінде немесе уақыт режимінде суретке түсіру; 0 Ұзақ экспозициялар (тек M режимі)), HDR (жоғары динамикалық ауқым), бірнеше экспозициямен және аралықты реттейтін таймер арқылы фотосурет түсірумен бірге пайдалану мүмкін емес. Кескіндер жазу үшін қажетті ысырма жылдамдығы және уақыт бір түсірілімнен келесісіне дейін өзгеруі мүмкін болғандықтан, бір аралықтың аяғынан келесі аралықтың басына дейінгі уақыт әр түрлі болуы мүмкін. Ағымдағы параметрлерде суретке түсіруді жалғастыру мүмкін болмаса (мысалы, ысырма жылдамдығы A немесе % мәніне орнатылған болса), мониторда ескерту көрсетіледі.
Silent Photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру)
Silent photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру) үшін On (Қосулы) күйін таңдасаңыз, фотокамераның кейбір мүмкіндіктері, соның ішінде мыналар өшіріледі:
- Hi 0.3 (Жоғары 0,3) - Hi 2 (Жоғары 2) аралығындағы ISO сезімталдықтары (0 Қолмен реттеу)
- Жарқылмен фотосурет түсіру (0 Жарқылды пайдалану)
- Экспозицияны кешіктіру режимі (0 Exposure delay mode (Экспозицияны кешіктіру режимі))
- Жыпылықтауды азайту (0 Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту))