Бейнефильмдерді өңдеу
Бейнефильмдердің өңделген көшірмелерін жасау үшін түсірілген бөлікті қысқартыңыз немесе таңдалған кадрларды JPEG пішіміндегі фотосуреттер ретінде сақтаңыз.
Бейнефильмдерді қысқарту
Бейнефильмдердің қысқартылған көшірмелерін жасау үшін:
-
Бейнефильмді толық өлшемде көрсетіңіз (0 Кескіндерді көру).
-
Жаңа алғашқы кадрда бейнефильмді кідіртіңіз.
Бейнефильмді «Бейнефильмдерді көру» (0 Бейнефильмдерді қарау) бөлімінде сипатталғандай ойнатыңыз, мульти селектордың ортасын басып ойнатуды бастаңыз және жалғастырыңыз, 3 түймешігін басып кідіртіңіз, ал 4 немесе 2 түймешігін басып я болмаса басты немесе қосымша басқару дискін бұрып қажетті кадрды табыңыз. Бейнефильмдегі шамамен алынған орынды бейнефильм орындалу барысының жолағынан анықтауға болады. Жаңа алғашқы кадрға жеткенде ойнатуды кідіртіңіз.
-
Choose start/end point (Басталу/аяқталу нүктесін таңдау) пәрменін таңдаңыз.
i немесе J түймешігін басыңыз, содан кейін Choose start/end point (Басталу/аяқталу нүктесін таңдау) пәрменін таңдап, 2 түймешігін басыңыз.
-
Start point (Басталу нүктесі) параметрін таңдаңыз.
Ағымдағы кадрдан басталатын көшірмені жасау үшін Start point (Басталу нүктесі) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. 9-қадамда көшірмені сақтаған кезде ағымдағы кадр алдындағы кадрлар жойылады.
Start point (Басталу нүктесі) -
Жаңа басталу нүктесін растаңыз.
Қажет кадр қазір көрсетіліп тұрмаса, 4 немесе 2 түймешігін басып ілгері немесе кері айналдырыңыз (10 с ілгері немесе кері өту үшін басты басқару дискін бұраңыз; индекске я болмаса бейнефильмде индекстер болмаса, бірінші немесе соңғы кадрға өту үшін қосымша басқару дискін бұраңыз).
-
Аяқталу нүктесін таңдаңыз.
Басталу нүктесінен (w) аяқталу нүктесін (x) таңдау құралына ауысу, содан кейін 5-қадамда сипатталғандай соңғы кадрды таңдау үшін L (Z/Q) түймешігін басыңыз. 9-қадамда көшірмені сақтаған кезде таңдалған кадрдан кейінгі кадрлар жойылады.
End point (Аяқталу нүктесі) -
Көшірме жасаңыз.
Қажет кадр көрсетілгеннен кейін 1 түймешігін басыңыз.
-
Бейнефильмді алдын-ала қараңыз.
Көшірмені алдын-ала қарау үшін Preview (Алдын-ала қарау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз (алдын-ала қарауды үзу және сақтау параметрлері мәзіріне оралу үшін 1 түймешігін басыңыз). Ағымдағы көшірмеден бас тарту және жоғарыда сипатталғандай жаңа басталу нүктесін немесе аяқталу нүктесін таңдау үшін Cancel (Бас тарту) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз; көшірмені сақтау үшін 9-қадамға өтіңіз.
-
Көшірмені сақтаңыз.
Көшірмені жаңа файлға сақтау үшін Save as new file (Жаңа файл ретінде сақтау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Бастапқы бейнефильм файлын өңделген көшірмемен ауыстыру үшін Overwrite existing file (Бар файлды қайта жазу) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
Бейнефильмдерді қысқарту
Бейнефильмдердің ұзақтығы кемінде екі секунд болуы керек. Жад картасындағы бос орын жеткіліксіз болса, көшірме сақталмайды.
Көшірмелердің жасалу уақыты мен күні түпнұсқамен бірдей болады.
Бастапқы немесе соңғы түсірілген бөлікті жою
Бейнефильмнен тек бастапқы түсірілген бөлікті жою үшін 6-қадамда L (Z/Q) түймешігін баспай 7-қадамға өтіңіз. Тек соңғы түсірілген бөлікті жою үшін 4-қадамда End point (Аяқталу нүктесі) параметрін таңдаңыз, соңғы кадрды таңдаңыз және 6-қадамда L (Z/Q) түймешігін баспай 7-қадамға өтіңіз.
Өңдеу мәзірі
Бейнефильмдерді өңдеу мәзіріндегі Trim movie (Бейнефильмді қысқарту) параметрін пайдаланып та өңдеуге болады (0 Trim movie (Бейнефильмді қысқарту)).
Таңдалған кадрларды сақтау
Таңдалған кадрдың көшірмесін JPEG пішіміндегі сурет ретінде сақтау үшін:
-
Бейнефильмді қажет кадрда кідіртіңіз.
Бейнефильмді «Бейнефильмдерді қарау» (0 Бейнефильмдерді қарау) бөлімінде сипатталғандай ойнатыңыз, ойнатуды бастау және жалғастыру үшін мульти селектордың ортасын басыңыз және кідірту үшін 3 түймешігін басыңыз. Көшіру керек кадрда бейнефильмді кідіртіңіз.
-
Save current frame (Ағымдағы кадрды сақтау) пәрменін таңдаңыз.
Ағымдағы кадрдың JPEG пішіміндегі көшірмесін жасау үшін i немесе J түймешігін басыңыз, содан кейін Save current frame (Ағымдағы кадрды сақтау) пәрменін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз. Кескін бейнефильм түсіру мәзіріндегі Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) параметрі үшін таңдалған өлшемдерде жазылады (0 Кадр өлшемі, кадр жылдамдығы және бейнефильм сапасы).
Save Current Frame (Ағымдағы кадрды сақтау)
Save current frame (Ағымдағы кадрды сақтау) параметрімен жасалған JPEG пішіміндегі бейнефильм суреттерін өңдеу мүмкін емес. JPEG пішіміндегі бейнефильм суреттерінде фотосурет туралы мәліметтің кейбір санаттары болмайды (0 Фотосурет туралы мәлімет).