i түймешігін пайдалану
Төменде тізілген параметрлерге тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру кезінде i түймешігін басу арқылы қатынасуға болады. Сенсорлық экранды пайдаланыңыз немесе мульти селектор мен J түймешігін пайдаланып мәзірді шарлаңыз, элементтерді белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін, параметрлерді көру үшін 2 түймешігін және белгіленген параметрді таңдау және i түймешігінің мәзіріне оралу үшін J түймешігін басыңыз. Суретке түсіру дисплейінен шығу үшін i түймешігін қайтадан басыңыз.
- Бөлінген экран көрінісін масштабтау
- Silent Live View Photography (Дыбыссыз тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру)
- Негатив дигитайзері
Бөлінген экран көрінісін масштабтау
Тікелей көрініс арқылы фотосурет түсірудің i түймешігі мәзірінде Split-screen display zoom (Бөлінген экран көрінісін масштабтау) параметрін таңдау дисплейді кадрдың бөлек аумақтарын жоғары масштабтау арақатынасымен қатар көрсететін екі терезеге бөледі. Ұлғайтылған аумақтардың орындары шарлау терезесінде көрсетіледі.
X және W (M) түймешіктерін ұлғайту және кішірейту үшін пайдаланыңыз немесе L (Z/Q) түймешігін жолақты таңдау үшін пайдаланыңыз және таңдалған аумақта солға немесе оңға жүгірту үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. 1 немесе 3 түймешігін басу аумақтардың екеуін де бір уақытта жоғары немесе төмен жүгіртеді. Таңдалған аумақ ортасындағы нысанды фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Бөлінген экран дисплейінен шығу үшін i түймешігін басыңыз.
Silent Live View Photography (Дыбыссыз тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру)
Тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру кезінде ысырма дыбыстарын өшіру үшін i түймешігін басып, Silent live view photography (Дыбыссыз тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру) үшін On (Mode 1) (Қосулы (1-режим)) немесе On (Mode 2) (Қосулы (2-режим)) мәнін таңдаңыз.
Silent Live View Photography (Дыбыссыз тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру)
Бірнеше экспозиция арқылы фотосурет түсіру (0 Multiple exposure (Бірнеше экспозиция)) және ұзақ экспозицияда бұрмалануды азайту өшірілген (0 Long exposure NR (Ұзақ экспозиция БА)) және жарқылды пайдалану мүмкін емес. Үздіксіз суретке түсіру режимдерінде фокус пен экспозиция әр қатардағы бірінші түсірілімге арналған мәндерде бекітіледі. Флюоресцентті, сынап газ разрядты немесе натрий газ разрядты шамдардың астында жыпылықтау немесе жолақтар көрінуі (жыпылықтау мен жолақтарды азайту туралы ақпаратты бейнефильм түсіру мәзірінің Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) параметрі туралы бөлімде қараңыз, 0 Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту)), ал қозғалыстағы нысандар бұрмаланып көрінуі мүмкін, әсіресе фотокамера көлденеңінен панорамаланса немесе нысан кадр арқылы жоғары жылдамдықпен қозғалса. Кертілген шеттер, түсті жиек, муар және жарық нүктелер де пайда болуы мүмкін. Жыпылықтаған белгілер және басқа жылтылдайтын жарық көздері жарықтандырған көріністерде, я болмаса нысан импульстық немесе басқа жарық, лездік жарық көзімен қысқаша жарықтандырылғанда жарық аймақтар немесе жолақтар пайда болуы мүмкін.
Қалған кадрлар санының орнына суретке түсіруді жалғастыруға болатын уақыт мөлшері көрсетіледі.
Сондай-ақ дыбыссыз тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіруді фотосурет түсіру мәзіріндегі Silent live view photography (Дыбыссыз тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру) параметрін пайдаланып қосуға немесе өшіруге болады (0 Silent live view photography (Дыбыссыз тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру)).
Фотокамераның дыбыстары
Фотокамераның фокусталуының дыбысы, әрі A немесе M режимінде апертураны реттегенде немесе P немесе S режимінде суреттер түсіргенде апертура механизмінің дыбысы естілуі мүмкін.
d11 қолданушы параметрі
Silent live view photography (Дыбыссыз тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру) үшін On (Mode 1) (Қосулы (1-режим)) таңдалған кезде d11 (Live view in continuous mode (Үздіксіз режимдегі тікелей көрініс), 0 Live view in continuous mode (Үздіксіз режимдегі тікелей көрініс)) қолданушы параметрі үшін On күйі таңдалған болса, ысырма босатылғанда монитор қысқа уақытқа күңгірттенеді, содан кейін суретті көрсетуге оралады. On (Mode 2) (Қосулы (2-режим)) таңдалған болса, суреттер түсірілген кезде көрсетілмейді; оның орнына сурет түсірілгенде мониторда C белгішесі көрсетіледі (қатарынан түсіру режимінде фотосурет түсіру кезінде бұл белгіше жыпылықтайды).
«On (Mode 2) (Қосулы (2-режим))»
Төмендегі экспозиция параметрлерін On (Mode 2) (Қосулы (2-режим)) таңдалғанда реттеуге болады:
Апертура | Ысырма жылдамдығы | ISO sensitivity (ISO сезімталдық) 3 | |
---|---|---|---|
P, S 1 | ー | ー | ー |
A | ー | ー | |
M | 2 |
S режимінің экспозициясы P режимінікіне тең.
1/30 с және 1/8000 с арасындағы жылдамдықтардан таңдаңыз.
M режимінде ISO сезімталдықты Lo 1 - 25600 арасындағы мәндерге қолмен орнатуға болады немесе оны фотокамера автоматты түрде реттеуі мүмкін. Басқа экспозиция режимдерінде ISO сезімталдықты фотокамера автоматты түрде реттейді.
Экспозиция түзетілімін экспозицияны ±3 ЭМ дейін өзгерту үшін пайдалануға болады. Экспозицияны мониторда алдын-ала қарауға болады. J түймешігін басқанда таңдалған және өлшенген экспозиция мәндері арасындағы айырмашылықты көрсететін экспозиция индикаторы (0 Экспозиция индикаторлары) көрсетіледі; бұл индикаторды жасыру үшін J түймешігін қайтадан басыңыз.
On (Mode 2) (Қосулы (2-режим)) параметрін фотокамераның кейбір мүмкіндіктерімен, соның ішінде икемді бағдарлама (0 Икемді бағдарлама), брекетинг (0 Брекетинг), Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) (0 Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting)), HDR (жоғары динамикалық ауқым; 0 Жоғары динамикалық ауқым (HDR)), виньеттеуді басқару (0 Vignette control (Виньеттеуді басқару)), бұрмалануды автоматты басқару (0 Auto distortion control (Бұрмалануды автоматты басқару)), экспозицияны кешіктіру режимі (0 Exposure delay mode (Экспозицияны кешіктіру режимі)) және Clarity (Анықтық) Picture Control параметрі (0 Picture Control параметрлері) мүмкіндіктерімен бірге пайдалану мүмкін емес. Фотосурет түсіру мəзірінде Secondary slot function (Қосымша ұяшық функциясы) үшін RAW primary - JPEG secondary (RAW негізгі - JPEG қосымша) таңдалған болса, JPEG пішіміндегі кескіндер ұяшықтардың екеуіндегі де карталарға жазылады.
«On (Mode 2) (Қосулы (2-режим))» және фотосурет туралы мәлімет
Silent live view photography (Дыбыссыз тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру) үшін On (Mode 2) (Қосулы (2-режим)) таңдалып және ақ түс балансы v (автоматты) режиміне орнатылып түсірілген суреттер үшін фотосурет туралы мәліметте түс температурасы болмайды (0 Түсірілген сурет деректері).
Негатив дигитайзері
Пленка негативтерінің көшірмелерінің позитивтерін жазу үшін i түймешігін басыңыз және Negative digitizer (Негатив дигитайзері) үшін Color negatives (Түсті негативтер) немесе Monochrome negatives (Монохромды негативтер) мәнін таңдаңыз.
-
Негативтерді өрнегі жоқ ақ немесе сұр фонның алдына қойыңыз.
AF-S Micro NIKKOR 60 мм f/2.8G ED немесе басқа Micro объективін және табиғи жарықты немесе жарық қорабы я CRI (түсті көрсету индексі) жоғары флюоресцентті шам сияқты Ra (түсті көрсету индексі) жоғары жасанды жарық көзін пайдалану ұсынылады.
-
Тікелей көріністе i түймешігін басыңыз, Negative digitizer (Негатив дигитайзері) параметрін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз.
Дисплейдегі түстердің реті өзгертіледі. Жарқыл режимі s деп автоматты түрде орнатылады; жарқылды пайдалану үшін басқа жарқыл режимін таңдаңыз.
-
Пленка түрін таңдаңыз.
Color negatives (Түсті негативтер) немесе Monochrome negatives (Монохромды негативтер) параметрін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
-
Түсірілімді пленка негативінің кадры түсірілетіндей жиектеңіз.
-
Экспозицияны реттеңіз.
Жарықтықты реттеу параметрлерін көрсету үшін J түймешігін басыңыз және экспозицияны реттеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. Нысанды жоғарырақ ұлғайту мәнімен көру үшін X түймешігін басыңыз (0 Тікелей көрініс масштабын алдын-ала қарау). Жалғастыру үшін J түймешігін басыңыз.
-
Фотосурет түсіріңіз.
Фотосурет түсіру және JPEG пішімінде сақтау үшін ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз.
Негатив дигитайзері
Шаңды, сызаттарды немесе өңсізденген пленкаға байланысты біркелкі емес түстерді түзету опциялары қолжетімді емес. Кескін сапасы үшін таңдалған параметрге қарамастан, фотосуреттер JPEG пішімінде сақталады; JPEG параметрі таңдалып түсірілген фотосуреттер таңдалған параметрде сақталадаы, ал NEF (RAW) немесе TIFF (RGB) таңдалып түсірілген фотосуреттер JPEG fine (JPEG сапалы) пішімінде сақталады. Кейбір мәзір элементтері және мүмкіндіктер, соның ішінде брекетинг және фокусты жылжыту, қолжетімсіз. Экспозиция режимі A деп орнатылған және мұны өзгерту мүмкін емес.