Автоэкспозиция (АЭ) құлпы
Автоэкспозиция құлпын экспозицияны өлшеу үшін ортасы бойынша өлшеуді және нүктелі экспоөлшегішті (0 Өлшеу) пайдаланғаннан кейін фотосуреттерді қайта жиектеу үшін пайдаланыңыз.
-
Экспозицияны құлыптаңыз.
Нысанды таңдалған фокустау нүктесіне орналастырып, ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Ысырманы босату түймешігі жартылай басып және нысан фокустау нүктесінде орналастырып, экспозицияны құлыптау үшін қосымша селектордың ортасын басыңыз (автофокусты пайдаланып жатсаңыз, I фокустау күйінің индикаторы көріністапқышта көрсетілгеніне көз жеткізіңіз).
Экспозиция құлпы қосулы кезде AE-L индикаторы көріністапқышта көрсетіледі.
-
Фотосуретті қайта жиектеңіз.
Қосымша селектордың ортасын басып тұрып фотосуретті қайта жиектеңіз және суретке түсіріңіз.
Нүктелі экспоөлшегіш
Нүктелі экспоөлшегіште экспозиция таңдалған фокустау нүктесінде өлшенген мәнде құлыпталады (0 Өлшеу).
Ысырма жылдамдығы мен апертураны реттеу
Экспозиция құлпы қосулы кезде келесі параметрлерді экспозицияға арналған өлшенген мәнді өзгертпестен реттеуге болады:
Экспозиция режимі | Параметр |
---|---|
P | Ысырма жылдамдығы мен апертура (икемді бағдарлама; 0 Икемді бағдарлама) |
S | Ысырма жылдамдығы |
A | Апертура |
Жаңа мәндерді көріністапқыш пен басқару панелінде растауға болады. Экспозиция құлпы қосылып тұрғанда өлшеу әдісін өзгерту мүмкін емес екенін ескеріңіз.
Сонымен қатар, келесіні қараңыз
Экспозицияны құлыптау үшін ысырманы босату түймешігін пайдалану туралы ақпаратты A > c1 (Shutter-release button AE-L (Ысырманы босату түймешігі АЭ-Қ), 0 Shutter-release button AE-L (Ысырманы босату түймешігі АЭ-Қ)) қолданушы параметрінен қараңыз. On (half press) (Қосулы (жартылай басу)) таңдалған болса, ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде экспозиция құлыпталады.