Орын деректері
GP-1/GP-1A GPS құрылғысын (бөлек сатылады) фотокамераның 10-өзекті қашықтан басқару жалғағышына (0 Басқа керек-жарақтар) GP-1/GP-1A GPS құрылғысымен бірге қамтамасыз етілген кабельді пайдаланып қосуға болады. Бұл фотосуреттерді түсіргенде фотокамераның ағымдағы орны туралы ақпаратты жазып алуға және фотосурет туралы мәлімет дисплейінде көруге мүмкіндік береді (0 Фотосурет туралы мәлімет). GP-1/ GP-1A GPS құрылғысын қосу алдында фотокамераны өшіріңіз; қосымша ақпаратты GP-1/GP-1A нұсқаулығынан қараңыз.
Баптау мәзірінің параметрлері
Баптау мәзіріндегі Location data (Орын деректері) элементінде төменде көрсетілген параметрлер бар.
- Position (Орын): ағымдағы ендік, бойлық, биіктік және әмбебап үйлестірілетін уақыт (UTC).
-
External GPS device options (Сыртқы GPS құрылғысының параметрлері) > Standby timer (Күту режимінің таймері): GPS құрылғы орнатылған кезде күту режимінің таймерін қосу-қоспауды таңдаңыз.
- External GPS device options (Сыртқы GPS құрылғысының параметрлері) > Set clock from satellite (Сағатты жерсеріктен орнату): фотокамера сағатын GPS құрылғы хабарлаған уақытпен синхрондау үшін Yes (Иә) жауабын таңдаңыз.
o белгішесі
Байланыс күйі o белгішесімен көрсетіледі:
- o (статикалық): орын деректері алынды.
- o (жыпылықтауда): GP-1/GP-1A сигналды іздеуде. Белгіше жыпылықтап тұрғанда түсірілген суреттерде орын деректері болмайды.
- Белгішесіз: кемінде екі секунд бойы GP-1/GP-1A GPS құрылғысынан жаңа орын деректері алынбаған. o белгішесі көрсетілмей тұрғанда түсірілген суреттерде орын деректері болмайды.
Смарт құрылғылар
Смарт құрылғыдан орын деректерін жүктеу және оны келесі фотосуреттерге ендіру үшін сымсыз байланысты орнатыңыз, SnapBridge қолданбасында орын деректерін қосыңыз және фотокамераның баптау мәзірінде Location data (Орын деректері) > Download from smart device (Смарт құрылғыдан жүктеу) үшін Yes (Иә) жауабын таңдаңыз (0 Location data (Орын деректері)).
Әмбебап үйлестірілетін уақыт (UTC)
UTC деректері GPS құрылғысы арқылы беріледі және фотокамера сағатына бағынбайды.