Фотокамера мәзірлері: шолу
Суретке түсіру, ойнату және баптау параметрлерінің көпшілігіне фотокамера мәзірлерінен қатынасуға болады. Мәзірлерді көру үшін G түймешігін басыңыз.
1 | Қойындылар |
---|---|
2 |
Мәзір параметрлері Ағымдағы мәзір ішіндегі параметрлер. |
3 | Ағымдағы параметрлер белгішелермен көрсетілген. |
4 | Жүгірткі ағымдағы мәзір ішіндегі орынды көрсетеді. |
5 | Анықтама белгішесі (0 d (Анықтама) белгішесі) |
Қойындылар
Келесі мәзірлердің арасынан таңдаңыз:
- D: Playback (Ойнату) (0 D Playback Menu (Ойнату мәзірі): кескіндерді басқару)
- C: Фотосурет түсіру (0 C Photo Shooting Menu (Фотосурет түсіру мәзірі): суретке түсіру параметрлері)
- 1: Бейнефильм түсіру (0 1 Movie Shooting Menu (Бейнефильм түсіру мәзірі): бейнефильм түсіру параметрлері)
- A: Қолданушы параметрлері (0 A Қолданушы параметрлері: фотокамера параметрлерін дәл реттеу)
- B: Баптау (0 B Баптау мәзірі: фотокамераны баптау)
- N: Retouch (Өңдеу) (0 N Retouch Menu (Өңдеу мәзірі): өңделген көшірмелерді жасау)
- O/m: MY MENU (МЕНІҢ МӘЗІРІМ) немесе RECENT SETTINGS (ЖАҚЫНДАҒЫ ПАРАМЕТРЛЕР) (әдепкі мәні MY MENU (МЕНІҢ МӘЗІРІМ); 0 O Менің мәзірім/m Соңғы параметрлер)
Фотокамера мәзірлерін пайдалану
Мәзірдің басқару элементтері
Мәзірлерді сенсорлық экран арқылы немесе мульти селектор мен J түймешігін пайдаланып шарлауға болады.
Мульти селектор
Белгіленген элементті таңдау
d (Анықтама) белгішесі
Егер d белгішесі монитордың төменгі сол жақ бұрышында көрсетілсе, қазіргі уақытта таңдалған параметрді немесе мәзірді L (Z/Q) түймешігін басу арқылы көрсетуге болады. Дисплей арқылы жүгіртіп қарау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. Мәзірлерге оралу үшін L (Z/Q) түймешігін қайтадан басыңыз.
Мәзірлерді шарлау
Мәзірлерді шарлау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
-
Мәзірлерді көрсетіңіз.
Мәзірлерді көрсету үшін G түймешігін басыңыз.
-
Ағымдағы мәзірдің белгішесін белгілеңіз.
Ағымдағы мәзірдің белгішесін белгілеу үшін 4 түймешігін басыңыз.
-
Мәзірді таңдаңыз.
Қажетті мәзірді таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз.
-
Меңзерді таңдалған мәзірге қойыңыз.
Меңзерді таңдалған мәзірге қою үшін 2 түймешігін басыңыз.
-
Мәзір элементін белгілеңіз.
Мәзір элементін белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз.
-
Параметрлерді көрсетіңіз.
Таңдалған мәзір элементіне арналған параметрлерді көрсету үшін 2 түймешігін басыңыз.
-
Параметрді белгілеңіз.
Параметрді белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз.
-
Белгіленген элементті таңдаңыз.
Белгіленген элементті таңдау үшін J түймешігін басыңыз. Таңдау жасамай шығу үшін G түймешігін басыңыз.
Келесілерді ескеріңіз:
- Сұр түспен көрсетілетін мәзір элементтері қазіргі уақытта қолжетімді емес.
- 2 түймешігін немесе мульти селектордың ортасын басу әдетте J түймешігін басумен бірдей әсер бергенімен, кейбір элементтерді таңдауды тек J түймешігін басу арқылы жасауға болады.
- Мәзірлерден шығып, суретке түсіру режиміне оралу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
Сенсорлық экранды пайдалану
Сондай-ақ мәзірлерді сенсорлық экрандағы келесі әрекеттер арқылы шарлауға болады.
Жүгірту
Жүгірту үшін жоғары немесе төмен сырғытыңыз.
Мәзірді таңдау
Мәзірді таңдау үшін мәзір белгішесін түртіңіз.
Параметрлерді таңдау/параметрлерді реттеу
Параметрлерді көрсету үшін мәзір элементтерін нұқыңыз және өзгерту үшін белгішелерді немесе жүгірткілерді нұқыңыз. Параметрлерді өзгертусіз шығу үшін Z белгішесін нұқыңыз.