D850 келесі кескін сапасының параметрлерін қолдайды.

Кескін сапасы T түймешігін басу және қажетті параметр басқару панелінде көрсетілгенше басты басқару дискін бұрау арқылы орнатылады.

T түймешігі

Басты басқару дискі

JPEG сығымдалуы

Жұлдызша («») бар кескін сапасының параметрлері ең жоғары сапаны қамтамасыз етуге арналған сығымдалуды пайдаланады; файлдардың өлшемі көрініске қарай өзгеріп отырады. Жұлдызшасыз параметрлер кішірек файлдарды жасауға арналған сығымдалу түрін пайдаланады; жазылатын көрініске қарамастан файлдардың өлшемі шамамен бірдей болады.

NEF+JPEG

NEF (RAW) + JPEG параметрлерімен түсірілген фотосуреттер фотокамерада тек бір жад картасы салынғанда көрілген жағдайда, тек JPEG пішіміндегі кескін көрсетіледі. Екі көшірме де бір жад картасына жазылған болса, екі көшірме де фотосурет жойылғанда өшіріледі. Егер Secondary slot function (Қосымша ұяшықтың функциясы) > RAW primary - JPEG secondary (RAW негізгі - JPEG қосымша) параметрін пайдаланып JPEG пішіміндегі көшірме бөлек жад картасына жазылса, әр көшірмені бөлек жою керек.

Кескін сапасы мәзірі

Кескін сапасын фотосурет түсіру мәзіріндегі Image quality (Кескін сапасы) параметрін пайдалану арқылы да реттеуге болады (0 Image quality (Кескін сапасы)).

Сонымен қатар, келесіні қараңыз

Кескін сапасының және өлшемінің әр түрлі параметрлерінде сақтауға болатын суреттердің саны туралы ақпаратты «Жад картасының сыйымдылығы» (0 Жад картасының сыйымдылығы) бөлімінде қараңыз.

NEF (RAW) Compression (NEF (RAW) сығымдалуы)

NEF (RAW) пішіміндегі кескіндер үшін сығымдалу түрін таңдау үшін фотосурет түсіру мәзірінде NEF (RAW) recording (NEF (RAW) жазу) > NEF (RAW) compression (NEF (RAW) сығымдалуы) тармағын белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

NEF (RAW) Bit Depth (NEF (RAW) түс қалыңдығы)

NEF (RAW) пішіміндегі кескіндер үшін түс қалыңдығын таңдау үшін фотосурет түсіру мәзірінде NEF (RAW) recording (NEF (RAW) жазу) > NEF (RAW) bit depth (NEF (RAW) түс қалыңдығы) тармағын белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

NEF (RAW) пішіміндегі кескіндер

NEF (RAW) пішіміндегі кескіндердің JPEG көшірмелерін NX Studio немесе басқа бағдарламалық жасақтаманы я болмаса өңдеу мәзіріндегі NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) параметрін пайдаланып жасауға болады (0 NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу)).