Негізгі реттеу
Мәзірлер бірінші рет көрсетілгенде баптау мәзіріндегі тіл параметрі автоматты түрде белгіленеді. Тілді таңдаңыз және фотокамера сағатын орнатыңыз.
-
Фотокамераны қосыңыз.
-
Баптау мәзірінде Language (Тіл) параметрін таңдаңыз.
Фотокамера мәзірлерін көрсету үшін G түймешігін басыңыз, содан кейін баптау мәзірінде Language (Тіл) параметрін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз. Мәзірлерді пайдалану туралы ақпаратты «Фотокамера мәзірлерін пайдалану» (0 Фотокамера мәзірлерін пайдалану) бөлімінен қараңыз.
-
Тілді таңдаңыз.
Қажетті тілді белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және J түймешігін басыңыз.
-
Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн) параметрін таңдаңыз.
Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн) параметрін таңдап, 2 түймешігін басыңыз.
-
Уақыт белдеуін орнатыңыз.
Time zone (Уақыт белдеуі) параметрін таңдап, 2 түймешігін басыңыз. Жергілікті уақыт белдеуін белгілеу үшін 4 немесе 2 түймешігін басып (UTC (Әмбебап үйлестірілетін уақыт) өрісі таңдалған уақыт белдеуі мен әмбебап үйлестірілетін уақыт арасындағы айырмашылықты сағаттар түрінде көрсетеді), J түймешігін басыңыз.
-
Жазғы уақытты қосыңыз немесе өшіріңіз.
Daylight saving time (Жазғы уақыт) параметрін таңдап, 2 түймешігін басыңыз. Әдепкі бойынша жазғы уақыт өшірулі болады; жергілікті уақыт белдеуінде жазғы уақыт қолданыста болса, On (Қосулы) күйін белгілеу үшін 1 түймешігін басып, J түймешігін басыңыз.
-
Күн мен уақытты орнатыңыз.
Date and time (Күн мен уақыт) параметрін таңдап, 2 түймешігін басыңыз. Элементті таңдау үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз, өзгерту үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. Сағат ағымдағы күн мен уақытқа орнатылғанда J түймешігін басыңыз (фотокамерада 24 сағаттық сағат пішімі пайдаланылатынын ескеріңіз).
-
Күн пішімін орнатыңыз.
Date format (Күн пішімі) параметрін таңдап, 2 түймешігін басыңыз. Жыл, ай және күн қай ретпен көрсетілетінін таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басып, J түймешігін басыңыз.
-
Суретке түсіру режиміне шығыңыз.
Суретке түсіру режиміне шығу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
SnapBridge арқылы смарт құрылғыларға қосылу
Фотокамерадан суреттерді жүктеп алу немесе фотокамераны қашықтан басқару үшін смарт құрылғыңызға SnapBridge қолданбасын орнатыңыз. Қосымша ақпаратты жинақтағы SnapBridge Байланыс нұсқаулығы (сандық айналы фотокамераларға арналған) құжатында қараңыз.