Экспозиция түзетілімі
Жалпы алғанда, оң мәндер нысанды жарығырақ, ал теріс мәндер оны күңгірттеу етеді. Ол ортасы бойынша өлшеумен немесе нүктелі экспоөлшегішпен бірге пайдаланылған кезде ең тиімді (0 Өлшеу). –5 ЭМ (жарық көзінде кем ұстау) және +5 ЖМ (жарық көзінде артық ұстау) арасындағы мәндерден 1/3 ЭМ артуларымен таңдаңыз. Экспозиция түзетілімі экспозицияны фотокамера ұсынған мәнінен өзгерту үшін пайдаланылады, бұл суреттерді бұрынғыдан жарығырақ немесе күңгірттеу етеді.
Экспозиция түзетілімі үшін бір мән таңдау үшін E түймешігін басып, қажет мән көріністапқышта немесе басқару панелінде көрсетілгенше басты басқару дискін бұраңыз.
±0,0-ден басқа мәндерде экспозиция индикаторларының ортасында 0 жыпылықтайды (M экспозиция режимін қоспағанда) және E түймешігін босатқаннан кейін көріністапқышта және басқару панелінде E белгішесі көрсетіледі. Экспозиция түзетілімінің ағымдағы мәнін экспозиция индикаторында E түймешігін басып растауға болады.
Қалыпты экспозицияны экспозиция түзетілімін ±0,0 мәніне орнату арқылы қалпына келтіруге болады. Экспозиция түзетілімі фотокамера өшірілген кезде қалпына келмейді.
M экспозиция режимі
M экспозиция режимінде экспозицияны түзетілімі тек экспозиция индикаторына ғана әсер етеді; ысырма жылдамдығы мен апертура өзгермейді.
Жарқылды пайдалану
Жарқыл пайдаланылса, экспозиция түзетілімі жарқыл деңгейіне де, экспозицияға да əсер етіп, негізгі нысанның да, артқы фонның да жарықтығын өзгертеді. e3 (Exposure comp. for flash (Жарқыл үшін экспозиция түзетілімі), 0 Exposure Comp. for Flash (Жарқылға арналған экспозиция түзетілімі)) қолданушы параметрін экспозиция түзетілімінің əсерлерін тек артқы фонмен шектеу үшін пайдалануға болады.
Сонымен қатар, келесіні қараңыз
Мына туралы ақпарат алу үшін:
- Экспозиция түзетілімі үшін қол жетімді артулардың өлшемін таңдау, A > b3 (Exp./flash comp. step value (Экспозиция/жарқыл түзетілімі қадамының мəні), 0 Exp./flash comp. step value (Экспозиция/жарқыл түзетілімі қадамының мəні)).
- E түймешігін баспастан экспозиция түзетілімін реттеу, A > b4 (Easy exposure compensation (Оңай экспозиция түзетілімі), 0 Easy exposure compensation (Оңай экспозиция түзетілімі)) қолданушы параметрін қараңыз.
- Экспозицияның, жарқыл деңгейінің, ақ түс балансының немесе Қосылған D-Lighting функциясының автоматты түрде өзгеруі, «Брекетинг» (0 Брекетинг) бөлімін қараңыз.