Picture Control режимдері
Picture Control режимін таңдау
Нысанға немесе көрініс түріне қарай Picture Control режимін таңдаңыз.
-
L (Z/Q) түймешігін басыңыз.
Picture Control режимдерінің тізімі көрсетіледі.
-
Picture Control режимін таңдаңыз.
Қажетті Picture Control режимін белгілеп, J түймешігін басыңыз.
Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдері
Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдері фотосурет немесе бейнефильм түсіру мәзіріндегі Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару) параметрін пайдаланып, бар Picture Control режимдерін өзгерту арқылы жасалады (0 Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару), Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару)). Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдерін бір үлгідегі басқа фотокамералар мен үйлесімді бағдарламалық жасақтама арасында ортақ пайдалану үшін жад картасына сақтауға болады.
Picture Control индикаторы
Ағымдағы Picture Control R түймешігі басылғанда ақпараттық дисплейде көрсетіледі.
Суретке түсіру мәзірлері
Сондай-ақ Picture Control режимдерін фотосурет немесе бейнефильм түсіру мәзіріндегі Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) параметрін пайдаланып таңдауға болады (0 Set Picture Control (Picture Control режимін орнату), Set Picture Control (Picture Control режимін орнату)).
Picture Control режимдерін өзгерту
Бар алдын-ала енгізілген және қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдерін (0 Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдері) көрініске немесе пайдаланушының жасампаз мақсатына сәйкес келетін етіп өзгертуге болады. Quick adjust (Жылдам реттеу) көмегімен баптаулардың теңгерілген тіркесімін таңдаңыз немесе жеке параметрлерді қолмен реттеңіз.
-
Picture Control режимін таңдаңыз.
Керекті Picture Control режимін Picture Control тізімінде (0 Picture Control режимін таңдау) белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
-
Параметрлерді реттеңіз.
Қажетті параметрді белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және 1 артуларымен мәнді таңдау үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз, я болмаса, 0,25 артуларымен мәнді таңдау үшін қосымша басқару дискін бұраңыз (0 Picture Control параметрлері; қолжетімді параметрлер таңдалған Picture Control режиміне қарай өзгеріп отырады). Осы қадамды барлық баптаулар реттелгенше қайталаңыз немесе Quick adjust (Жылдам реттеу) пәрменін белгілеу және 4 немесе 2 түймешігін басу арқылы параметрлердің алдын-ала орнатылған тіркесімін таңдаңыз. Әдепкі параметрлерді O (Q) түймешігін басып қалпына келтіруге болады.
-
J түймешігін басыңыз.
Бастапқы Picture Control режимдерін өзгерту
Әдепкі параметрлерден өзгертілген Picture Control режимдері Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) мәзірінде жұлдызшамен («U») көрсетіледі.
Picture Control параметрлері
Quick adjust (Жылдам реттеу)
Таңдалған Picture Control режимінің әсерін өшіру немесе арттыру (бұл барлық қолмен реттелетін реттеулерді ысыратынын ескеріңіз). Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдерінде қолжетімсіз (0 Қолданушы тарапынан реттелетін Picture Control режимдері).
Қолмен жасалатын реттеулер
«n Auto (Автоматты)» Picture Control режимі
Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) үшін n Auto (Автоматты) режимі таңдалған болса, параметрлерді A-2 - A+2 ауқымында реттеуге болады. Қосымша басқару дискін айналдырудың әсері болмайды.
«A» (Автоматты)
Автоматты анық ету, анықтық, контраст және қанығуы нәтижелері экспозицияға және нысанның кадрдағы күйіне қарай әр түрлі болады. Ең жақсы нәтиже алу үшін G, E немесе D объективін пайдаланыңыз.
Қол режимі және автоматты режим арасында ауысу
Анық ету, анықтық, контраст және қанығуы үшін қол режимі және автоматты (A) параметрлер арасында ауысу үшін X түймешігін басыңыз.
Алдыңғы параметрлер
Picture Control параметрі мәзірінде көрсетілген мәннің астындағы j индикаторы параметрдің алдыңғы мәнін білдіреді. Бұны параметрлерді реттеген кезде анықтама ретінде пайдаланыңыз.
Сүзгі əсерлері (тек монохромды)
Осы мәзірдегі параметрлер монохромды фотосуреттердегі түс сүзгілерінің әсеріне еліктейді. Мына сүзгі әсерлері қолжетімді:
Параметр | Сипаттама | |
---|---|---|
Y | Сары | Контрастты күшейтеді. Пейзаж фотосуреттерінде аспанның жарықтығының реңкін азайту үшін пайдалануға болады. Сарғылт түс сарыға, ал қызыл түс сарғылтқа қарағанда көбірек контраст береді. |
O | Сарғылт | |
R | Қызыл | |
G | Жасыл | Тері реңктерін жұмсартады. Портреттер үшін пайдалануға болады. |
Реңк беру (тек монохромды)
Toning (Реңк беру) таңдалған кезде 3 түймешігі басылса, қанығуы параметрлері көрсетіледі. Қанығуын реттеу үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. B&W (қара және ақ түс) таңдалған кезде қанығуын басқару қолжетімді емес.
Сенсорлық басқару элементтері
Бұл индикаторды түрткенде Picture Control параметрлерін реттеу үшін пайдалануға болатын сенсорлық басқару элементтері көрсетіледі.