Кең бұрышты объективтер арқылы түсірілген фотосуреттердегі бөшке іспеттес бұрмалануды азайту және ұзын объективтер арқылы түсірілген фотосуреттердегі жастық іспетті бұрмалануды азайту үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз (көріністапқышта көрініп тұратын аумақ жиектерінің ақырғы фотосуретте кесілген күйде болуы және жазудан бұрын фотосуреттерді өңдеуге қажетті уақыттың көбеюі мүмкін екенін ескеріңіз). Бұл параметр бейнефильмдерге қолданылмайды және G, E және D түріндегі объективтерде ғана қол жетімді (PC, балық көзі түріндегі объектив және кейбір қосылмаған басқа объективтер); басқа объективтерді пайдаланған кезде нәтижелерге кепілдік берілмейді. DX объективтерінде бұрмалануды автоматты басқаруды пайдалану алдында Auto DX crop (Автоматты DX кесу) параметрі үшін On (Қосулы) күйін таңдаңыз немесе DX (24×16) кескін аумағын таңдаңыз; басқа параметрлерді таңдау қатты кесілген фотосуреттерге немесе жиектері қатты бұрмаланған фотосуреттерге әкеледі (0 Image Area (Кескін аумағы)).

Өңдеу: бұрмалануды басқару

Бөшке іспеттес бұрмалануды және жастық іспетті бұрмалануды азайтып бар фотосуреттердің көшірмелерін жасау туралы ақпарат алу үшін «Бұрмалануды басқару» (0 Distortion Control (Бұрмалануды басқару)) бөлімін қараңыз.

C Фотосурет түсіру мәзірі: суретке түсіру параметрлері

Photo shooting menu bank (Фотосурет түсіру мәзірінің жинағы) Extended photo menu banks (Фотосурет мәзірінің кеңейтілген жинақтары) Storage folder (Сақтау қалтасы) File naming (Файл атаулары) Primary slot selection (Негізгі ұяшықты таңдау) Secondary slot function (Қосымша ұяшықтың функциясы) Flash control (Жарқылды басқару) Image area (Кескін аумағы) Image quality (Кескін сапасы) Image size (Кескін өлшемі) NEF (RAW) recording (NEF (RAW) жазу) ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері) White balance (Ақ түс балансы) Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару) Color space (Түс кеңістігі) Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) Long exposure NR (Ұзақ экспозиция БА) High ISO NR (Жоғары ISO БА) Vignette control (Виньеттеуді басқару) Auto distortion control (Бұрмалануды автоматты басқару) Flicker reduction (Жыпылықтауды азайту) Auto bracketing set (Брекетингті автоматты түрде орнату) Multiple exposure (Бірнеше экспозиция) HDR (high dynamic range) (HDR (жоғары динамикалық ауқым)) Interval timer shooting (Аралықты реттейтін таймер арқылы түсіру) Focus shift shooting (Фокусты жылжыту арқылы суретке түсіру) Silent live view photography (Дыбыссыз тікелей көрініс арқылы фотосурет түсіру)