Келесі ISO сезімталдық параметрлерін реттеңіз.

  • Maximum sensitivity (Максималды сезімталдық): ISO 200 және Hi 2 арасындағы мәндерден ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару үшін жоғарғы шекті таңдаңыз. ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару P, S және A экспозиция режимдерінде әрі M экспозиция режимінде Auto ISO control (mode M) (ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару (M режимі)) үшін On (Қосулы) күйі таңдалғанда пайдаланылады.
  • Auto ISO control (mode M) (ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару (М режимі)): M экспозиция режимінде ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару үшін On (Қосулы) күйін, ISO sensitivity (mode M) (ISO сезімталдық (M режимі)) үшін таңдалған мәнді пайдалану үшін Off (Өшірулі) күйін таңдаңыз.
  • ISO sensitivity (mode M) (ISO сезімталдық (М режимі)): ISO 64 және Hi 2 арасындағы мәндерден M экспозиция режимі үшін ISO сезімталдықты таңдаңыз. Басқа экспозиция режимдерінде ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару пайдаланылады.

Auto ISO Sensitivity Control (ISO сезімталдықты автоматты түрде басқару)

Жоғары ISO сезімталдықтарында фотокамера үшін фокустау қиын болуы мүмкін және бұрмалану (кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер, түстердің әркелкілігі немесе сызықтар) көбеюі мүмкін. Мұны ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері) > Maximum sensitivity (Максималды сезімталдық) үшін төменірек мәнді таңдау арқылы болдырмауға болады.