On (Қосулы) күйі таңдалған болса, Auto image rotation (Кескінді автоматты түрде айналдыру) параметрі үшін On (Қосулы) күйі таңдалып түсірілген «тік» (портреттік бағдардағы) суреттер мониторда көрсету үшін автоматты түрде айналдырылады. Auto image rotation (Кескінді автоматты түрде айналдыру) үшін Off (Өшірулі) күйі таңдалып түсірілген суреттер «кең» (пейзаждық бағдар) түрде көрсетіледі. Фотокамера суретке түсіру кезінде тиісті бағдарда болатындықтан, кескінді тексере қарау кезінде кескіндердің автоматты түрде бұрылмайтынын ескеріңіз.