Өңделген көшірмелерді бастапқы фотосуреттермен салыстырыңыз. Бұл параметр өңдеу мәзірі көшірмені немесе түпнұсқаны толық өлшемде көрсету, содан кейін (a) J түймешігін басып тұру және 2 түймешігін басу немесе (b) i түймешігін басу және Retouch (Өңдеу) пәрменін таңдау арқылы көрсетілген болса ғана қолжетімді.

  1. Суретті таңдаңыз.

    Өңделген көшірмені (& белгішесі арқылы көрсетіледі) немесе өңделген түпнұсқаны таңдаңыз.

  2. Өңдеу параметрлерін көрсетіңіз.

    J түймешігін басып, ұстап тұрып 2 түймешігін басыңыз немесе i түймешігін басып, Retouch (Өңдеу) пәрменін таңдаңыз.

  3. Side-by-side comparison (Қатар қойып салыстыру) пәрменін таңдаңыз.

    Side-by-side comparison (Қатар қойып салыстыру) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз.

  4. Көшірмені бастапқы суретпен салыстырыңыз.

    Бастапқы кескін сол жақта, өңделген көшірме оң жақта, ал көшірме жасау үшін пайдаланылған параметрлер дисплейдің жоғарғы жағында көрсетіледі. Бастапқы кескін және өңделген көшірме арасында ауысу үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. Белгіленген суретті толық өлшемде қарау үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз. Егер көшірме Image overlay (Кескін үстіне қабаттау) параметрін пайдаланып екі бастапқы кескіннен жасалса немесе түпнұсқа бірнеше рет көшірілсе, басқа бастапқы кескінді көру үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. Қарау режиміне шығу үшін K түймешігін басыңыз немесе белгіленген кескінді таңдап, қарау режиміне шығу үшін J түймешігін басыңыз.

    Көшірме жасау үшін қолданылатын параметрлер

    Бастапқы кескін Өңделген көшірме

Side-by-Side Comparison (Қатар қойып салыстыру)

Көшірме қорғалған, я болмаса жойылған немесе жасырылған фотосуреттен жасалған болса, бастапқы кескін көрсетілмейді (0 Қорғалған және жасырын кескіндер).