Үлгі кескінге қарап монитордың түс балансын реттеу үшін мульти селекторды төменде көрсетілгендей пайдаланыңыз. Үлгі кескін — соңғы түсірілген фотосурет немесе ойнату режимінде, соңғы көрсетілген фотосурет; басқа кескінді таңдау үшін W (M) түймешігін басыңыз және сурет нобайлары тізімінен кескінді таңдаңыз (белгіленген кескіндерді толық өлшемде көру үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз). Егер жад картасында фотосуреттер болмаса, үлгі кескіннің орнына сұр жиегі бар бос кадр көрсетіледі. Реттеулер аяқталғанда шығу үшін J түймешігін басыңыз. Монитордың түс балансы тек мәзірлерге, ойнатуға, әрі тікелей көрініс кезінде көрсетілетін объектив көрінісіне қолданылады; фотокамерамен түсірілген суреттерге әсер етілмейді.

1 Жасыл түс көлемін көбейту
2 Көк түс көлемін көбейту
3 Қою қызыл түс көлемін көбейту
4 Сары түстің көлемін көбейту

B Баптау мәзірі: фотокамераны баптау

Format memory card (Жад картасын пішімдеу) Language (Тіл) Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн) Monitor brightness (Монитор жарықтығы) Monitor color balance (Монитордың түс балансы) Virtual horizon (Виртуалды көкжиек) Information display (Ақпараттық дисплей) AF fine-tune (АФ дәл реттеу) Non-CPU lens data (Микропроцессормен жабдықталмаған объектив деректері) Clean image sensor (Кескін сенсорын тазалау) Lock mirror up for cleaning (Тазалау үшін айнаны көтерілген күйде құлыптау) Image Dust Off ref photo (Кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық фотосуреті) Image comment (Кескін туралы аңғартпа) Copyright information (Авторлық құқық туралы ақпарат) Beep options (Дыбыстық сигнал параметрлері) Touch controls (Сенсорлық басқару элементтері) HDMI Location data (Орын деректері) Wireless remote (WR) options (Сымсыз қашықтан басқару (WR) параметрлері) Assign remote (WR) Fn button (Қашықтан басқару (WR) Fn түймешігін тағайындау) Airplane mode (Ұшақ режимі) Connect to smart device (Смарт құрылғыға қосылу) Send to smart device (auto) (Смарт құрылғыға жіберу (автоматты)) Wi-Fi Bluetooth Network (Желі) Eye-Fi upload (Eye-Fi картасына жүктеу) Conformity marking (Сәйкестік таңбасы) MB-D18 battery type (MB-D18 батареясының түрі) Battery order (Батареялардың реті) Battery info (Батарея туралы мәлімет) Slot empty release lock (Ұяшық бос кезде босату құлпы) Save/load settings (Параметрлерді сақтау/жүктеу) Reset all settings (Барлық параметрлерді қалпына келтіру) Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы)