NX Studio бағдарламасында кескіндегі тозаң іздерін кетіру параметрі үшін анықтамалық деректерді алу. Кескіндегі тозаң іздерін кетіру NEF (RAW) суреттерін фотокамераның кескін сенсорының алдына жабысқан шаңнан туындаған әсерлерді азайту үшін өңдейді. Қосымша ақпаратты NX Studio онлайн анықтамасынан қараңыз. Кескіндегі тозаң іздерін кетіруді шағын немесе орташа өлшемді NEF (RAW) пішіміндегі кескіндерде пайдалану мүмкін емес.

Image Dust Off ref photo (Кескіндегі тозаң іздерін кетіруге арналған сурет үлгісі) фотокамераға кірістірілген микропроцессоры бар объектив бекітілген кезде ғана қол жетімді болады. Фокустық қашықтығы кемінде 50 мм DX емес объектив ұсынылады. Масштабтау объективін пайдаланған кезде максималды ұлғайтуды орнатыңыз.

  1. Бастау параметрін таңдаңыз.

    Келесі параметрлердің біреуін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін алмай шығу үшін G түймешігін басыңыз.

    • Start (Бастау): көріністапқыш және басқару панелі дисплейлерінде хабар және «rEF» жазуы көрсетіледі.
    • Clean sensor and then start (Сенсорды тазалау, содан кейін бастау): осы параметрді кескін сенсорын жұмысты бастамай тұрып тазалау үшін таңдаңыз. Тазалау аяқталғанда көріністапқыш және басқару панелі дисплейлерінде хабар және «rEF» жазуы көрсетіледі.

  2. Біркелкі ақ түсті нысанды көріністапқыштағы жақтау ішіне алыңыз.

    Объективті жарығы жақсы, біркелкі ақ түсті нысаннан он сантиметрдей қашықтықта орналастырып, көріністапқыштағы жақтау ішіне тек нысанның өзін алыңыз, содан кейін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.

    Автофокус режимінде, фокус шексіздікке өздігінен орнатылады; қолмен реттелетін фокус режимінде, фокусты шексіздікке қолмен орнатыңыз.

  3. Шаң-тозаңды кетіру анықтамалық деректерін алыңыз.

    Кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін алу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Ысырманы босату түймешігі басылғанда монитор өшеді.

    Анықтамалық нысан тым жарық немесе тым күңгірт болса, фотокамера кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін ала алмауы мүмкін және хабар көрсетіледі. Басқа анықтамалық нысанды таңдаңыз және процесті 1-қадамнан бастап қайталаңыз.

Кескін сенсорын тазалау

Кескін сенсорын тазалау орындалмай тұрып жазылған кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін кескін сенсорын тазалау орындалғаннан кейін түсірілген фотосуреттерде пайдалану мүмкін емес. Clean sensor and then start (Сенсорды тазалау, содан кейін бастау) параметрін кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректері бар фотосуреттерде пайдаланылмайтын болса ғана таңдаңыз.

Кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректері

Ұқсас анықтамалық деректерді басқа обьектив немесе басқа апертураны қолданып түсірген фотосуреттерде пайдалануға болады. Анықтамалық кескіндерді компьютерлік кескіндерді өңдеу бағдарламалық жасақтамасын пайдаланып көру мүмкін емес. Анықтамалық кескіндерді фотокамерада қараған кезде координаттық тор көрсетіледі.

B Баптау мәзірі: фотокамераны баптау

Format memory card (Жад картасын пішімдеу) Language (Тіл) Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн) Monitor brightness (Монитор жарықтығы) Monitor color balance (Монитордың түс балансы) Virtual horizon (Виртуалды көкжиек) Information display (Ақпараттық дисплей) AF fine-tune (АФ дәл реттеу) Non-CPU lens data (Микропроцессормен жабдықталмаған объектив деректері) Clean image sensor (Кескін сенсорын тазалау) Lock mirror up for cleaning (Тазалау үшін айнаны көтерілген күйде құлыптау) Image Dust Off ref photo (Кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық фотосуреті) Image comment (Кескін туралы аңғартпа) Copyright information (Авторлық құқық туралы ақпарат) Beep options (Дыбыстық сигнал параметрлері) Touch controls (Сенсорлық басқару элементтері) HDMI Location data (Орын деректері) Wireless remote (WR) options (Сымсыз қашықтан басқару (WR) параметрлері) Assign remote (WR) Fn button (Қашықтан басқару (WR) Fn түймешігін тағайындау) Airplane mode (Ұшақ режимі) Connect to smart device (Смарт құрылғыға қосылу) Send to smart device (auto) (Смарт құрылғыға жіберу (автоматты)) Wi-Fi Bluetooth Network (Желі) Eye-Fi upload (Eye-Fi картасына жүктеу) Conformity marking (Сәйкестік таңбасы) MB-D18 battery type (MB-D18 батареясының түрі) Battery order (Батареялардың реті) Battery info (Батарея туралы мәлімет) Slot empty release lock (Ұяшық бос кезде босату құлпы) Save/load settings (Параметрлерді сақтау/жүктеу) Reset all settings (Барлық параметрлерді қалпына келтіру) Firmware version (Бағдарлама жасақтамасының нұсқасы)