Көріністапқышпен фотосурет түсіру үшін AF-C таңдалғанда бұл параметр автофокустың нысанға дейін қашықтықтың өзгерістеріне қалай реттелетінін басқарады.

Blocked Shot AF Response (Блокталған түсірілімнің АФ жауабы)

Нысан мен фотокамера арасында бірдеңе өткенде фокус қаншалықты жылдам жауап беретінін таңдаңыз. 5 (Delayed (Кешіктірілген)) және 1 (Quick (Жылдам)) арасындағы мәндерден таңдаңыз. Мән неғұрлым жоғарырақ болса, жауап соғұрлым баяуырақ болады және бастапқы нысандағы фокусты жоғалту ықтималдығы соғұрлым азырақ болады. Мән неғұрлым төменірек болса, жауап соғұрлым жылдамырақ болады және көру аяңыздан өтетін нысандарға фокусты жылжыту соғұрлым оңайырақ болады. АФ аумағының режимі ретінде 3D бақылау немесе АФ аумағын автоматты түрде таңдау таңдалғанда 2 және 1 (Quick (Жылдам)) мәндері 3 мәніне баламалы екенін ескеріңіз.

Subject Motion (Нысан қозғалысы)

Фотокамераға бірқалыпты жылдамдықпен жақындап келе жатқан нысандарды фотосуретке түсіргенде біркелкі фокустау үшін Steady (Тұрақты) параметрін немесе кенет қозғалатын және тоқтайтын нысандарды фотосуретке түсіргенде реакцияны жақсарту үшін Erratic (Тұрақты емес) параметрін таңдаңыз.

A Қолданушы параметрлері: фотокамера параметрлерін дәл реттеу

a: Autofocus (Автофокус)

b: Metering/exposure (Өлшеу/экспозиция)

c: Timers/AE lock (Таймерлер/АЭ құлпы)

d: Shooting/display (Суретке түсіру/дисплей)

e: Bracketing/flash (Брекетинг/жарқыл)

f: Controls (Басқару элементтері)

g: Movie (Бейнефильм)