Бұл параметрді фотокамера таңдаған экспозиция мәнін дәл реттеу үшін пайдаланыңыз. Әрбір өлшеу әдісі үшін экспозицияны +1 және –1 ЭМ аралығынан 1/6 ЭМ қадамдарымен бөлек дәл өлшеуге болады.

Экспозицияны дәл реттеу

Экспозицияны әр қолданушы параметрлерінің жиынтығы үшін бөлек дәл реттеуге болады және оған екі түймешікті басу арқылы қалпына келтіру әсер етпейді. Экспозиция түзетілімі (E) белгішесі көрсетілмегендіктен, экспозиция қаншалықты өзгертілгенін анықтаудың жалғыз жолы дәл реттеу мәзірінде мөлшерді көру екенін ескеріңіз.

A Қолданушы параметрлері: фотокамера параметрлерін дәл реттеу

a: Autofocus (Автофокус)

b: Metering/exposure (Өлшеу/экспозиция)

c: Timers/AE lock (Таймерлер/АЭ құлпы)

d: Shooting/display (Суретке түсіру/дисплей)

e: Bracketing/flash (Брекетинг/жарқыл)

f: Controls (Басқару элементтері)

g: Movie (Бейнефильм)