Сурет түсірілген кезде фотокамера файл атын соңғы файл нөміріне бір санын қосу арқылы жасайды. Бұл параметр жаңа қалта жасалған, жад картасы пішімделген немесе жаңа жад картасы фотокамераға салынған кезде, файлдарды нөмірлеу соңғы қолданылған саннан бастап жалғаса ма, соны басқарады.

File Number Sequence (Файл нөмірлерінің реттілігі)

Ағымдағы қалта 999 нөмірлі болса және құрамында 5000 сурет немесе 9999 нөмірлі фотосурет болса, ысырманы босату түймешігі ажыратылады және қосымша суреттер түсірілмейді (бұған қоса, фотокамера ұзақтығы максималды бейнефильмді жазу үшін керек файлдардың саны 5000-нан астам файлды қамтитын қалтаға немесе нөмірі 9999-дан асатын файлға әкелетінін есептесе, бейнефильмді жазу өшірілуі мүмкін). d7 (File number sequence (Файл нөмірлерінің реттілігі)) қолданушы параметрі үшін Reset (Қалпына келтіру) пәрменін таңдаңыз, содан кейін ағымдағы жад картасын пішімдеңіз немесе жаңа жад картасын салыңыз.

A Қолданушы параметрлері: фотокамера параметрлерін дәл реттеу

a: Autofocus (Автофокус)

b: Metering/exposure (Өлшеу/экспозиция)

c: Timers/AE lock (Таймерлер/АЭ құлпы)

d: Shooting/display (Суретке түсіру/дисплей)

e: Bracketing/flash (Брекетинг/жарқыл)

f: Controls (Басқару элементтері)

g: Movie (Бейнефильм)