Бұл бөлімде фотокамераның әртүрлі басқару элементтерін және дисплейлерін пайдалану әдісі берілген.

Көріністапқыш

Көзді көріністапқышқа жақындатқанда көз сенсоры белсендіріліп, дисплей монитордан көріністапқышқа ауыстырылады (көз сенсоры саусақтарыңыз сияқты басқа нысандарға да реакция көрсететінін ескеріңіз). Қажет болса, көріністапқышты мәзірлер және қарау үшін пайдалануға болады.

Көз сенсоры

Диоптрияны реттеу тетігі

Көріністапқышты фокустау үшін диоптрияны реттеу тетігін көтеріңіз және айналдырыңыз. Көзге саусақтарды немесе тырнақтарды кіргізіп алмаңыз. Фокус қанағаттанарлықтай реттелгеннен кейін басқару элементін қайтадан ішіне итеріңіз.

Ұзақ пайдалану

Көріністапқышты ұзақ уақыт бойы пайдаланғанда d8 (Apply settings to live view (Тікелей көрініске параметрлерді қолдану)) қолданушы параметрі үшін Off (Өшірулі) күйін таңдау арқылы көру ыңғайлы болуы үшін көріністапқыш жарықтығын және реңкін реттеуге болады.

Монитор режимі түймешігі

Көріністапқыш пен монитор дисплейлері арасында келесідей ауысу үшін монитор режимі түймешігін басыңыз.

Дисплейлер арасында келесідей ауысу үшін монитор режимі түймешігін басыңыз.

  • Automatic display switch (Дисплейді автоматты ауыстыру): көзіңізді көріністапқышқа жақындатқанда дисплей монитордан көріністапқышқа, ал көзіңізді алыстатқанда көріністапқыштан мониторға ауысады.

  • Viewfinder only (Тек көріністапқыш): көріністапқыш суретке түсіру, мәзірлер және қарау үшін пайдаланылады; монитор бос болып қалады.

  • Monitor only (Тек монитор): монитор суретке түсіру, мәзірлер және қарау үшін пайдаланылады; тіпті көріністапқышқа көзіңізді жақындатсаңыз да көріністапқыш дисплейі бос болып қалады.

  • Prioritize viewfinder (Көріністапқышты басым ету): фотокамера бар сандық айналы фотокамераларға ұқсас жұмыс істейді. Көріністапқышқа көзіңізді жақындату көріністапқышты қосады және көзді алыстату көріністапқышты өшіреді. Фотосурет режимінде монитор бос күйде қалады, ал бейнефильм режимінде, ойнату кезінде немесе мәзірлер көрсетіліп тұрғанда монитор көзіңізді көріністапқыштан алыстатқанда қосылады.

Монитор режимі

Таңдау үшін қолжетімді монитор режимдерін баптау мәзіріндегі Limit monitor mode selection (Монитор режимін таңдауды шектеу) параметрін пайдаланып шектеуге болады.

Сенсорлық басқару элементтері

Сенсорлық мониторды фотокамера параметрлерін реттеу, фокустау және ысырманы босату, фотосуреттер мен бейнефильмдерді көру, мәтін енгізу және мәзірлерді шарлау үшін пайдалануға болады. Көріністапқыш пайдаланылып жатқанда сенсорлық басқару элементтері қолжетімді емес.

Ысырманы фокустау және босату

Таңдалған нүктені фокустау үшін мониторды түртіңіз (сенсорлы АФ). Фотосурет режимінде ысырма саусақты дисплейден көтергенде босатылады (сенсорлы қосылатын ысырма).

Сенсорлы АФ параметрлерін W белгішесін түрту арқылы реттеуге болады (0 Сенсорлы қосылатын ысырма).

Параметрлерді реттеу

Дисплейде белгіленген параметрлерді нұқыңыз және белгішелерді немесе жүгірткілерді нұқу арқылы қалаған параметрді таңдаңыз. Таңдалған параметрді таңдау және алдыңғы дисплейге оралу үшін Z пәрменін нұқыңыз немесе J түймешігін басыңыз.

Ойнату

Толық өлшемде қарау кезінде басқа суреттерді көру үшін солға немесе оңға қарай шертіңіз.

Толық өлшемді көріністе дисплейдің төменгі жағын түртсеңіз, кадрдың ілгерілеу жолағы көрсетіледі. Басқа суреттерге тез жүгірту үшін саусақты жолақ үстінде солға немесе оңға сырғытыңыз.

Кадрдың ілгерілеу жолағы

Ұлғайту және кішірейту үшін созу және шымшу қимылдарын пайдаланыңыз және жүгірту үшін сырғытыңыз. Сондай-ақ, толық өлшемде қараудан ұлғайту немесе масштабтауды болдырмау үшін дисплейді екі рет жылдам нұқуға болады.

Сурет нобайлары көрінісіне «кішірейту» үшін толық өлшемде қарауда шымшу қимылын пайдаланыңыз. Көрсетілетін кескіндер санын 4, 9 және 72 кадр арасынан таңдау үшін шымшуды және созуды пайдаланыңыз.

Бейнефильм қарау

Бейнефильмді ойнатуды бастау үшін экрандық нұсқаулықты нұқыңыз (бейнефильмдер 1 белгішесімен көрсетіледі). Кідірту немесе жалғастыру үшін дисплейді түртіңіз немесе толық өлшемде қарауға шығу үшін Z түймешігін нұқыңыз.

Анықтама

i мәзірі

Суретке түсіру кезінде i мәзірін көрсету үшін i белгішесін нұқыңыз (0 i түймешігі (i белгішесі), i түймешігі).

Параметрлерді көру үшін элементтерді нұқыңыз.

Мәтін енгізу

Пернетақта көрсетілгенде пернелерді нұқу арқылы мәтін енгізуге (жоғарғы және төменгі регистрлі және таңбалық пернетақталар арасында ауысу үшін пернетақтаны таңдау түймешігін нұқыңыз) немесе мәтінді көрсету аумағында нұқу арқылы жүгіргіні жылжытыңыз.

Мәтінді көрсету аумағы

Пернетақта аумағы

Пернетақтаны таңдау

Жүгірту үшін жоғары немесе төмен сырғытыңыз.

Мәзірді таңдау үшін мәзір белгішесін түртіңіз.

Параметрлерді көрсету үшін мәзір элементтерін нұқыңыз және өзгерту үшін белгішелерді немесе жүгірткілерді нұқыңыз.

Параметрлерді өзгертусіз шығу үшін Z белгішесін нұқыңыз.

Сенсорлық экран

Сенсорлық экран статикалық электр тогына реакция көрсетеді және үшінші тарап қорғағыш пленкаларымен жапқанда, я болмаса, тырнақтармен немесе қолғаптағы қолдармен тигенде немесе бірнеше жерді бір уақытта түрткенде реакция көрсетпеуі мүмкін. Артық күш қолданбаңыз немесе экранға үшкір заттармен тимеңіз.

Сенсорлық басқару элементтерін қосу немесе өшіру

Сенсорлық басқару элементтерін баптау мәзіріндегі Touch controls (Сенсорлық басқару элементтері) параметрін пайдаланып қосуға немесе өшіруге болады (0 Touch Controls (Сенсорлық басқару элементтері)).

DISP түймешігі

DISP түймешігін мониторда немесе көріністапқышта индикаторларды көру немесе жасыру үшін пайдаланыңыз.

фотосурет режимі

Фотосурет режимінде DISP түймешігін басқанда келесі дисплейлер арасында ауысасыз:

Индикаторлар қосулы

Қарапайым дисплей

Гистограмма 1

Виртуалды көкжиек

Ақпараттық дисплей 2

Жарқыл ақпараты 2, 3

Бірнеше экспозиция режимінде d8 (Apply settings to live view (Тікелей көрініске параметрлерді қолдану)) қолданушы параметрі үшін Off (Өшірулі) күйі таңдалғанда немесе Overlay shooting (Үстіне қабаттау арқылы суретке түсіру) үшін On (Қосулы) күйі таңдалғанда көрсетілмейді.

Көріністапқышта көрсетілмейді.

Керек-жарақтарға арналған құрылғыға SB-5000, SB-500, SB-400 немесе SB-300 қосымша жарқыл бөлігі бекітілгенде немесе WR-R10 сымсыз қашықтан басқару бөлігі радио жарқылды басқару арқылы жарқыл бөлігін басқарғанда көрсетіледі.

бейнефильм режимі

Бейнефильм режимінде DISP түймешігін басқанда келесі дисплейлер арасында ауысасыз:

Индикаторлар қосулы

Қарапайым дисплей

Гистограмма

Виртуалды көкжиек

Қосымша селектор

Қосымша селекторды фокустау нүктесін таңдау үшін джойстик ретінде пайдаланыңыз немесе фокусты және экспозицияны құлыптау үшін қосымша селектордың ортасын басыңыз (0 Қосымша селектор, Фокусты және экспозицияны құлыптау).

AF-ON түймешігі

Автофокус режимінде AF-ON түймешігін фокустау үшін пайдалануға болады.

Басқару дискілері

Басқару дискілерін ысырма жылдамдығын немесе апертураны реттеу, я болмаса басқа түймешіктермен бірге фотокамера параметрлерін өзгерту үшін пайдаланыңыз.

Қосымша басқару дискі

Басты басқару дискі

G түймешігі

Мәзірлерді көру үшін G түймешігін басыңыз.

Мәзірлерді пайдалану

Мәзірлерді мульти селекторды және J түймешігін пайдаланып шарлауға болады.

  • 1: Меңзерді жоғары жылжыту
  • 3: Меңзерді төмен жылжыту
  • 4: Белгіленген элементті таңдау немесе қосымша мәзірді көрсету
  • 2: Болдырмау және алдыңғы мәзірге оралу
  • J: Белгіленген элементті таңдау
  1. Ағымдағы мәзірдің белгішесін белгілеңіз.

    Ағымдағы мәзірдің белгішесін белгілеу үшін 4 түймешігін басыңыз.

  2. Мәзірді таңдаңыз.

    Қажетті мәзірді таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз.

  3. Меңзерді таңдалған мәзірге қойыңыз.

    Меңзерді таңдалған мәзірге қою үшін 2 түймешігін басыңыз.

  4. Мәзір элементін белгілеңіз.

    Мәзір элементін белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз (сұр түспен көрсетілген элементтер қазіргі уақытта қолжетімді емес және оларды таңдау мүмкін емес).

  5. Параметрлерді көрсетіңіз.

    Таңдалған мәзір элементіне арналған параметрлерді көрсету үшін 2 түймешігін басыңыз.

  6. Параметрді белгілеңіз.

    Параметрді белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз (сұр түспен көрсетілген параметрлер қазіргі уақытта қолжетімді емес және оларды таңдау мүмкін емес).

  7. Белгіленген элементті таңдаңыз.

    Белгіленген элементті таңдау үшін J түймешігін басыңыз. Таңдау жасамай шығу үшін G түймешігін басыңыз. Мәзірлерден шығып, суретке түсіру режиміне оралу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.

Сондай-ақ мәзірлерді сенсорлық басқару элементтерін пайдаланып шарлауға болады (0 Мәзірлерді шарлау).

d (Анықтама) белгішесі

Дисплейдің төменгі сол жақ бұрышында d белгішесі көрінсе, қазіргі уақытта таңдалған параметрдің немесе мәзірдің сипаттамасын W (Q) түймешігін басу арқылы көруге болады. Мәтінді жүгірту үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз, я болмаса мәзірлерге оралу үшін W (Q) түймешігін қайтадан басыңыз.

i түймешігі (i белгішесі)

Жиі пайдаланылатын параметрлерге тез қатынасу үшін i түймешігін басыңыз немесе дисплейде i белгішесін нұқыңыз.

немесе

Параметрлерді көру үшін қажетті элементті нұқыңыз немесе элементтерді белгілеңіз және J түймешігін басыңыз. Параметрлерді элементтерді белгілеу және басқару дискілерін айналдыру арқылы да реттеуге болады. Фотосурет режимінде көрсетілетін элементтер (0 Фотосурет режимінің i мәзірі) бейнефильм режимінде көрсетілгендерден басқаша (0 Бейнефильм режимінің i мәзірі).

Қарау i мәзірі

Қарау кезінде i түймешігін басу жиі пайдаланылатын қарау параметрлерінің мәтінмәндік мәзірін көрсетеді.

i мәзірін теңшеу

Фотосурет режимінің i мәзірінде көрсетілетін элементтерді f1 (Customize i menu (i мәзірін теңшеу)) қолданушы параметрін пайдаланып таңдауға болады.

  1. f1 қолданушы параметрін таңдаңыз.

    Қолданушы параметрлері мәзірінде f1 (Customize i menu (i мәзірін теңшеу)) қолданушы параметрін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз (мәзірлерді пайдалану туралы қосымша ақпаратты «G түймешігі» бөлімінде қараңыз, 0 G түймешігі).

  2. Орынды таңдаңыз.

    Мәзірде өңдеу керек орынды белгілеп, J түймешігін басыңыз.

  3. Параметрді таңдаңыз.

    Параметрді белгілеп, таңдалған орынға тағайындау үшін J түймешігін басыңыз және 2-қадамда көрсетілген мәзірге оралыңыз. Қажет болса, 2 және 3 қадамдарын қайталаңыз.

  4. Шығыңыз.

    Өзгерістерді сақтау және шығу үшін G түймешігін басыңыз.

i мәзіріне тағайындауға болатын параметрлер

Фотосурет режимі үшін i мәзіріне келесі параметрлерді тағайындауға болады:

  • Choose image area (Кескін аумағын таңдау)
  • Image quality (Кескінін сапасы)
  • Image size (Кескін өлшемі)
  • Exposure compensation (Экспозиция түзетілімі)
  • ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері)
  • White balance (Ақ түс балансы)
  • Set Picture Control (Picture Control режимін орнату)
  • Color space (Түс кеңістігі)
  • Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting)
  • Long exposure NR (Ұзақ эскпозиция БА)
  • High ISO NR (Жоғары ISO БА)
  • Metering (Өлшеу)
  • Flash mode (Жарқыл режимі)
  • Flash compensation (Жарқыл түзетілімі)
  • Focus mode (Фокустау режимі)
  • AF-area mode (АФ аумағының режимі)
  • Vibration reduction (Дірілді азайту)
  • Auto bracketing (Автоматты брекетинг)
  • Multiple exposure (Бірнеше экспозиция)
  • HDR (high dynamic range) (HDR (жоғары динамикалық ауқым))
  • Silent photography (Дыбыссыз фотосурет түсіру)
  • Release mode (Суретке түсіру режимі)
  • Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау)
  • Exposure delay mode (Экспозицияны кешіктіру режимі)
  • Shutter type (Ысырма түрі)
  • Apply settings to live view (Тікелей көрініске параметрлерді қолдану)
  • Split-screen display zoom (Бөлінген экран көрінісін масштабтау)
  • Peaking highlights (Фокусты көрсететін белгіленген тұстар)
  • Monitor/viewfinder brightness (Монитордың/көріністапқыштың жарықтығы)
  • Bluetooth connection (Bluetooth байланысы)
  • Wi-Fi connection (Wi-Fi байланысы)

Бейнефильм режимі i мәзірін g1 (Customize i menu (i мәзірін теңшеу)) қолданушы параметрін пайдаланып теңшеуге болады; қолжетімді параметрлер фотосурет режиміне қолжетімдіден басқаша.

Функция түймешіктері (Fn1 және Fn2)

Сондай-ақ суретке түсіру кезінде таңдалған параметрлерге жылдам қатынасу үшін Fn1 және Fn2 түймешіктерін пайдалануға болады. Бұл түймешіктерге тағайындалған параметрлерді f2 (Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау)) қолданушы параметрі арқылы таңдауға, содан кейін таңдалған параметрді түймешікті басу және басқару дискілерін айналдыру арқылы реттеуге болады. Әдепкі параметрлерде, Fn1 түймешігі ақ түс балансы және Fn2 түймешігі фокусты және АФ аумағының режимдерін таңдау үшін пайдаланылады.

Fn1 түймешігі

Fn2 түймешігі

Функция түймешіктерін теңшеу

Фотосурет режиміндегі функция түймешіктері орындайтын функция f2 (Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау)) қолданушы параметрін пайдаланып таңдалады.

  1. f2 қолданушы параметрін таңдаңыз.

    Қолданушы параметрлері мәзірінде f2 (Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау)) қолданушы параметрін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз (мәзірлерді пайдалану туралы ақпаратты «G түймешігі» бөлімінде қараңыз, 0 G түймешігі).

  2. Түймешікті таңдаңыз.

    Қажетті түймешіктің параметрін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз. Fn1 button (Fn1 түймешігі) параметрін Fn1 түймешігі ойнайтын рөлді таңдау, Fn2 button (Fn2 түймешігі) параметрін Fn2 түймешігі ойнайтын рөлді таңдау үшін таңдаңыз.

  3. Параметрді таңдаңыз.

    Параметрді белгілеп, таңдалған түймешікке тағайындау үшін J түймешігін басыңыз және 2-қадамда көрсетілген мәзірге оралыңыз. Қалған түймешік ойнайтын рөлді таңдау үшін 2 және 3 қадамдарын қайталаңыз.

  4. Шығыңыз.

    Өзгерістерді сақтау және шығу үшін G түймешігін басыңыз.

Функция түймешіктеріне тағайындауға болатын рөлдер

Фотосурет режимінде функция түймешіктеріне келесі рөлдерді тағайындауға болады:

  • AF-ON (АФ-ҚОСУЛЫ)
  • AF lock only (Тек АФ құлпы)
  • AE lock (Hold) (АЭ құлпы (ұстау))
  • AE lock (Reset on release) (АЭ құлпы (босатқанда қалпына келтіру))
  • AE lock only (Тек АЭ құлпы)
  • AE/AF lock (АЭ/АФ құлпы)
  • FV lock (Жарқыл қуатының құлпы)
  • c Disable/enable (c өшіру/қосу)
  • Preview (Алдын ала қарау)
  • Matrix metering (Матрицалық өлшем)
  • Center-weighted metering (Ортасы бойынша өлшеу)
  • Spot metering (Нүктелі экспоөлшегіш)
  • Highlight-weighted metering (Бөлектенгені бойынша өлшеу)
  • Bracketing burst (Қатарынан түсіру брекетингі)
  • Sync. release selection (Синхрондалған босатуды таңдау)
  • + NEF (RAW)
  • Subject tracking (Нысанды бақылау)
  • Framing grid display (Жақтауға алу торын көрсету)
  • Zoom on/off (Масштабтауды қосу/өшіру)
  • MY MENU (МЕНІҢ МӘЗІРІМ)
  • Access top item in MY MENU (МЕНІҢ МӘЗІРІМ ішіндегі жоғарғы элементке қатынасу)
  • Playback (Ойнату)
  • Protect (Қорғау)
  • Choose image area (Кескін аумағын таңдау)
  • Image quality/size (Кескін сапасы/өлшемі)
  • White balance (Ақ түс балансы)
  • Set Picture Control (Picture Control режимін орнату)
  • Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting)
  • Metering (Өлшеу)
  • Flash mode/compensation (Жарқыл режимі/түзетілімі)
  • Focus mode/AF-area mode (Фокустау режимі/АФ аумағының режимі)
  • Auto bracketing (Автоматты брекетинг)
  • Multiple exposure (Бірнеше экспозиция)
  • HDR (high dynamic range) (HDR (жоғары динамикалық ауқым))
  • Exposure delay mode (Экспозицияны кешіктіру режимі)
  • Shutter spd & aperture lock (Ысырма жылдамдығы және апертура құлпы)
  • Peaking highlights (Фокусты көрсететін белгіленген тұстар)
  • Rating (Бағалау)
  • Choose non-CPU lens number (Микропроцессормен жабдықталмаған объектив нөмірін таңдау)
  • None (Жоқ)

Бейнефильм режимінде функция түймешіктері ойнайтын рөлдерді g2 (Custom control assignment (Қолданушы басқару элементін тағайындау)) қолданушы параметрін пайдаланып таңдауға болады; қолжетімді параметрлер фотосурет режимінікінен басқаша.