«Суретке түсіру режимі» ысырманы босату түймешігін басқанда не болатынын анықтайды. Суретке түсіру режимін таңдау үшін c (E) түймешігін ұстап тұрып, басты басқару дискін айналдырыңыз. Қажетті параметр белгіленгенде J түймешігін басыңыз; таңдалған параметр түсіру режимінің дисплейінде және басқару панелінде белгішелер арқылы көрсетіледі.

Монитор

Басқару панелі

Фотосурет режимінде келесі параметрлер қолжетімді.

Параметр Сипаттама
U Single frame (Әр кадр бойынша) Ысырманы босату түймешігі басылған сайын фотокамера бір фотосурет түсіреді.
V Continuous L (Үздіксіз Т) Ысырманы босату түймешігін басып тұрғанда фотокамера секундына 1–5 кадр жазады. Кадр жылдамдығын суретке түсіру мәзірінде Continuous L (Үздіксіз Т) белгіленгенде қосымша басқару дискін айналдыру арқылы таңдауға болады.
W Continuous H (Үздіксіз Ж) Ысырманы босату түймешігін басып тұрғанда фотокамера секундына 5,5 кадрға дейін жазады.
X Continuous H (extended) (Үздіксіз Ж (кеңейтілген)) Ысырманы босату түймешігі басылып тұрғанда фотокамера шамамен секундына 9 кадрға (Z 7) немесе секундына 12 кадрға (Z 6) дейін жазады. Қосымша жарқыл бөліктерін пайдалану мүмкін емес. Жыпылықтауды азайту әсер етпейді.
E Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер) Өздігінен түсіруді реттейтін таймер арқылы суреттер түсіру (0 Өздігінен түсіруді реттейтін таймер).

Түсіру режимінің дисплейі

Үздіксіз төмен жылдамдық және үздіксіз жоғары жылдамдық режимдерінде дисплей тіпті суретке түсіру орындалып жатса да нақты уақытта жаңартылады.

Кадрдың ілгерілеу жылдамдығы

Кадрдың ілгерілеу жылдамдығы фотокамера параметрлеріне қарай өзгеріп отырады. Әртүрлі параметрлердегі жуықталған максималды жылдамдықтар төмендегі кестеде берілген.

Суретке түсіру режимі Кескін сапасы Түс қалыңдығы Дыбыссыз фотосурет түсіру
Өшірулі Қосулы
Continuous L
(Үздіксіз Т)
JPEG/TIFF 5 кадр/сек

Z 7: 4 кадр/сек

Z 6: 4,5 кадр/сек

NEF (RAW)/
NEF (RAW) + JPEG
12
14

Z 7: 3,5 кадр/сек

Z 6: 4 кадр/сек

Continuous H
(Үздіксіз Ж)
JPEG/TIFF 5,5 кадр/сек

Z 7: 4 кадр/сек

Z 6: 4.5 кадр/сек

NEF (RAW)/
NEF (RAW) + JPEG
12
14

Z 7: 5 кадр/сек

Z 6: 5,5 кадр/сек

Z 7: 3,5 кадр/сек

Z 6: 4 кадр/сек

Continuous H
(extended)
(Үздіксіз Ж
(кеңейтілген))
JPEG/TIFF

Z 7: 9 кадр/сек

Z 6: 12 кадр/сек

Z 7: 8 кадр/сек

Z 6: 12 кадр/сек

NEF (RAW)/
NEF (RAW) + JPEG
12
14

Z 7: 8 кадр/сек

Z 6: 9 кадр/сек

Z 7: 6,5 кадр/сек

Z 6: 8 кадр/сек

Continuous H (Extended) (Үздіксіз Ж (кеңейтілген))

Фотокамера параметрлеріне байланысты әрбір қатарынан түсіру кезінде экспозиция ретсіз өзгеріп отыруы мүмкін. Мұны экспозицияны құлыптау арқылы болдырмауға болады (0 Фокусты және экспозицияны құлыптау).

Жад буфері

Фотосуреттер жад картасына сақталып жатқанда фотосуреттер түсіруді жалғастыруға мүмкіндік беру үшін фотокамера уақытша сақтауға арналған жад буферімен жабдықталған. Ысырманы босату түймешігін жартылай басып тұрғанда экспозиция саны дисплейлерінде ағымдағы параметрлерде буферде сақтауға болатын кескіндердің жуықталған саны көрсетіледі.

Монитор

Басқару панелі

Фотосуреттер жад картасына жазылып жатқан кезде жад картасына қатынасу шамы жанады. Суретке түсіру жағдайлары мен жад картасының өнімділігіне байланысты жазу бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылуы мүмкін. Қатынасу шамы өшкенше жад картасын шығармаңыз, я болмаса қуат көзін суырмаңыз немесе ажыратпаңыз. Егер фотокамера буферде деректер қалған кезде өшірілсе, қуат буфердегі барлық кескіндер жазылғанша өшпейді. Егер батарея қуаты буферде кескіндер қалған кезде таусылса, ысырманы босату мүмкіндігі ажыратылады және кескіндер жад картасына тасымалданады.

Бейнефильм режимінде ысырманы босату түймешігін басқанда орындалатын әрекетті таңдауға болады (0 Бейнефильмдер түсіру (b режимі)).

Параметр Сипаттама
U Single frame (Әр кадр бойынша) Ысырманы босату түймешігі басылған сайын фотокамера бір фотосурет түсіреді. Таңдалған параметрге қарамастан әрбір бейнефильмде ең көбі 50 фотосурет түсіруге болады.
c Continuous (Үздіксіз) Ысырманы босату түймешігі басылып тұрғанда фотокамера әр ретте 3 (Z 7) немесе 2 (Z 6) секундқа дейін фотосуреттер түсіреді. Кадр жылдамдығы бейнефильм түсіру мәзірінде Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) үшін таңдалған параметрге қарай өзгеріп отырады. Бейнефильм жазу орындалып жатқанда бір уақытта тек бір фотосуретті түсіруге болады.

Өздігінен түсіруді реттейтін таймер

Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимінде ысырманы босату түймешігін басу таймерді іске қоосады және таймердің мерзімі біткенде фотосурет түсіріледі.

  1. Өздігінен түсіруді реттейтін таймер режимін таңдаңыз.

    c (E) түймешігін басып тұрып, E (өздігінен түсіруді реттейтін таймер) параметрін белгілеу үшін басты басқару дискін айналдырыңыз.

  2. Ысырманы кешіктіріп босатуды таңдаңыз.

    Ысырманы кешіктіріп босатуды таңдау үшін қосымша басқару дискін айналдырыңыз және J түймешігін басыңыз.

  3. Фотосуретті жақтауға алып, фокустаңыз.

    Фокустау режимі ретінде AF-S таңдалған болса, фотокамера фокустай алмаса, таймер іске қосылмайды.

  4. Таймерді іске қосыңыз.

    Таймерді қосу үшін ысырманы босату түймешігін соңына дейін басыңыз. Дисплейде E белгішесі көрінеді және өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы жыпылықтай бастап, фотосурет түсірілуінен екі секунд бұрын тоқтайды.

Бірнеше сурет түсіру

Өздігінен түсіруді реттейтін таймер кері санауды аяқтағанда түсірілетін суреттер санын және түсірілетін суреттер арасындағы аралықты таңдау үшін c2 (Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)) қолданушы параметрін пайдаланыңыз.