Жарқыл режимдері
Жарқыл режимін таңдау үшін фотосурет түсіру мәзіріндегі Flash mode (Жарқыл режимі) параметрін пайдаланыңыз. Қолжетімді параметрлер режимді таңдау дискімен таңдалған режимге байланысты.
Параметр | Сипаттама | Қай режимде қолжетімді | |
---|---|---|---|
I | Fill flash (Толықтырғыш жарқыл) (алдыңғы пердемен синхрондау) |
Жарқыл әрбір түсірілімде жанады. P және A режимдерінде ысырма жылдамдығы 1/200 с (немесе ФЖ жоғары жылдамдықта автоматты синхрондауда 1/8000 с) және 1/60 с арасындағы мәндерге автоматты түрде орнатылады. | b, P, S, A, M |
J | Red-eye reduction (Қызыл көз әсерін азайту) (қызыл көз әсерін азайту) |
Портреттер үшін пайдаланыңыз. Жарқыл әрбір түсірілімде жанады, бірақ ол жанбай тұрып, «қызыл көз» әсерін азайту үшін жарқыл бөлігіндегі немесе фотокамерадағы қызыл көз әсерін азайту шамы жанады (қызыл көз әсерін азайту бар жарқыл бөлігі керек). Қозғалатын нысандар үшін немесе ысырманың жылдам жауабы керек басқа жағдайларда ұсынылмайды. Суретке түсіру кезінде фотокамераны қозғалтпаңыз. | |
K | Slow sync + red-eye (Баяу синхрондау + қызыл көз әсерін азайту) (баяу синхрондау бар қызыл көз әсерін азайту) |
Red-eye reduction (Қызыл көз әсерін азайту) сияқты, бірақ түнде немесе төмен жарықта фондық жарықтандыруды түсіру үшін ысырма жылдамдығы автоматты түрде баяулайды. Портреттерге фондық жарықтандыруды қосқыңыз келгенде пайдаланыңыз. Фотокамера дірілі себеп болған бұлдыратуды болдырмау үшін штативті пайдаланған жөн. | P, A |
L | Slow sync (Баяу синхрондау) (баяу синхрондау) |
Fill flash (Толықтырғыш жарқыл) сияқты, бірақ түнде немесе төмен жарықта фондық жарықтандыруды түсіру үшін ысырма жылдамдығы автоматты түрде баяулайды. Нысанды да, фонды да түсіргіңіз келгенде пайдаланыңыз. Фотокамера дірілі себеп болған бұлдыратуды болдырмау үшін штативті пайдаланған жөн. | |
M | Rear-curtain sync (Артқы пердемен синхрондау) (артқы пердемен синхрондау) |
Жарқыл тура ысырма жабылуы алдында жанып, қозғалатын жарық көздерінің артында жарық ағыны әсерін жасайды. Фотокамера дірілі себеп болған бұлдыратуды болдырмау үшін штативті пайдаланған жөн. Бұл параметрді таңдаудан кейін P немесе A режимін таңдау жарқыл режимін Slow sync (Баяу синхрондау) деп орнатады. Бұл параметрді студиялық жарқыл жүйелерімен бірге пайдалану мүмкін емес екенін ескеріңіз, өйткені дұрыс синхрондауға жету мүмкін болмайды. | P, S, A, M |
s | Flash off (Жарқыл өшірулі) | Жарқыл жанбайды. | b, P, S, A, M |