Мәзірлер бірінші рет көрсетілгенде баптау мәзіріндегі тіл параметрі автоматты түрде белгіленеді. Тілді таңдаңыз және фотокамера сағатын орнатыңыз.

  1. Фотокамераны қосыңыз.

    Қуат ажыратқышын ON күйіне айналдырыңыз.

  2. Баптау мәзірінде Language (Тіл) параметрін таңдаңыз.

    Фотокамера мәзірлерін көрсету үшін G түймешігін басыңыз, содан кейін баптау мәзірінде Language (Тіл) параметрін белгілеңіз және 2 түймешігін басыңыз (мәзірлерді пайдалану туралы ақпаратты «G түймешігі» бөлімінде қараңыз, 0 G түймешігі).

  3. Тілді таңдаңыз.

    Қажетті тілді белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және J түймешігін басыңыз (қолжетімді тілдер фотокамера басында сатып алынған елге немесе аймаққа қарай өзгеріп отырады).

  4. Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн) параметрін таңдаңыз.

    Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн) параметрін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.

  5. Уақыт белдеуін таңдаңыз.

    Time zone (Уақыт белдеуі) параметрін таңдап, ағымдағы уақыт белдеуін таңдаңыз (дисплей таңдалған аймақтағы қалаларды және таңдалған аймақ пен UTC арасындағы айырмашылықты көрсетеді). Өзгертулерді сақтап, уақыт белдеуі мен күн мәзіріне оралу үшін J түймешігін басыңыз.

  6. Жазғы уақытты қосыңыз немесе өшіріңіз.

    Daylight saving time (Жазғы уақыт) параметрін таңдаңыз, содан кейін On (Қосулы) немесе Off (Өшірулі) күйін белгілеңіз және J түймешігін басыңыз. On (Қосулы) параметрін таңдау сағаты бір сағат алға жылжытады.

  7. Сағатты орнатыңыз.

    Date and time (Күн және уақыт) параметрін таңдаңыз және сағатты орнату үшін мульти селекторды пайдаланыңыз. Сағат ағымдағы күн мен уақытқа орнатылғанда J түймешігін басыңыз (фотокамерада 24 сағаттық сағат пішімі пайдаланылатынын ескеріңіз).

  8. Күн пішімін таңдаңыз.

    Жыл, ай және күн қандай ретпен көрсетілетінін таңдау үшін Date format (Күн пішімі) параметрін таңдаңыз, содан кейін қажетті параметрді белгілеп, J түймешігін басыңыз.

  9. Суретке түсіру режиміне шығыңыз.

    Суретке түсіру режиміне шығу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.

t («Сағат орнатылмаған») белгішесі

Фотокамера сағатына негізгі батарея орнатылған болса, қажет кезде зарядталатын тәуелсіз, қайта зарядталатын қуат көзі қуат береді. Екі күн зарядтау сағатқа шамамен бір ай бойы қуат береді. Дисплейде t белгішесі жыпылықтаса, сағат қалпына келтірілген және жаңа фотосуреттерде жазылған күн және уақыт дұрыс болмайды. Сағатты дұрыс уақыт пен күнге орнату үшін баптау мәзіріндегі Time zone and date (Уақыт белдеуі және күн) > Date and time (Күн және уақыт) параметрін пайдаланыңыз (0 Time Zone and Date (Уақыт белдеуі және күн)).

SnapBridge

SnapBridge бағдарламасын фотокамера сағатын смартфондағы немесе планшеттегі (смарт құрылғы) сағатпен синхрондау үшін пайдаланыңыз. Мәліметтерді SnapBridge онлайн анықтамасында қараңыз.