Жақыннан көру: ойнатуды масштабтау
Толық өлшемде қарау кезінде ұлғайту үшін X немесе J түймешігін басыңыз.
Масштабтау қолданылып тұрғанда орындай алатын әрекеттер:
- Ұлғайту немесе кішірейту/кескіннің басқа аумақтарын көру: сәйкесінше үлкен, орташа немесе шағын кескіндер үшін шамамен ең көбі 32 есе, 24 есе немесе 16 есе ұлғайту үшін X түймешігін басыңыз немесе созу қимылдарын пайдаланыңыз (Z 7, я болмаса Z 6 жағдайында, ең көбі шамамен 24×, 18× немесе 12× дейін; барлық цифрлар FX пішімі үшін берілген). Кішірейту үшін W (Q) түймешігін басыңыз немесе шымшу қимылдарын пайдаланыңыз. Фотосурет ұлғайтылған кезде қазіргі уақытта дисплейде көрінбейтін аумақтарды көру үшін мульти селекторды пайдаланыңыз немесе саусақты экран үстінде сырғытыңыз. Кадрдың басқа аумақтарына жылдам өту үшін мульти селекторды басып тұрыңыз. Масштабтау арақатынасы өзгертілгеннен кейін шарлау терезесі бірнеше секунд бойы көрсетіледі; дисплейде қазіргі уақытта көрінетін аумақ сары жиек арқылы көрсетіледі. Шарлау терезесінің астындағы жолақ масштабтау арақатынасын көрсетеді; 1 : 1 арақатынасында жасыл болады.
- Беттерді таңдау: масштабтау кезінде анықталған беттер шарлау терезесінде ақ түсті жиекпен белгіленеді. Басқа беттерді қарау үшін қосымша басқару тетігін бұраңыз немесе экрандық бағыттағышты нұқыңыз.
- Басқа кескіндерді көру: ағымдағы масштабтау арақатынасында басқа фотосуреттерде бірдей орынды көру үшін басты басқару дискін айналдырыңыз, я болмаса дисплейдің төменгі жағындағы e немесе f белгішесін нұқыңыз. Бейнефильм көрсетілген кезде ойнатуды масштабтау тоқтатылады.
- Суретке түсіру режиміне оралу: суретке түсіру режиміне шығу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз немесе K түймешігін басыңыз.
- Мәзірлерді көрсету: мәзірлерді көру үшін G түймешігін басыңыз.