Принтерлерге қосылу
Жинақтағы USB кабельді пайдаланып таңдалған JPEG пішіміндегі кескіндерді тікелей фотокамераға қосылған PictBridge принтерінде басып шығаруға болады. Кабельді қосу кезінде күшті пайдаланбаңыз немесе жалғағыштарды бұрышпен кіргізуге әрекеттенбеңіз.
Фотокамера және принтер қосулы кезде сәлемдесу экраны, содан кейін PictBridge ойнату дисплейі көрсетіледі.
Басып шығарылатын фотосуреттерді таңдау
NEF (RAW) немесе TIFF (RGB) кескін сапасы параметрлерімен жасалған кескіндерді басып шығару үшін таңдау мүмкін емес. NEF (RAW) пішіміндегі кескіндердің JPEG көшірмесін өңдеу мәзіріндегі NEF (RAW) processing (NEF (RAW) өңдеу) параметрін пайдаланып жасауға болады.
Тікелей USB қосылымы арқылы басып шығару
Батарея толығымен зарядталған екеніне көз жеткізіңіз немесе айнымалы ток адаптерін және қуат жалғағышын (бөлек сатылады) пайдаланыңыз. Тікелей USB байланысы арқылы басып шығарылатын фотосуреттерді түсіру кезінде Color space (Түс кеңістігі) параметрін sRGB мәніне орнатыңыз.
Сонымен қатар келесіні қараңыз
Мəзірдің əдепкі параметрлерін «Ойнату мəзірінің əдепкі параметрлері» бөлімінде қараңыз (0 Ойнату мəзірінің əдепкі параметрлері).
Суреттерді бір бірден басып шығару
-
Қажет суретті көрсетіңіз.
Қосымша суреттерді көру үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. Ағымдағы кадрды ұлғайту үшін X түймешігін басыңыз (масштабтаудан шығу үшін K түймешігін басыңыз). Бір уақытта алты суретті көру үшін W (Q) түймешігін басыңыз. Суреттерді белгілеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз немесе белгіленген суретті толық өлшемде көрсету үшін X түймешігін басыңыз.
-
Басып шығару параметрлерін реттеңіз.
Келесі элементтерді көрсету үшін J түймешігін басыңыз, содан кейін элементті белгілеу үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз және параметрлерді көру үшін 2 түймешігін басыңыз (тек ағымдағы принтер қолдайтын параметрлер тізіледі; әдепкі параметрді пайдалану үшін Printer default (Принтердің әдепкі параметрі) параметрін таңдаңыз). Параметрді таңдаудан кейін принтер параметрлері мәзіріне оралу үшін J түймешігін басыңыз.
- Page size (Бет өлшемі): бет өлшемін таңдау.
- No. of copies (Көшірмелер саны): бұл параметр тек суреттер бір бірден басып шығарылғанда көрсетіледі. Көшірмелер санын (ең көбі 99) таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз.
- Border (Жиек): фотосуреттерді ақ жиектермен жақтауға алу керек пе, соны таңдаңыз.
- Print date (Күнді басып шығару): фотосуреттерде жазу күндерін басып шығару-шығармауды таңдаңыз.
- Cropping (Кесу): бұл параметр тек суреттер бір бірден басып шығарылғанда көрсетіледі. Кесусіз шығу үшін No cropping (Кесусіз) параметрі белгілеп, J түймешігін басыңыз. Ағымдағы суретті кесу үшін Crop (Кесу) пәрменін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз. Кесіндіні таңдау тілқатысу терезесі көрсетіледі; кесінді өлшемін арттыру үшін X түймешігін, азайту үшін W (Q) түймешігін басыңыз және кесіндіні орналастыру үшін мульти селекторды пайдаланыңыз. Шағын кесінділер үлкен өлшемдерде басып шығарылса, басып шығару сапасы төмендеуі мүмкін екенін ескеріңіз.
-
Басып шығаруды бастаңыз.
Басып шығаруды бастау үшін Start printing (Басып шығаруды бастау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Барлық көшірмелер басып шығарылмай тұрып басып шығарудан бас тарту үшін J түймешігін басыңыз.
Бірнеше суретті басып шығару
-
PictBridge мәзірін көрсетіңіз.
PictBridge ойнату дисплейінде G түймешігін басыңыз.
-
Параметрді таңдаңыз.
Келесі параметрлердің біреуін белгілеп, 2 түймешігін басыңыз.
- Print select (Басып шығарылатындарды таңдау): басып шығарылатын суреттерді таңдау. Суреттерді жүгірте қарау үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз (белгіленген суретті толық экранда көру үшін X түймешігін басып, ұстап тұрыңыз) және басып шығарулар санын таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз. Суреттен таңдауды алу үшін басып шығарулар санын нөлге орнатыңыз.
- Index print (Сурет нобайлары бар бет): жад картасындағы барлық JPEG суреттерінің сурет нобайлары бар бетін жасау. Жад картасында 256-дан көбірек сурет болса, тек бірінші 256 кескін басып шығарылатынын ескеріңіз. 3-қадамда таңдалған бет өлшемі сурет нобайлары бар бет үшін тым кішкентай болса, ескерту көрсетіледі.
-
Басып шығару параметрлерін реттеңіз.
Принтер параметрлерін «Суреттерді бір бірден басып шығару» (0 Суреттерді бір бірден басып шығару) бөлімінің 2-қадамында сипатталғандай реттеңіз.
-
Басып шығаруды бастаңыз.
Басып шығаруды бастау үшін Start printing (Басып шығаруды бастау) пәрменін белгілеп, J түймешігін басыңыз. Барлық көшірмелер басып шығарылмай тұрып басып шығарудан бас тарту үшін J түймешігін басыңыз.