i мәзірін пайдалану
i мәзірін көрсету үшін i түймешігін басыңыз.
Параметрлерді көру үшін мульти селекторды пайдаланып элементтерді белгілеңіз және J түймешігін басыңыз, содан кейін таңдау және i мәзіріне оралу үшін параметрді белгілеп, J түймешігін басыңыз (параметрлерді өзгертпей алдыңғы дисплейге шығу үшін i түймешігін басыңыз).
Басқару дискілері
Сондай-ақ басты басқару дискін айналдырып параметрді таңдау, содан кейін J түймешігін басу арқылы белгіленген элементтердің параметрлерін реттеуге болады (қолжетімді болса, қосымша параметрлерді қосымша басқару дискін айналдыру арқылы таңдауға болады; кейбір жағдайларда бірдей параметрлерді дискінің біреуін пайдаланып таңдауға болады). Сондай-ақ мульти селектормен басқа элементті белгілесеңіз немесе ысырманы босату түймешігін жартылай бассаңыз ағымдағы параметр таңдалады.