Жарқыл түзетілімі
Жарқыл түзетілімі 1/3 ЭМ қадамдарымен жарқыл шығысын –3 ЭМ мен +1 ЭМ аралығында өзгерту үшін пайдаланылып, басты нысан жарықтығын фонға қатысты өзгертеді. Жарқыл шығысын басты нысанды жарықтау ету үшін арттыруға, сондай-ақ керексіз жарық нүктелерді немесе шағылысқан сәулелерді жою үшін азайтуға болады. Жалпы алғанда, оң мәндерді нысанды бұрынғыдан жарық, ал теріс мәндерді күңгірттеу ету үшін таңдаңыз.
Жарқыл түзетілімінің мәнін таңдау үшін фотосурет түсіру мәзірінде Flash compensation (Жарқыл түзетілімі) элементін таңдаңыз. ±0,0 дегеннен басқа мәндерде дисплейде және басқару панелінде Y белгішесі көрінеді.
Қалыпты жарқыл шығысын жарқыл түзетілімін ±0,0 мәніне орнату арқылы қалпына келтіруге болады. Жарқыл түзетілімі фотокамера өшірілген кезде қалпына келмейді.