Батареяны немесе жад карталарын салу немесе алу алдында фотокамераның қуат ажыратқышы OFF (ӨШІРУЛІ) күйінде екеніне көз жеткізіңіз. Сарғылт батарея ілмегін бір жаққа басып тұру үшін батареяны пайдаланып, батареяны көрсетілген бағытта салыңыз. Батарея толығымен салынғанда ілмек батареяны орнында құлыптайды.

Батарея ілмегі

Жад картасын көрсетілген бағытта ұстап тұрып, орнына «шырт» етіп түскенше тікелей ұяшыққа сырғытыңыз.

Батареяны алу

Батареяны алу үшін фотокамераны өшіріңіз және батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз. Батареяны босату үшін батарея ілмегін көрсеткімен көрсетілген бағытта басыңыз, содан кейін батареяны қолмен алыңыз.

Жад карталарын алу

Жад картасына қатынасу шамы өшірулі екеніне көз жеткізгеннен кейін фотокамераны өшіріңіз, жад картасы ұяшығының қақпағын ашыңыз және шығару үшін картаны ішке басыңыз (q). Содан кейін картаны қолмен алуға болады (w).

Батарея зарядының деңгейі

Батарея зарядының деңгейі фотокамера қосулы кезде түсіру режимінің дисплейінде және басқару панелінде көрсетіледі.

Монитор

Көріністапқыш

Басқару панелі

  • Батарея деңгейі азайғанда, батарея деңгейінің дисплейі L, K, J, I және H аралығында өзгереді. Батарея деңгейі H деңгейіне түскенде, суретке түсіруді уақытша тоқтатыңыз және батареяны зарядтаңыз немесе қосалқы батареяны дайындаңыз.
  • Егер Shutter release disabled. Recharge battery. (Ысырманы босату өшірілген. Батареяны зарядтаңыз.) хабары көрсетілсе, батареяны зарядтаңыз немесе ауыстырыңыз.

Қалған кадрлар саны

Фотокамера қосулы кезде түсіру режимінің дисплейі және басқару панелі ағымдағы параметрлерде түсіруге болатын фотосуреттердің санын көрсетеді (1000-нан асатын мәндер ең жақын жүздікке дейін дөңгелектеледі; мысалы 1400 және 1499 арасындағы мәндер 1.4 k (1,4 мың) деп көрсетіледі).

Монитор

Көріністапқыш

Басқару панелі

Жад карталары

  • Жад карталары пайдаланылғаннан кейін ыстық болуы мүмкін. Жад карталарын фотокамерадан алу кезінде сақ болыңыз.
  • Жад карталарын фотокамераға салған немесе алған кезде фотокамераны өшіріңіз. Пішімдеу барысында немесе деректер жазылып, өшіріліп немесе компьютерге немесе басқа құрылғыға көшіріліп жатқан кезде, жад карталарын фотокамерадан алмаңыз, фотокамераны өшірмеңіз немесе қуат көзін шығармаңыз немесе ажыратпаңыз. Осы сақтық шараларын орындамау деректерді жоғалтуға я болмаса фотокамераның немесе жад картасының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
  • Жад картасының түйіспелеріне саусақпен немесе металл заттармен тимеңіз.
  • Майыстыруға, түсіріп алуға немесе қатты соққылардың әсерін тигізуге болмайды.
  • Жад картасының корпусына күш қолданбаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау жад картасының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
  • Судың, жылудың, ылғалдылықтың жоғары деңгейлерінің немесе күннің тік сәулелері әсеріне ұшыратпаңыз.
  • Жад карталарын компьютерде пішімдемеңіз.

Жад картасы жоқ

Жад картасы салынбаған болса, түсіру режимінің дисплейінде «жад картасы жоқ» индикаторы көрсетіледі және басқару панелінде де, түсіру режимінің дисплейінде де [–E–] көрінеді.