FTZ орнату адаптерінің қолданушы нұсқаулығы
Бұл орнату адаптері Nikon F бекіткіші бар NIKKOR объективтерін Nikon Z бекіткіші бар айнасыз фотокамераларға бекітуге мүмкіндік береді. Оны F бекіткіші бар (Nikon сандық айналы фотокамерасы) немесе 1 бекіткіші бар фотокамераларда (өзара ауыспалы объективтері бар Nikon 1 кеңейтілген фотокамералары) бекіту немесе 1 NIKKOR объективтерімен бірге пайдалану мүмкін емес. Бұл бөлім орнату адаптерін жинағын сатып алушыларға арналған орнату адаптерінің нұсқаулығы ретінде қосылған. Кейбір елдерде немесе аймақтарда орнату адаптері жинақтары қолжетімді болмауы мүмкін екенін ескеріңіз.
Объективке байланысты адаптер автофокусты немесе фотокамераның басқа мүмкіндіктерін шектеуі мүмкін екенін ескеріңіз.
Үйлесімді F бекіткіші бар объективтер
Z бекіткіші бар фотокамераларда пайдалануға арналған FTZ орнату адаптерін бекітуге болатын объективтер туралы ақпаратты Nikon жүктеп алу орталығында қолжетімді Үйлесімді F бекіткіші бар объективтер бөлімінде қараңыз:
https://downloadcenter.nikonimglib.com/kk/products/491/FTZ.html
- Орнату адаптері
- Орнату адаптерін пайдалану
- Пайдалануға қатысты сақтық шаралары
- Адаптерге күтім жасау
- Керек-жарақтар
- Техникалық сипаттамалары
Орнату адаптері
Адаптердің бөліктері
Объектив жиектемесі
1 | Nikon F бекіткіші (объективке жалғанады) |
---|---|
2 | Объективтің сигнал түйіспелері |
3 | Объективті бекіту таңбасы |
4 | Объективті босату |
5 | Штатив ұяшығы |
Фотокамераның бекіткіші
6 | Адаптерді бекіту таңбасы |
---|---|
7 | Nikon Z бекіткіші (фотокамераға жалғанады) |
8 | Микропроцессор түйіспелері |
Жалғау және алу
Фотокамераға адаптерді жалғау немесе алу, я болмаса адаптерге объективтерді жалғау немесе алу алдында фотокамераны өшіріңіз. Тік күн жарығынан аулақ орынды таңдаңыз және құрылғыларға шаңның кіруін болдырмаңыз. Объективтерді жалғау кезінде фотокамераның немесе адаптердің объективті босату түймешігін басып қалмаңыз.
Адаптерді және объективті жалғау
-
Адаптерден корпус және объективтің артқы қақпақтарын және фотокамерадан корпус қақпағын алыңыз.
-
Адаптерді фотокамераға жалғаңыз.
Адаптерді бекіту таңбасын фотокамера корпусындағы бекіту таңбасымен туралап (q), адаптерді фотокамерада орналастырыңыз, содан кейін орнына «шырт» етіп түскенше сағат тіліне қарсы айналдырыңыз (w).
-
Объективтің артқы қақпағын алыңыз.
-
Объективті адаптерге жалғаңыз.
Объективті бекіту таңбасын адаптердегі объективті бекіту таңбасымен туралап (e), объективті адаптерде орналастырыңыз, содан кейін орнына «шырт» етіп түскенше сағат тіліне қарсы айналдырыңыз (r).
Объективті және адаптерді ажырату
-
Объективті ажыратыңыз.
Объективті сағат тілімен бұру кезінде (w) адаптердің объективті босату түймешігін (q) басып, ұстап тұрыңыз. Алғаннан кейін алдыңғы және артқа қақпақтарды объективке жалғаңыз.
-
Адаптерді ажыратыңыз.
Адаптерді сағат тілімен бұру кезінде (r) фотокамераның объективті босату түймешігін (e) басып, ұстап тұрыңыз. Адаптерді алғаннан кейін адаптерге корпус қақпағын және артқы қақпақты және фотокамераға корпус қақпағын жалғаңыз.
Апертура сақиналары бар кірістірілген микропроцессоры бар объективтер
Апертура сақиналарымен жабдықталған кірістірілген микропроцессоры бар объективтерді жалғау алдында ең аз апертураны (ең жоғары f саны) таңдаңыз.
DX объективтері
Z 6 құралына DX объективін бекітілген және бейнефильм түсіру мәзірінде Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/кадр жылдамдығы) үшін 1920 × 1080 120p, 1920 × 1080 100p немесе 1920 × 1080 slow-mo (баяу қозғалыс) таңдалған кезде түсірілген бейнефильмдер келесі кадр өлшемдерімен және жылдамдықтарымен жазылады:
- 1920 × 1080; 120p: 1920 × 1080; 60p
- 1920 × 1080; 100p: 1920 × 1080; 50p
- 1920 × 1080; 30p ×4 (slow-mo (баяу қозғалыс)): 1920 × 1080; 30p
- 1920 × 1080; 25p ×4 (slow-mo (баяу қозғалыс)): 1920 × 1080; 25p
- 1920 × 1080; 24p ×5 (slow-mo (баяу қозғалыс)): 1920 × 1080; 24p
Үйлесімді емес объективтер және керек-жарақтар
Келесі объективтер мен керек-жарақтарды пайдалану мүмкін емес. Осы жабдықтың кез келгенін күшпен жалғауға әрекеттену адаптерді немесе объективті зақымдауы мүмкін. Жеке ауытқу төменде тізілгендерден басқа объективтерді үйлесімді емес етуі мүмкін; объективті жалғауға әрекеттенгенде кедергі болса, күшті пайдаланбаңыз.
- AI емес объективтер
- IX-NIKKOR
- TC-16A AF телескопиялық түрлендіргіші
- AU-1 фокустау құрылғысын талап ететін объективтер (400 мм f/4.5, 600 мм f/5.6, 800 мм f/8, 1200 мм f/11)
- Балық көзі түріндегі объектив (6 мм f/5.6, 7,5 мм f/5.6, 8 мм f/8, OP 10 мм f/5.6)
- 2,1 см f/4
- K2 ұзартатын сақинасы
- 180–600 мм f/8 ED (сериялық нөмірлері 174041–174180)
- 360–1200 мм f/11 ED (сериялық нөмірлері 174031–174127)
- 200–600 мм f/9.5 (сериялық нөмірлері 280001–300490)
- F3AF (AF 80 мм f/2.8, AF 200 мм f/3.5 ED, TC-16 AF телескопиялық түрлендіргіші) арналған AF объективтері
- PC 28 мм f/4 (сериялық нөмірі 180900 немесе ертерек)
- PC 35 мм f/2.8 (сериялық нөмірлері 851001–906200)
- PC 35 мм f/3.5 (ескі түрі)
- Шағылыстырғыш 1000 мм f/6.3 (ескі түрі)
- Сериялық нөмірлері 362000 мәнінен төмен NIKKOR-H Auto 2,8 см f/3.5 (28 мм f/3.5) объективтері
- Сериялық нөмірлері 928000 мәнінен төмен NIKKOR-S Auto 3,5 см f/2.8 (35 мм f/2.8) объективтері
- NIKKOR-S Auto 5 см f/2 (50 мм f/2)
- Сериялық нөмірлері 753000 мәнінен төмен NIKKOR-Q Auto 13,5 см f/3.5 (135 мм f/3.5) объективтері
- Micro-NIKKOR 5,5 см f/3.5
- Medical-NIKKOR Auto 200 мм f/5.6
- Auto NIKKOR Telephoto-Zoom 85–250 мм f/4–4.5
- Auto NIKKOR Telephoto-Zoom 200–600 мм f/9.5–10.5
Орнату адаптерін пайдалану
- Адаптерді F бекіткіші бар NIKKOR объективімен бірге пайдаланғанда автофокус күтілгендей жұмыс істемеуі мүмкін. Фотокамерада фокустау қиындығы болса, АФ аумағының режимін бір нүктелі деп орнатыңыз және орталық фокустау аумағын таңдаңыз немесе қолмен фокустаңыз.
- Кейбір объективтерде фотокамераның дірілді азайту мүмкіндігі күтілгендей жұмыс істемеуі мүмкін, я болмаса виньеттеуді немесе шеткі жарықтандырудың төмендеуін тудыруы мүмкін.
Пайдалануға қатысты сақтық шаралары
- Адаптерді салмағы 1300 г-нан асатын объективтермен бірге пайдаланғанда фотокамераны ұстап тұрғанда объективті тіреңіз және фотокамера бауын пайдаланбаңыз. Бұл сақтық шараларын қолданбау фотокамераның объектив жиектемесін зақымдауы мүмкін.
- Штатив сақинасымен жабдықталған телефото объективтерін пайдаланғанда штативті адаптердің штатив ұяшығына емес, объективтің штатив сақинасына жалғаңыз.
- Микропроцессордың және объективтің сигнал түйіспелерін таза күйде ұстаңыз.
- Адаптерді құрғақ ұстаңыз. Ішкі механизмнің тоттануы жөндеуге келмейтін зақымға әкелуі мүмкін.
- Адаптерді өте ыстық жерлерде қалдыру қатайтылған пластиктен жасалған бөліктерді зақымдауы немесе пішінін өзгертуі мүмкін.
Адаптерге күтім жасау
- Орнату адаптерінің ішіне тимеңіз. Шаңды кетіру үшін ауа үргішті немесе жұмсақ қылшақты пайдаланыңыз. Адаптердің ішін үйкемеңіз немесе оған сызат түсірмеңіз.
- Адаптерді тазалағанда шаң мен түкті кетіру үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, содан кейін адаптерді жұмсақ, құрғақ шүберекпен ақырын сүртіп алыңыз.
- Адаптерді тазалау үшін бояу сұйылтқышы немесе бензин сияқты органикалық еріткіштерді ешқашан пайдаланбаңыз.
- Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, зеңді және тотты болдырмау үшін адаптерді салқын, құрғақ жерде сақтаңыз. Тік күн жарығында, я болмаса, нафта немесе камфара күйеге қарсы шариктерімен бірге сақтамаңыз.
Керек-жарақтар
Жинақтағы керек-жарақтар
- BF-1B корпус қақпағы
- LF-N1 объективтің артқы қақпағы
Техникалық сипаттамалары
Түрі | Орнату адаптері |
---|---|
Қолдау көрсетілетін фотокамералар | Nikon Z бекіткіші бар айнасыз фотокамералар |
Өлшемдер | Диаметрі шамамен 70 мм (шығыңқы жерлерді қоспағанда) × 80 мм |
Салмағы | Шамамен 140 г |
Nikon осы өнімнің сыртқы түрін, техникалық сипаттамаларын және өнімділігін кез келген уақытта және алдын-ала ескертусіз өзгерту құқығын сақтайды.